ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданының Тассай ауылында балық өндіру цехы ашылды. Белгілі кәсіпкер Жанат Ибрагимов қолға алған балық өңдеу кәсіпорны күніне 1 тонна балық өнімін шығарады. Балық өңдеу цехының іске қосылуымен 40 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Игілікті шараға Көкпекті ауданының әкімі  Ділдәбек Оразбаев қатысты.

 

Тассай ауылы Көкпекті ауданындағы ең іргелі елді мекендердің бірі. Бірлік-берекесі бекем ауылдың тұрмысы да түзу. Ауыл халқы негізінен мал өсіру және балық аулауды кәсіп етеді. Тассай ауылы ежелден балық шаруашылығы жақсы дамыған елді мекен. Ауыл аудан орталығы Көкпектіден 60 шақырым, Зайсан көлінен 40 шақырым жерде орналасқан. Бүгінде ауылда 867 адам тұрады, олардың басым бөлігі балық аулаумен кәсіби түрде айналысады.

Тассайлықтардың көптен күткен қуанышына аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев та ортақтасты. Сонымен бірге ашылу салтанатына аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Мұқашев, мәслихат төрағасы Талғат Сарманов, аудан әкімінің орынбасары Мақсат Сүйесінов, «Аманат» партиясы аудандық филиалының төрағасы Раушан Кемербаева, Тассай ауылдық округінің әкімі Ержан Мазыбаев және ауылдың атқамінер азаматтары қатысты. Аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы құттықтау сөз сөйлеп, жүрекжарды тілегін білдірді.
- Көкпекті ауданында өңдеу өнеркәсібі өркендеп келеді. Міне, бүгін Тассай ауылында балық өнімдерін өндеу цехы пайдалануға берілуде. Осындай ел игілігі үшін қызмет жасауды мойнына алып, бастама көтерген кәсіпкер Жанат Ибрагимовқа айтар алғысымыз шексіз. Мемлекет қолдауына сүйеніп, ауыл халқын тұрақты жұмыспен қамтамасыз ететін кәсіпорын ашып отыр. Бұл - ауданда шағын бизнестің өркендей бастағанының белгісі. Шалғайдағы ауылда мұндай өндіріс орнын ашу - үлкен ерлік, – деді аудан басшысы.
Ділдәбек Тәжібайұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосқаны үшін елжанды азамат Жанат Ибрагимовтың кеудесіне «Толағай» медалін тақты. Жаңа кәсіпорынның ашылуына еңбек сіңірген бірқатар азаматтар аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Жұмысы жанданған кәсіпорын сазан, шортан, көксеркенің етін, одан бөлек балық қанаттарын сатады. Цехтың қуаттылығы күніне 1 тоннаға жуық жоғары сапалы балық өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді. Тассайда өндірілген өнім Семей, Алматы, Астана қаласының сауда орталықтарының сөрелерінде сатылып жатыр. Балық цехының иесі мемлекеттік бағдарламалар арқылы қосымша қаржы алып, кәсіпорынды кеңейтуді жоспарлап отыр.
- Балық шаруашылығымен 1995 жылдан бері айналысып жүрміз. Басында осы ғимаратты салып, жұмыс бастағанбыз. Су пайдалану лотында учаске алу мүмкін болмады. Сондықтан жұмыс тоқтап тұрған еді. Былтырғы жылы Зайсан көлінен 5 жылға учаске алдық. Бүгін ашылған балық өндеу цехында тұрақты 20 адам жұмыспен қамтылады. Одан бөлек 20 адам балықшы жұмыс істейді. Барлығы 40 адам еңбек тауып отыр. Қазір күніне 1 тоннаға дейін балық өнімін шығаруға шамамыз жетеді. Алдағы кәсіпорын қуаттылығын уақытта тәулігіне 5 тоннаға дейін арттырсақ деген жоспар бар, - дейді іскер азамат Жанат Ибрагимов.
Кәсіпкер жаңа бастамасының сәтті жүзеге асуы-на берік сенімді. Себебі әке жолын жалғаған ұлы Бахтияр Ибрагимов балық өңдеу цехының жұмысын тың серпінмен жүргізуге ниетті. Оған жас кәсіпкердің білімі де білігі де жеткілікті екені сөзсіз. Ауыл шетінде орналасқан балық өндеу цехы шикізатты біршама уақыт балғын күйінде сақтайтын тоңазытқыштар және стандартқа сай тұрмыстық бөлмелермен жабдықталған.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз