ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өткен аптаның сәрсенбісі күні Көкпекті аудандық орталық ауруханасының акт залында салауатты өмір салтын насихаттайтын «Сіздің денсаулығыңызды бірге сақтаймыз» тақырыбындағы конференция өтті. Қазақстан Республикасының денсаулық саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатын көздеген жиынға аурухана бас дәрігерінің орынбасары Г.Слямбекова, СӨСҚ дәрігері О.Дериглазова, аудандық мәслихат депутаты Д.Дюсембаев, дәрігерлер және ауылдық округтердегі дәрігерлік амбулаториялардың фельдшерлері мен медбикелері, басқа да қоғамдық бөлімдер мен БАҚ өкілдері, емделушілер қатысты.


Сөз басында айта кетсек, осындай келелі мәселе көтеріліп отырған басқосуға шақырылған ауылдық округ әкімшіліктерінен Үлгілімалшы мен Биғаш ауылдарынан басқа, бір өкініштісі, ешкім келмеді.
Денсаулық адамзат баласының ең басты игілігі, дәулеті екені белгілі. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауларында денсаулықты мемлекет дамуының маңызды факторы ретінде айқындады, сондай-ақ қызметкердің денсаулығы үшін мемлекеттің, жұмыс беруші мен оның өзінің ортақ жауапкершілік алатын денсаулық сақтау жүйесін дамытудың негізгі қағидасын белгіледі. Сондықтан қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту, өмір сүру жасының ұзақтығын арттыру, өлім деңгейін азайту, демографиялық өсімді жоғарылату міндеті алға қойылған.
Жиынға төрағалық етуші СӨСҚ дәрігері О.Дериглазова қысқаша кіріспе сөз сөйледі. «Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесі қарқынды дамып келе жатқанының куәсі болып отырмыз. Үнемі жаңа бағдарламалар енгізіліп, медициналық құрал-жабдықтар жаңартылып, ауруды емдеудің жаңа әдіс-тәсілдері іске асуда. Бірнеше жыл бойы жүзеге асырылып, «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын табысты аяқтадық. Бүкіл қоғам, барша қазақстандықтар, жаңа технологиялар мен емдеудің жаңа әдіс-тәсілдерін кезең-кезеңімен үйренді, танысты деуге болады. Біздің емделушілер мен медқызметкерлерді келесі «Денсаулық» бағдарламасына еркін өтуіне жағдай жасалған.
2016 жылдан бастап «Денсаулық» ауқымды бағдарламасын жүзеге асыру кезеңі басталды. Оның алға қойып отырған міндеттері аса үлкен. Барлық мақсаттар 2020 жылға қарай бағдарлама аяқталған кезде бүкіл медицина саласында үлкен өзгерістер күтілуде. Денсаулық сақтау саласы енді аурулардың алдын алу жағына бағдарланады.Бұрын медицина ауруды емдеумен шұғылданса, бүгінде алдын алу жағына басымдық беріледі. Ауруды емдегеннен гөрі, оның алдын алған жеңілірек екені айқын. Сондықтан біздің бүгінгі жиынымыздың тақырыбы «Сіздің денсаулығыңызды бірге сақтаймыз» Бұл жерде жұмыс беруші ұйымдар, мемлекет, жұмысшылар, медициналық қызметкерлер, пациенттер бірлесе отырып, адамның денсаулығына жауап беретінінебасымдық беріліп отыр» - деп күн тәртібі бойынша келесі сөзді бас дәрігердің орынбасары Г.Слямбековаға ұсынды.
Гүлназ Советбекқызы аудандық орталық аурухананың жұмысымен таныстыру барысында жаңа аурухана ғимаратын 2010 жылы пайдалануға берілгені, содан бері ауруханаға екі рет аккредитацияжүргізіліп, жоғары көрсеткішке жеткені, сапалы медициналық қызмет көрсеткені нәтижесінде соңғы аккредитациядан 2016 жылы өткеніне тоқталды.Қарамағындағы 9 дәрігерлік амбулаториямен бірлесіп, тұрғын халықтың денсаулығын сақтау жолында 282 адам сапалы медициналық қызмет істеп отырғанын тілге тиек етті. Г.Слямбекованың айтуынша, ОАА-да хирургия, терапия, инфекция, роддом, реанимация бөлімшелері жұмыс атқарады. Аурухана материалдық-техникалық жағынан жаңа құрал-жабдықтармен толық жабдықтандырылған. Медициналық кадрлар жеткілікті. Ауданның медицина қызметкерлері үнемі өз білім деңгейлерін жоғарылатып, кәсіби біліктіліктерін көтеріп отырады. Екі дәрігердің кетуіне байланысты екі дәрігер қайта даярлау курсынан өтті. Олар дерматовенеролог Э.Шрахметова, Б.Изғуттинов - нарколог және психиатр, ал Р.Жұмағазина онколог болып істейді. 2017 жылы 31 маман біліктілігін көтеруден өтті. Олардың ішінде 14 дәрігер 16 орта медқызметкер бар. ОАА халыққа медициналық қызмет көрсететін 39 дәрігердің 10 – жоғары, 6 - бірінші, 5 – екінші санатта, ал 143 орта медициналық қызметкерлердің 73 – біліктілік санаттарын алғанын және негізгі құрамы жоғары біліктілікке ие екенін мақтанышпен айта алатынын жеткізді. - Біз қазір қызметтің сапасын көтеру бағытында жұмыс істеудеміз. Сондай-ақ, бізде пациентке көмек қолын созу қызметі жұмыс істейді. Егер пациенттер тарапынан қандай да бір сұрақ, шағым бола қалса, он күннің ішінде қарастырып шешімін тауып беруге тырысамыз. Бұрын санитарлық-ағарту жұмыстары басым болса, қазіргі күні медициналық қызметтің негізгі бағыты аурулардың алдын алу болғандықтан, қатерлі ісік ауруларының, глаукома және қант диабеті ауруларының алдын алуға арналған 9 бағдарлама аясында скриннигтік тексеру қолға алынған, нәтижесі жақсы. Сонымен қоса, бізде СӨСҚ кабинетінің жанында «Денсаулық мектептері» жұмыс атқарады. «Отбасын жоспарлау мектебі», «Жас аналар мектебі», «Жүрек-қан тамыры аурулары мектебі» «Қант диабеті мектебі» Түрлі семинарлар акцияларға байланысты мектептерге және ауылдық округтерге шығып ақпараттандыру жұмыстарын жүргіземіз, - деді Гүлназ Советбекқызы.
Аудандық мәслихаттың депутаты, Қоғамдық кеңестің мүшесі Д.Бердібекұлы сөз кезегінде Қоғамдық кеңес отырысындағы қоғамдық тыңдауда Көкпекті ауданы тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы туралы бас дәрігердің берген есебіне сәйкес ұсыныстарын баяндады. - Кеңестің кезекті отырысында қабылданған ұсыныстар бойынша қандай шара қабылданғаны туралы түсіктеме берсеңіз, - деп Г.Слямбековаға өтініш жасады. - Ауданда УЗИ және басқа да бос орындарға мамандарды тартып, жұмыстарын тиісті деңгейде қою, мәйітті тасымалдау үшін арнайы көлікпен қамтамасыз ету мәселесін шешу, ауылдық округтер әкімдерін және тиісті органдарды тарта отырып, туберкулез ауруының алдын алу мәселесі бойынша арнайы жоспар әзірлеп, жұмыстарды жандандыру, 0-86 формасындағы медициналық тексеруден өту анықтамасына төленетін қаражаттың бағасын қайта қарастыру, жұмыс кестесіне сай барлық медицина қызметкерлердің өз орындарында уақытында жұмыста болу, медициналық қызметке қойылатын барлық қойылатын талаптарды қатаң сақтау, олқылықтарға жол бермеу, дәрігерлердің этикасы, киім үлгісі медициналық қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерін қатаң сақтауын бақылау, АОА басшысы сұранысқа ие мамандармен бірлесе ауылдық округтер тұрғындары алдында жылына бір реттен кем емес есеп беру, аудан тұрғындары арасында медициналық сақтандыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, медициналық қызметкерлер арасында қолайлы орта қалыптастырып, ауданның қоғамдық-саяси жұмыстарына белсенділік көрсету, аурухана маңайын абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, көшеттер отырғызып, гүлзарлар жасауды жалғастыру, т.б., - айтып өтті. Сондай-ақ, Дархан Бердібекұлы облыстық сараптама және алдын ала болжау орталығының жүргізген жаппай сауалнамасы нәтижесінде АОА-мен атқарылуға тиіс жұмыстарды таныстыра келе, медицина қызметкерлерінің жұмысына табыс тіледі.
Келесі кезекте статистик-дәрігер А.Қалиоллаева орталық аурухана қызмет көрсетіп отырған емделушілердің санымен және атқарылған жұмыстардың сапасы жөніндегі, демографиялық жағдай бойынша сандық деректермен таныстырып өтті. Түрлі аурулармен ауырған адамдар және скриннингтік тексеру нәтижелері де назардан тыс қалмады.
Елімізде 2013 жылдан бастап, біртіндеп еліміздің бірнеше облыстарында іске асырылып келе жатқан Ауруларды басқару Бағдарламасы жөнінде жалпы тәжірибедегі дәрігер А.Әзімбаева баяндап берді. Бағдарлама 2018 жылдан бастап бүкіл Қазақстан Республикасы аумағында іске қосылатын болады. Айжан Нұрболатқызының айтуынша, Бағдарламаның мақсаты – науқастың жауапкершілігін жоғарылату. Мультитәртіптік команданың, яғни, дәрігерлердің бәрі бірлесе науқастың сауығып кетуіне көмектеседі. Бағдарлама пациенттерге өз ауруын медицина қызметкерлерімен бірге бақылауға және оның асқынуларын құрамына терапевт, бейінді маман, орта медициналық персонал, психолог, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі маман және әлеуметтік қызметкер кіретін мультитәртіптік топпен тұрақты байланыста болу арқылы болдырмауға мүмкіндік береді.
Аталмыш Бағдарламаның негізгі компоненттері: медициналық қызмет көрсетудің пациенке бағытталған моделін құру; медициналық көмекті ғылыми дәлелденген клиникалық нұсқауларға негіздей ұсыну; мультитәртіптік мамандар командасының болуы (түрлі маман-дәрігерлер және орта медициналық қызметкерлер); пациенттің денсаулық жағдайын үздіксіз бақылауді жүргізу үшін емделуші күнделікке жазып отыруы; пациентті өзіне өзі көмек көрсетуге үйрету (күнделікті өмір сүру тәртібі мен тамақтану реттілігін өзгерту арқылы аурудың алдын алу); пациентпен әңгімелесе отырып, жоспарға түзету енгізу арқылы әр емделушіге арналған жеке жоспарлар әзірлеу тәжірибесін енгізу. Сондай-ақ, дәрігер де өз тарапынан бақылау күнделігін жүргізіп отырады.. Жұқпалы емес созылмалы аурулар ретінде есептелетін «Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі», және «Артериялық гипертензия», «Қант диабеті» ауруларымен есепте тұратын емделушілер арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген кабинеттерде оқытылады. Бұлардың барлығы «Денсаулық мектебінде» үйретіледі. Оның жақсы нәтиже беруі медицина саласындағы қаражаттың үнемделуіне әсерін тигізеді. Сонымен бірге пациент пен медициналық ұйым арасында белгілі бір ереже бойынша келісім жасалады. Онда дәрігердің құқығы мен міндеттерімен қоса, емделушінің де құқықтары мен міндеттері көрсетілетін болады. - Медициналық қызметкерлермен бірге емделуші де өз денсаулығын сақтауға міндетті екенін науқастар көп жағдайда түсіне бермей, үнемі дәрігерді ғана кінәлауға дайын тұрады. Сондықтан пациенттер, әсіресе, созылмалы аурулармен ауыратын адамдар, өзін үнемі бақылауда ұстап, тамақтану тәртібі мен күнделікті өмір тәртібін белсендіріп, салауатты өмір салтын ұстануы тиіс, - деді ЖТ дәрігер А.Әзімбаева.
Жиын барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының денсаулық саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі 5 бағыты туралы көрсетілген бейнематериалды тамашалады.
Сондай-ақ, бұл маңызды жиында аудан тұрғындарының денсаулығын сақтау мен нығайтуда жергілікті атқарушы органдардың рөлін арттыру жайы да қозғалды. Бұл халық денсаулығын сақтау және нығайту мәселелерін шешуде жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қатысуымен тікелей байланысты. 2018 жылдан бастап іске кірісетін міндетті медициналық сақтандыру бойынша әлі де көптеген шешімін қажет ететін және тұрғындар үшін түсініксіз жағдайлардың бар екені жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сауалдардан байқалды.
Бағдарламаны іске асыру Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Денсаулық-2020» саясаты стратегиясының басты қағидаларына сәйкес, халықты жалпыға ортақ қамту, әлеуметтік әділеттілік, сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету және денсаулық үшін ортақ жауапкершілік алу қағидаларын сақтай отырып, әлеуметтік бағытталған ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығы мен динамикалы дамуына жағдай жасайтын болады.

Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз