Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Мемлекеттік рәміздер күні Көкпекті ауданында кең ауқымда аталып өтті. Тәуелсіздік нышанына айналған рәміздер мерекесі барлық ауылдық округтер мен елді мекендерді қамтыды. Барлық жерде бір мезетте мемлекеттік Әнұран орындалып, Туымыз биікке көтерілді. Елтаңба елдігімізді айшықтап, көкірек кернеген ұлттық мақтаныш сезімі ән мен жырға ұласты. Көкпектіліктер әрбір шарада мемлекеттік рәміздер - еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін әлемге танытатын әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгінін және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі екендігін айшықтап көрсетті.

Елдіктің белгісіне деген құрмет ерекше. Елжандылық мемлекеттік рәміздерге деген құрметтен басталады. Бұл туралы «Рәміздер - мақтанышым» патриоттық акциясының барасында Жастар орталығының директоры Азат Рахымбаев айтты. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  атап өткендей, «мемлекеттік рәміздер хал-қымыздың рухын, озық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін білдіретін ерекше құнды белгілер». Қазіргі таңда қасиетті көк Туымыз, Елтаңбамыз бен Әнұранымыз халықаралық кеңістікте кеңінен танылып, бейбітшілік пен ынтымақтастықтың символына айналғаны сөзсіз», - деді жастар көшбасшысы.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болу үшін біз өз елімізді, туған жеріміз бен Отанымызды ардақ тұтуымыз қажет. Оның ең алғашқы қадамы мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден басталады. Жас-тар акциясының аясында аудан орталығына апаратын жол бо-йына мемлекеттік ту орнатылды. Белсенді жастар ту көтеру салтанатында құттықтау сөз арнап, жүрекжарды лебіздерін білдірді. Осылайша елжанды жастардың өнегелі акциясы мерекелік шаралардың бастамасына айналды.

  Мәдениет үйінің алаңында таңсәріден әуезді ән шырқалып, көңілді күй ойналды. «Менің Қазақстаным» атты сурет көрмесі көрермен назарына ұсынылды. Камалбек Кисин, Ратбек Арынұлы, Алтынғазы Оразаев, Құмар Құнапиянов сынды ардагерлер қай жиынның болмасын сәні. Мереке күні құшағын айқара ашып, қуаныса қауышатын қарттардың жүзінен ұлттық құндылықтарға деген зор құрмет, үлкен мақтаныш сезімін байқау қиын емес. Жүргізушілердің әдемі жырмен өрнектелген өлең шумақтары көпшіліктің көкірегіне «Отаным, Елім, Атамекенім» деген қымбат сезім сәулесін құйып, жүрек жылуын сыйлады. Тәуелсіздіктің ақ таңы алаулаған, жүректерді мақтаныш сезімі кернеген бақытты күннің шапағында рәміздердің төл мерекесімен құттықтау лебіздері толассыз төгілді. Әрбір ақжолтай тілек ұлт мерейі ұлықталған күннің маңыздылығы арнасына тоғысты.

- Ту. Елтаңба. Әнұран. Бұл біздің Тәуелсіз ел екенімізді айғақтайтын бірден-бір нышандар. Көгілдір түсті туымыз бен ортасында шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн орныққан Елтаңбамыз және егемен елімізде шырқалған Әнұранымыз бүкіл әлемге Қазақстан Республикасы аталатын жаңа тәуелсіз мемлекет бейнесін паш етті. Егемен елдің әрбір азаматы ресми рәміздерді құрметтеуге, мақтаныш тұтуға тиісті. Елді танытар ұлттық құндылықтар бүгінде төрткүл дүниеге кеңінен танылды. Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын, - деді құттықтау сөз алған округ әкімінің орынбасары Қ.Мұқышев.

Ратбек Арынұлы, ардагер:

- Сан ғасырлар бойы бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген таңда өз алдына мемлекет болумен қатар, тұғыры биік Туымызбен, ел тарихын әлемге танытар Елтаңбамызбен және кез-келгеннің паттриоттық рухын көтеретін Мемлекеттік Әнұранымызбен айбынды ел бола білдік. Сондықтан да мемлекеттік рәміздеріміз  тәуелсіздігіміздің айғағы деп білемін.

Айжан Жұмадулова, жас маман:

- Тәуелсіз еліміздің кемел келбетіне, берік іргетасына, жол сілтер жарық жұлдызына айналған Мемлекеттік рәміздер туралы толғанып та, тебіреніп те сөйлеу және оларды ерекше қасиет тұту, зор мақтаныш ету - әрбір Қазақстан азаматының ең жоғары парызы. Айтулы мереке күні барлық көкпектіліктерге зор денсаулық, бірлік, тыныштық, ертеңгі күнде сенімділік және туған жерімізге өркендеуді тілеймін! Әр шаңырақта бейбітшілік пен татулық, бақыт пен амандық орнап, біздің ізгі ниеттеріміз бен жарқын істеріміз Отанымыздың игілігіне жеткізсін!

Осы күні сахна биігінен елдің мәртебесін арттыратын, елдік намыс пен абыройды асқақтататын  патриоттық әндер шырқалып, төңіректі жыр-думанға бөледі. Әнұрандай қастерлі әуенді әндер жаңғыра әуелеп, аталмыш күннің мерейін асыра берді. Мемлекеттік рәміздердің құндылығын, оның сырлы үнін, өршіл рухын баршамыздың, әсіресе, бүгінгі жас ұрпақтың терең біліп, сезінгені абзал. Рәміздер - бүгінгі өміріміз, ертеңгі болашағымыз. Тәуелсіздігіміздің басты жемісі, еліміздің қуат-күшінің айқын белгісі!

 

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз