Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ауданда екіайлық сенбілік жұмыстары басталып кеткені тазалыққа бет бұрғызды. Қыс кезіндегі жиналған қоқыстарды көктем шыға жапа-тармағай тазалау қалыптасқан дәстүр. Көктемнен бері сенбілік аз ұйымдастырылған жоқ. Онда аудан орталығын абаттандыру жұмыстарына барлық мекеме мен ұйымдар, тұрғындар тартылып бақты. Аудан басшысы тазалық сақталсын деген тастай талап қойды. Округ әкімдеріне бұл жұмысты ұйымдастыру туралы нақты тапсырма берілді.

Енді, маусым айы ортасынан ауған тұста, айналамызға зер салып, аудан орталығының абаттануына назар аударып көрейік. Көшеміз көрікті, ауылымыз ажарлы ма? Тоғыз жолдың торабында орналасқан Көкпектінің келбеті келісті ме? Мекеме мен ұйымдардың аумағы көз тартып, жеке аулалар тазалық үлгісін көрсете алды ма?

Дәстүр бойынша «таза бейсенбі» күні көше бойларында сыпырғыш, күрек ұстаған адамдарды көзің шалып қалады. 11 мау-сымда өткен тазалық шарасында сенбілікке қатысу қарқынымен таныстық.

Орталық көшелерде жүрген округ әкімі аппаратының қызметкерлері мен азын-аулақ мекеме, ұйым қызметкерлерін ғана көзіміз шалып қалды. Ал, округ әкімшілігінің сөзіне құлақ асар болсақ, барлық ауыл тұрғындарына ескертілу жасалыпты. Бірақ, неге екені белгісіз көше аралап жүріп, тазалық жұмысын жасап жүрген басқа адамдарды көре алмадық. Көше бойындағы қоқыстар былай тұрсын, үйлердің жанындағы үйінділер де аз емес.

Бір айта кетерлігі, жалпы сенбілікке ұйымдар мен мекемелер өз көліктеріне дейін шығарып, жұмыла кірісіп, бекітілген көшелерін қоқыстан тазартып жатқанда, бірқатар мекемелер қоғамдық жұмысқа шықпай, немқұрайлық танытқан екен. Атап айтсақ, осы күні бірде-бір қызметкері өздеріне бекітілген аумақтағы қоқысты шығаруға құлық танытпаған Ішкі істер бөлімі, Мәслихат, Орталық аурухана, Қазақтелеком, Өрт сөндіру, Қорғаныс бөлімі, Жасөспірімдер және балалар спорт мектебі, Жастар орталығы, Халыққа қызмет көрсету, Жылжымайтын мүлік, Фитосанитария, Түзету орталықтары, Көкпекті орта мектебі, Әділет, Қазынашылық, Статистика басқармалары, Банк Тұран Әлем, Коммуналды шаруашылық мекемелері. Сенбілікке шықпағандар қатарында бірқатар дербес бөлімдер де бар. Бұл – ауылдық округ аппараты ұсынған мәлімет.

Ауылымыз ауыз толтырып айтарлық кейіпке енсе абыройы-мыз асқақтайды. Туған жердің гүлденуіне тамшыдай болсын үлес қосуға әркімнің де асығары анық. Аудан әкімінің орынбасары К.Смаилова апта басында өткізген кеңесте дәл осы мәселені көтерген еді. Мекеме және ұйым басшыларына аудан орталығын абаттандыру және көріктендіру бойынша нұсқаулықтар да берілді. Ұйымдасқан мал жайылымы да тілге тиек етілді.

Алайда, бүгінгі күні өзгеше өзгерген ештене жоқ. Бағдаршамды бойлай беймаза жайылып жүрген түлік, көпқабатты үйлердің маңында бейберекет шашылған тұрмыстық қалдықтар, жеке аулалардан алысқа ұзай алмаған күл-қоқыс. Бұл жағдайдың шешемі қандай? Тазалықты кім орнатады? Округ әкімшілігі ме? Әлде, әрбір тұрғын ба? Немесе, шеттен келіп бөтен біреудің біздің туған ауылымызды көркейтіп бергенін тосып отырымыз ба?

 

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз