ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

2 маусым күні «Ұлы дала елі» алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин қатысты. Қалыптасқан дәстүр бойынша аудан жастары Толағай та-уына ту тікті.

 

Рәміздер күні мерекесі алаңға Мемлекеттік туды әкеліп, жиналған көпшіліктің Қазақстан Республикасы Әнұранын орындауымен басталды. Мемлекеттік Туды көтеру құрметі таэквондодан әлем чемпионатының 2-ші орын, Азия чемпионатынан 3-орын, 4 мәрте халықаралық турнирдің бірінші орын иегері, Қазақстан чемпионатының жеңімпазы Бексұлтан Маратов пен таэквондодан бірнеше дүркін облыс чемпионы, халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы Ерасыл Бауыржановқа берілді.
Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин құттықтау сөз сөйледі.
- Құрметті жерлестер! Сіздерді Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Арайлы азаттығымыздың кепілі мемлекеттік рәміздер дүниеге келіп, жарлыққа сәйкес 4 маусым күні мемлекеттік маңызы бар айтулы даталар қатарына қосылды. Бұл күн ақталған үміт күні болып, біздің егемен Қазақстан тарихының төрінен орын алды. Мемлекеттік рәміздер халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаҺармандығы мен даналығын, болашаққа деген үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Елтаңбамыз, туымыз, әнұранымыз қазақ елінің барша болмысын, бүгіні мен ертеңін бойына сіңіріп, жүрегімізді мақтанышқа толтырады. Ата-бабамыз армандаған азат елімізбен жарқын болашаққа бірге барайық. Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын. Рәміздер күні құтты да берекелі болып, ел бірлігі жасай берсін! -деген тілегін жеткізді.
Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің вокалдық квартеті Марат Абелмажинов, Қанат Бекмолдин, Олжас Қапасов және Нұрлан Қайратұлы «Көк тудың желбірегені» әнін орындады. Салтанатты шара Көкпекті өңірі жастарының әнұранына айналған жергілікті авторлар ақын Дархан Бердібек пен сазгер Нұрлан Шапатовтың «Алаш ұраны» әнін орындаумен аяқталды.
Қазақстан Республикасының Рәміздер күні мерекесі жыл сайынғы дәстүрге айналған Көкпекті өңірінің нышаны Толағай тауына көтеріліп, тау шыңына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын орнату акциясымен жалғасты.
Аудандық ішкі саясат пен Жас-тар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен Толағай тауына көк байрағымызды тігу шарасы түстен кейінгі уақытқа жоспарланып, сәтті өткізілді.
Зиялы қауым өкілдерінің қаламдарына тиек, аңыздарына негіз болған Толағай тауын тек көкпектіліктер емес, барша қазақстандықтар мақтан тұтатыны белгілі. Оны білмейтіндер кемде-кем. Патриоттық шараның негізгі мақсаты – жастар арасында туған жерге, аудандағы тарихи орындарға деген сүйіспеншілік сезімін насихаттау, өзара достық қарым-қатынасты, сыйластықты нығайту. Аталмыш іс-шараға ауданның жастар қауымы, атап айтар болсақ, аудандық полиция, №15 өрт сөндіру бөлімдері, аудандық аурухана, мектеп оқушылары, мемлекеттік қызмет саласының мамандары, ауданның белсенді жастары қатысты. Биіктігі 1000 метрге жуық Толағай тауының шыңына шығуға бел байлаған үміткерлердің барлығы көтеріліп, Ту орнату рәсіміне бір кісідей атсалысты.
Шара ұйымдастырушыларының бірі Гүлімай Мырзаханованың айтуынша сол күнгі шарада алғашқылардың бірі болып аудандық аурухана қызметкері Қуаныш Жұмажанов Толағай тауының басына шығып, еліміздің елдігін айғақтайтын көк Туды орнатқан. «Ел ертеңінің тірегі – Көкпекті ауданының жалынды жастары Мемлекеттік рәміздер күнін абыроймен атап өту үшін барын салды», – деп толықтырды жастар ресурстық орталығының бас маманы.
Іс-шара аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Қайратұлының ұйымдастыруымен жайылған, белсенді жастардың басын қосқан ақ дастарханмен аяқталды.

Шолпан АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз