Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

- Көкпектіде тұрғындардан сүт қабылдау бекеті ашылғанын естігенде қуанышымыз бір тасыған еді. Енді міне, асырап отырған сауын сиырдың сүтін қолма-қол ақшаға өткізіп, тағы бір марқайып жатырмыз. Ауылда тұрған соң мал ұстайды көпшілік. Сол ірі қараның өнімін өткізу мәселесі өзекті. Өнімге сұраныс арта түсетінін ескеріп, болашақта мал басын көбейтуді ойланып жүрмін. Күн сайын сауылған сүтті қолма-қол ақшаға қабылдап жатқаны игілік. Біз үшін, ауыл тұрғындары үшін жасалған жақсылық, - дейді сүт қабылдау бекетінде кезіккен жерлесіміз Елдар Серікқалиев.

 

Преображенка ауылынан келген Елдар 35 литр сүт әкеліп тапсырған. Әр литрын 55 теңгеден есептегенде біршама қаражат. Орташа есеппен айына 60 мың табыс көзі.  Негізінен мал өсірумен айналысатын кез-келген ауыл тұрғыны үшін ауыз толтырып айтарлықтай айлық табыс деген осы. Ал, бұл бір ғана Елдар Серікқалиевтің мысалы. Бізде сүтті бағыттағы ірі қара асырап отырған отбасылар қаншама.

Халықтан сүт қабылдау бекеті аудан орталығында тұрақты жұмысқа кірісіп кетті. Аталмыш сүт қабылдау бекеті Семей қаласындағы «Айша» сүт цехының иесі Марат Қалықовтың үлесіне тиесілі. Туған жерінде игілікті бастама көтерген кәсіпкердің жобасын жергілікті тұрғындардан қабылдауды ұйымдастыратын Қарлығаш Әубәкірова жүзеге асырып отыр. Жолдасы Ерлан қабылданған сүттің сапалық құрамын анықтайтын «Лантан» анализатор аппаратын жетік меңгерген. Сүттің майлық, тығыздық, қосылған сулық құрамын есептеп шығаратын аппарат көрсеткіші нақты. Ресейден әкелінген 3 тонналық заманауи «Fresh milk» сүт сақтағыш құрылғысы халықтан күніне 1,5 тонна сүт жинауға мүмкіндік береді.

– Өндіріске жарамды сүттің сапалық көрсеткіші кемінде 3,6 майлылық болып есептеледі. Кейбір жағдайларда сүт тапсырушы тұрғындардың өнімі қабылданбай жатқаны осы себептен. Жалпы алғанда, аудан көлемінде сапалық құрам жоғарғы деңгейде. Оған биылғы бітік шыққан жайылым мен ауа райының қолайлы болып тұрғаны әсерін тигізеді әрине. Таңғы 6 мен 9 аралығында қабылдау жүргіземіз. Төлемақы қолма-қол ақшамен жүзеге асырылады. Әлі де халықтың белсенділігі анық байқалмайды. Күнделікті жиналатын өнім мөлшері ұлғайса дейміз. Ол үшін тұрғындарға әлі де ақпарат таратып, түсіндіру жүргізу қажет, - дейді Ерлан Әубәкіров.    

Таяуда ғана алғашқы қадамын жасаған жобаның сәтті боларына барлық негіз бар. Шалғайдағы Палатцы, Миролюбовка ауылдарынан өнім жеткізілгенін ескерсек, бастаманың сұранысқа ие екені сөзсіз. Таңсәріден басталған қабылдау үш сағат бойы үздіксіз жалғасты. Сүт өткізушілер қарасы бір сәтке толастар емес. Міне, үлкенбөкендіктердің ізін ала Белое мен Теректіден келген көліктер жетті.

Қабылдау тұрақты жүргізілсе сүт өткізуге халық ниетті. Тауарлы сүт фермаларын ашу жобасы да негізсіз емес. Тек тұрғындардан сүт жинаудың оңтайлы жүйесін іске қосу ғана жетпей тұрған сыңайлы. Бұл мақсат алдағы күннің еншісінде. 

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз