ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жылдағы дәстүр бойынша оқу жылының басында ұйымдастырылатын «Мектепке жол» акциясы аясында биыл ауданымызда ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Өздеріңіз білетіндей аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы барша аудан жұртшылығын «Мектепке жол» акциясына қолдау көрсету бойынша жергілікті басылым арқылы үндеу жариялаған болатын. Бұл жолғы акцияға ауданымыздағы барлық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалық басшылары белсенді қатысуда.
Бұл республикалық акцияны ұйымдастыру жұмысы аудандық білім бөліміне жүктелген.


23 тамыз күні жаңадан ашылған «Мегапланета» сауда орталығында «Мектепке жол» акция-сы шарасы өткізілді. Оған аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы, барлық мекеме басшылары, білім саласының қызметкерлері және балалар қатысты. «Мектепке жол» акциясы аясында аудан әкімі бастаған дербес бөлім, кәсіпорын, ұйым ұжымдары ауылымыздағы Көкпекті және Жақия Шайжүнісов орта мектептерінің 67 оқушысына мектепке қажет киім мен құрал-жабдықтарын сатып әперіп, табыстады. Акцияны ашқан аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев шараның мән-маңызына тоқталды.
Аудан басшысы бүлдіршіндерге оқуда озат болып, үлгілі оқушы атануларына тілектес екенін жеткізді.
-Құрметті Көкпекті ауылының тұрғындары бүгін ауданымызда игілікті іс шара өткізіп жатырмыз. Өздеріңізге белгілі жақын арада балалардың жазғы каникулы аяқталып, жаңа оқу жылы басталады. «Бала – болашағымыз» деп жиі айтамыз. Сол болашақтың алаңсыз ер жетіп, еліне еңбек етуі үшін жағдай жасап, үлгі болуымыз қажет. Осы орайда балалардың оқуын жақсы оқуына, ойланбастан сабаққа келуіне біз де өз үлесімізді қосайық деген ниетпен акцияға бір адамдай қатысып отырмыз. Бұл игі шараға ауданымыздың кәсіпкерлері, шаруа қожалық басшылары, аудан тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер барлығы шын ниетпен үлес қосып, ат салысып отыр. Келешекте де осы бір маңызы зор «Мектепке жол» науқанының аясында берекелі, бірлігі жарасқан ел екенімізді танытып, барлығымыз бірдей мұқтаж жандарға көмек қолын созсақ, нұр үстіне нұр болары анық.
-Жыл сайын жаңа оқу жылының қарсаңында «Мектепке жол» республикалық акциясы өтеді. Акцияның мақсаты - ата-анасы жоқ, сондай-ақ ата-ана қамқорлығынсыз қалған және табыс көзі төмен балалы-шағалы отбасылардың оқушы балаларын мектепке дайындау шараларына ат салысу.
Осы орайда, Көкпекті ауданында аудан басшысы Ділдәбек Тәжібайұлының қолдауымен «Мектепке жол» республикалық дәстүрлі акциясы ұйымдастырылды. Жалпы «Мектепке жол» акция-сы ауданымыздың барлық ауылдық округтерінің білім беру мекемелерінде өткізілуде.
Акция барысында ауданымыздағы дербес бөлім, мекеме, кәсіпорын, ұйымдары 67 оқушыға 2 млн. 100 мың теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетті. Бұл жерде балалар мен олардың ата-аналары өздерінің таңдауымен мектепке қажетті киімдер, спорт костюмдері, аяқ киімдер, спорттық аяқ киімдер, оқуға қажетті кеңсе тауарларын алып, қуанышқа бөленді. Сонымен қатар «Самұрық қазына» АҚ аудан бойынша 43 балаға оқуға қажетті кеңсе құралдары салынған мектеп сөмкесін сыйға берді.
2023-2024 оқу жылының «Мектепке жол» акциясына қатысып, көмек көрсеткен барша демеушілерге үлкен алғысымды білдіремін. Аталмыш шара қыркүйек айының 30-на дейін жалғасады. – деп өз ойын білдірді аудандық білім бөлімінің басшысы Аслан Балабекұлы.
Акцияға қатысқан көпбалалы ана Әсел Мұхамадиева осындай қайырымдылық шараларының арқасында әлеуметтік жағдайы төмен көп отбасының мәселесі оң шешім тапқанын айтты.
– Мен 6 баланың анасымын. Мектепке балаларымды дайындау біраз қиындау. Бұл акция көп отбасылар үшін үлкен жәрдем болды. Менің балама спорттық костьюм мен дене шынықтыру сабағына қажет аяқ киім сатып әперді. Бұл киімдерді баламның өзі таңдап алды. Игі шараның ұйымдастырушыларына балалардың атынан өзімнің аналық алғысымды білдіріп, барлық ата-аналарға алдағы оқу жылына сәттілік тілеймін. Қол ұшын созған демеушілерге көп рахмет. Әрдайым жұмыстары жемісті болсын.– дейді көпбалалы ана.
Қалай десек те баланы мектепке дайындау – ата-ананың борышы. Соңғы қаражатын жұмсаса да, әр ата-ана баласының көңілін табуға тырысады. Алаңсыз ойын баласы мектепке барар сәтте ешкімнен кем болмай, білім нәріне қаныққаны қоғам үшін де пайдалы. Аталмыш акция көптеген отбасыға біраз болсын көмегін тигізді десек, қателеспейміз. «Қайырымдылық – адамгершіліктің белгісі» демекші, акция барысында қол ұшын созып, болашақ ұрпаққа қамқорлық танытқан жандардың көптігі қуантады. Ендеше, күз мезгілінің алғашқы күнінен басталатын оқу жылына сақадай сай болуға қам жасаған мектеп оқушыларына сәттілік тілейміз.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз