ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазан айы басталғалы ауданның егде тартқан қарт адамдары басты назарда. Оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне ерекше көңіл бөлінуде. Аудан әкімі Рамиль Сағындықов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Мұқашев және аудан басшысының орынбасарлары соғыс ардагерлерінің шаңырағында болып, қадірменді қарттарды мерекесімен құттықтады.
Аудан басшысы екі бірдей соғыс ардагері тұратын Ақтас ауылына арнайы ат басын бұрды. Ұлының қолында тұратын соғыс ардагері Нұрмұхамед Ақшалов меймандарды есік алдынан өзі қарсы алды. Биылғы жылы 95 жасқа келген ардагер әлі болса тың. Рамиль Нығметжанұлына бүгінгі жағдайының жақсы екенін жеткізіп, елдің амандығын, жұрттың тыныштығын тіледі. Мереке иесіне жүрекжарды тілегін жеткізген Рамиль Нығметжанұлы - Аға буын өкілдерінің ашық аспан және ел болашағы үшін қажырлы еңбектеріңің арқасында біз тыныш бейбіт өмір сүрудеміз, Сіздердің атқарған еңбектеріңіз қазіргі ұрпаққа үлгі болады, - деп лебіз білдіріп, мерекелік сыйлық табыстады. Құттықтау қабылдаған Нұрмұхамед ақсақал өз кезегінде аудан басшысына алғысын жеткізіп, қонақтарға ризашылығын білдірді.


Бұдан кейін әкім Ұлы Отан соғысының ардагері Елеусіз Кинбаевтың шаңырағында болды. Қанды майданды өткерген ардагер ағымдағы жылы 92 жасқа толған. Аудан басшысы ақсақалмен амандасып, отбасына береке мен бақыт тіледі. Қарт жауынгерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілей отыра, сый-сияпат көрсетті.
- Қарияларға қамқор болу - барлық қоғамның және әрбiрiмiздiң мiндетiмiз. Ардагер ата-әжелер- мемлекетiмiздiң алтын қоры, игі iске деген адалдықтың, ұлы шыдамдылық пен сенiмдiлiктiң жарқын үлгiсi. Қазыналы қарттарға құрмет көрсету жұмыстары аудан көлемінде ұйымдастырылып келеді. Мереке аясында барлық мекемелер зейнет жасындағы байырғы әріптестеріне сый-сияпат көрсетуде. Бүгін міне, ауданымыздағы батагөй ақсақалды мерекесімен құттықтауға келіп отырмыз. Ақсақалға зор денсаулық тілеймін! Ұрпақтарыңыздың қызығына кенеліп жүре беріңіз,- деді аудан әкімі.
Көкпекті ауылында тұратын соғыс ардагері Петр Цепковты мерекемен құттықтау үшін ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Мұқашев арнайы үйіне барды. Шуақты жүздесуде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Насырбайұлы соңғы айларда ауданда атқарылған игі жұмыстар туралы әңгіме өрбітті. Сый-құрмет көрсетіп, майдангердің хал-жағдайымен танысты.
Өз кезегінде соғыс ардагері майданда бастан кешкен оқиғаларына тоқталды. - Қан майданда ешкім сенімен санасып жатқан жоқ. Оған уақыт та болмады. Есімде жақсы сақталып қалыпты. Жан аяспай кескілесіп жатқан соғыс уақытында 10 ай бойында далада жатқан күніміз болды. Сол жылға жуық уақытта жылы үйде 1 күн қонғанымыз бар. Содан болар естен кетпейді. Қазір кеңшілік заман. Баршылық пен молшылық. Жастарға тек ел үшін еңбек ету керек, - дейді жеңімпаз майдангер.
Сондай-ақ, аудан басшысының орынбасарлары Көкпекті ауданында тұрып жатқан басқа да соғыс ардагерлерінің үйіне барып, аудан әкімінің атынан құттықтады. Мерекелік сый-құрмет көрсетіп, бүгінгі жағдайларымен танысып қайтты. Федосова Валентина Степановна, Тұрысбек Садықов, Мүталап Ықласов, Винников Семен Михайлович, Балахонов Павел Яковлевич сынды Ұлы Отан соғысының ардагерлері - біздің асыл қазынамыз. Отанымыздың игілігі үшін ұзақ әрі бақытты ғұмыр кешіңіздер!
Отан үшін от кешкен ержүрек ерлеріміздің арқасында біз бүгінде бейбіт өмір сүріп отырмыз. Сондықтан қан майданда қасық қаны қалғанша аянбай ерлік көрсетіп, елі мен жерін қорғаған ардагерлерді ардақ тұтып, алдарында басымызды иеміз.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз