ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жасампаз елдің жастары қандай, олар нені армандайды? Әлемдегі дамыған елдердің қатарына қосылуды мақсат тұт-қан, ширек ғасырда ширап, аз ғана уақытта алдыға қарыштап дамыған Қазақстанның болашағы кімдердің қолында? Бүгінгі жастар үшін ұлттық, елдік, мемлекеттік құндылықтар дегеніміз не? Жас-тарды қандай мамандықтар қызықтырады? Мемлекет жас-тарға қандай жағдай жасады? Жастар мемлекет үшін не істеді? Оларды не ойландырады, не тол-ғандырады? Қандай тың бастамалары мен идеялары бар? Бүгінгі жастардың қолынан не келеді?
Міне, осы сұрақтардың жауабы ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде өткен жастар мәслихатына депутатарды сайлауда шешімін тапқандай. Депутаттықа сайланған жастар жоғарыда айтылған сұрақтарға жау-ап беретініне сенімдеміз. Шығыс Қазақстан облысы бойынша пилот-тық жоба ретінде өткен бұл сайлау туралы Көкпекті ауданы Жас-тар орталығының директоры Азамат Халықов баяндап берді:


- Сайлау өткізу бойынша ау-дандық жоспар құрылып, жұмыс жоспарға сәйкес ұйымдастырылды. Ауданымызға жастар мәслихаты депутаттығына 15 квота бөлінді. Аудан бойынша 17 ауылдық округте 17 сайлау учаскесі және Самар ауылындағы Самар агро-техникалық колледжде сайлау учаскелері жұмыс жасады. Жалпы жұмысты ұйымдастыру үшін аудандық комиссия және барлық ауылдық округтерде комиссия-лар құралды. Сайлауға аудан көлеміндегі 16-29 жас арасындағы жастар дауыс беру арқылы, депутаттарды анықтады. Сайлауға қатысу үшін барлық ауылдық округтерде 3 белсенді жас-тан үміткер болып тіркелді. Аудан көлемінде жастар мәслихатының депутаты болуға 54 үміткер ниет білдірді. Жалпы сайлау аудан деңгейінде жоғарғы денгейде өтті. Жастардың мүдделерін қорғайтын жастар мәслихат депутаттары анықталды. Алдағы уақытта 15 депутат жас-тармен жұмыс жүргізетін болады. Жалпы аудан бойынша 14-29 жас аралығындағы тіркеуде тұрған жастардың жалпы саны 5790 адамды құрайды. Бүгінгі күні ауданда тұрып жатқан және сайлау күні дауыс берген жастардың саны 3145 жас, - деді Азамат Серік ұлы.
Көкпекті аудандық жастар мәс-лихатына депутаттар болып Көкпекті ауылдық округінен Жарбол Алпысбаев және Әлижан Артықпаев, Үлкенбөкен ауылдық округінен Толқын Смағұлова, Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округінен Екетерина Скударнова, Теректі және Шұғылбай ауылдық округтерінен Гаухар Елеусізова, Үлгілімалшы ауылдық округінен Ерболат Көкенов, Тассай ауылдық округінен Берик Байгереев, Белое және Бастаушы ауылдық округтері бойынша Мирас Оразбеков, Құлынжон және Мариногорка ауылдық округтерінен Талгат Касаинов, ал Самар ауылдық округі және Самар аграрлық-техникалық колледжі бойынша Самал Айдар-қызы, Ибрагим Сайлаубеков, Палатцы және Сарыбел ауылдық округтері бойынша Виктория Оразаева, Миролюбовка ауылдық округінен Олжас Калелов, Көкжайық ауылдық округінен Дархан Оспанов және Биғаш ауылдық округінен Ринат Бекмұхамбетов сайланды. Біздің ертеңгі күніміздің болашағы - жастар екенін білеміз. Сондықтан, аудандағы жастар мәслихатындағы депутаттар біздің ертеңімізді жалғастыратын, жасампаздық эстафетасын қабылдап алып, алға қарай қарыштап, жылжып, істерімізді одан ары дамытып, елге танытатын ұрпақ.
Қорытындыда Нұрсұлтан Әбіш-ұлының мына бір сөздерін алға тартпақпыз: «Әлемнің әміршісі - еңбек. Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек». Елбасымыз баршамызды ел игілігі жолындағы еңбекке шақырады, бүгінде еңбек шешуші ұлттық фактор екенін ұғындырады. Еліміз үшін, ауданымыздың гүлденуіне үлес қосып еңбек етейік, ел болашағының туын көкке желбірететін ауданның жастар қауымы!


Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз