ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бірлігі мен ынтымағы жарасқан еліміз тағы бір жылды артқа тастап, 2019 жылды қарсы алды. Жағымды жаңалықтар мен толағай табыстарға толы болған өткен жылға өкпеміз жоқ. Жақсылықтың жаршысы болып келген ит жылы да жылыстап тарих қойнауына бет алды. Осы орайда, 31 желтоқсан күні ит жылын шығарып тастап, доңыз жылын қарсы алу мақсатында аудандық Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде жаңа жылдық лоторея билеттері ойнатылып, кешкісін карнавал өтті.

Әдемі безендірілген сахна, түрлі-түсті жарықпен көмкерілген алаң, бір-бірін құттықтасқан тұрғындар барлығы да Жаңа жылдың шырайын кіргізіп тұрды. Жаңа жыл мерекесінде барлығымыз таңғажайыптарды күтеміз. Осы ғажайыпқа толы сәт аудандық мәдениет үйінің алаңында түс ауа жаңа жылдық лоторея билеттерін ойнатудан басталды. Биылғы жылы лоторея билеттерінің ойнатылуына жастар орталығының ұжымы жауапты болды. Ұтыс ойыны 31 желтоқсан күні сағат 14:00-де Қалихан Алтынбаев атындағы Мәдениет үйінің алдындағы алаңда өтті. Жаңа жылға арналған шараға аудан әкімінің орынбасарлары М.Теміржанов пен Д.Қойгельдин арнайы қатысты. Ал, Көкпекті ауылдық округінің әкімі Қайрат Алғазинов ауыл тұрғындарын келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жаңа жылда игілік пен ізгілік, денсаулық әр шаңыраққа бақ пен береке тіледі.
- Құрметті ауыл тұрғындары және қонақтар Жаңа жыл құтты болсын! Лотореяға қатысушылардың барлығына сәттілік серік болсын. Келе жатқан жыл біз армандайтын ғажайыптарға толы болсын. - деді, округ әкімі.

 

Мәдениет үйі алдындағы мерекелік шыршаның маңына топтасқан жұртшылық жастар орталығы дайындаған тосын сыйлар мен ғажайып көріністердің куәсі болды. Лоторея билеттері ұтыстарына жеңіл автокөлік, тоңазытқыш, кір жуғыш машина, газ плита, шаңсорғыш, плазмалық теледидар, қысқа толқынды пеш, үтік, тұрмысқа қажетті ыдыстар, фен, миксер, термос, шәйнек сияқты заттар және жұбату сыйлықтары ойнатылды. Лоторея билеттері ауданның бірнеше сауда орындарында сатылған болатын.
Бақтарын сынаған адамдар лоторея билет-терінің сериясын жыртып, лототронға салды. Ал, мерекеге келген ауыл тұрғындарының арасынан ұтыс ойыны ойнатылды.
Сонымен қатар, өздерінің бақтарын сынап жаңа жылдық лотерея ойынына қатысқандардың қатары көп болды. Осы күні жолы болып, ұтысқа ие болған тұрғындарды атап өтсек: кір жуғыш машинаны Көкпекті ауылының тұрғыны Шынар Жұмағұлова, плазмалық теледидарды Қанат Донбаев, тоңазытқышты Үлкенбөкен ауылынан Тоғжан Сүлейжанова, Көкпектілік Қазбек Әкімбеков газ плита сияқты тұрмысқа қажетті техникаларды ұтып алды. Ал, лоторея билетінің басты ұтысы Volkswagen Passat маркалы автокөлігі Көкпектілік Руслан Әубәкіровқа бұйырды. Біз ойламаған жерден темір тұлпар тізгіндеген Русланды сөзге тартқан едік.
- Мен, «Шуақты шұғыла» балабақшасында күзетші болып жұмыс жасаймын. Міне, бүгін сәттілік маған да есігін ашты. Жаңа жыл қарсаңында ұтқан ұтысыма өте қуаныштымын. Менімен осы қуанышты бөліскендерге рахмет. Аудан тұрғындарын келе жатқан мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Алдағы жылы сіздерге тек жағымды және мейірімді адамдардың ортасында болуға, тек жағымды эмоцияларды бастан өткеруге, әрбір өткен күнге қуануға, айналадағыларға қуаныш пен күлкі сыйлауға тілектеспін. Бұл жаңа жыл әр адам үшін ерекше болсын, – дейді Руслан.
Жаңа жылдық мереке кешкісін Мәдениет үйінің би залында карнавал кешімен жалғасты. Кешті ескі жылдың нышандарының бірі, «Құтқарушы күшіктер» мульт-филімінің кейіпкері ашса, әрі қарай жүргізушілер ортаға шығып, тұрғындарды мерекемен құттықтап, думанды кешті бастады. Осындай керемет көріністі аудан өнерпаздарының мерекелік концерті мен әртүрлі ойын-сауықтық бағдарламасы одан сайын әрлендіре түсті. Мерекелік кеш одан әрі думанды бағдарламамен жалғасын тапты.
Мерекелік кештен әртістермен қатар аудан тұрғындары де қалыс қалмай, жыл басы мүшелері, ертегі кейіпкерлері костьюмдерін киген кеш қонақтары өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар, ертегі кейіпкерлері, әр жылдың аңдары, көңілді сайқымазақтар да мерекелік кеште көрініс тауып, қойылымдар қойып, әсерлі шараны әрлендіре түсті. Жаңа жылдық кеште көрермендерге викториналық ойындар ойнатылды. Ұйымдастырылған ойындарға белсене қатысқандарға сыйлық берілді. Ауыл тұрғындарының қатысуымен жаңа жылдық көріністер көрсетілді, шырша аясында мерекелік әндер шырқалды. Костюм кигендер де назардан тыс қалған жоқ, оларда І, ІІ, ІІІ жүлделі орындармен марапатталды. Осы мерекелік кеште жаңа жылдың символы болған Аяз ата мен Ақшақар да кеш өтіп жатқан Қ.Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйіне келіп, тұрғындарды жаңа жылдарымен құттықтады.
Одан әрі жергілікті әншілер аудан халқын мерекемен құттықтап, жаңа жылдық әндерден шашу шашты. Қызықты ойын, әдемі қойылымдар қойылып, әуезді ән мен ырғақты би өзара үйлесім тапқан көңілді кештің қызығымен тұрған көрермендер кештің соңына жеткенін де байқамай қалды. Мереке одан әрі жалғасып, би кешіне ұласты. Жаңа жылдық мерекелік кеш тек аудан орталығы емес, барлық ауылдық округтерде де өз мәнінде аталып өтілді.
Мадина Оспанова, ауыл тұрғыны:
-Жаңа жыл жақын-даған сайын жүрегімізде ерекше толқыныс пайда болып, келер жылға дайындық жасаймыз. Доңыз жылына аяқ басқалы тұрмыз. Әр жылдың өзіндік ыстық естеліктері бар. Жыл жақсылығымен келсін! Жаңа Жыл – бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын. Мен барша Көкпектіліктерді жаңа жылмен құттықтаймын. Осындай көңілді мерекелік кешті ұйымдастырушыларға көп рахмет. Аспандарымыз ашық, денсаулықтарымыз мықты болсын!
Бәріміз үшін ең қымбаты – өз отбасымыз. Сондықтан да отбасымызбен, төрт көзіміз түгел келесі жаңа жылды да дәл осылай қарсы алайық!
Мирас Серіков, С.Торайғыров атындағы ПМУ жанындағы колледжінің студенті:
- Жаңа Жыл құтты болсын! Бәріміз жаңа жылдан көп жақсылық күтеміз, жаңа Жылға көп үміт артамыз. Армандарыңыз бен тілектеріңізге қосылып, Сіздерге алдағы Жылда денсаулығыңыз мықты, бақытыңыз үстем болып, күш - қуатыңыз таусылмасын, қанатыңыз талмасын деп тілеймін. Жаңа Жылға елмен бірге жаңа табыстарға жете берейік!

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз