ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Шығыс Қазақстан – еліміздің ең бай және табиғатының қайталанбас көркемдігімен ерекшеленетін жерлерінің бірі. Ол экологиялық тазалығы жағынан  тек республика көлемінде ғана емес, одан тыс аймақтарға да әйгілі. Сондықтан да біздің өлке флора мен фаунаның тіршілік ортасы ретінде кездейсоқ таңдалмаған. Біздің бүгінгі әңгімеміз ауданымыздың тамаша бір бұрышы туралы болмақ. Бұл жерде өндірілетін жоғарғы сапалы өнімге парапар келетін ешнәрсе жоқ.

 

Биіктаулы жоталардың «Коко» шат-қалында Алтай маралдарын немесе ақ маралдарды өсіруге маманданған «Мараленок» пантамен емдеу-сауықтыру кешені орналасқан.
Кешегі кеңестік кезеңнен (90-жыл-дардың басы) марал өсіру мүйізді ірі қара шаруашылығымен біртектес болатын. Айырмашылығы тек пантаны кесу мен оны өткізу ғана.
Нарықтық қатынастардың енгізілуіне байланысты, маралдарды өсіру мен көбейтуге деген бағдар да өзгере бастады. Марал өсіретін фермалар құрып, одан панта, ет, тері және басқа өнімдер алу мақсатын көздейтін кәсіпкерлік идея пайда болды. Марал өсірудің артықшылығы одан алынатын өнімдерге деген жоғары сұраныс пен экспорттық әлеуетінің артуында.
«Мараленок» шаруа қожалығы – мал шаруашылығының марал шаруа-шылығымен шұғылданатын марал өсіруге маманданған саласы. Ме-дициналық мақсатта қолдану үшін өсу кезеңіне орай кесілетін, қатпаған марал мүйіздері марал шаруашылығының негізгі өнімі болып табылады. Қолмен ұстап көрсеңіз, кесілген мүйіздер жұп-жұмсақ болады.
– 15-16 мамырдан бастап, шілде айы ішінде тірі маралдың мүйізін кесіп, панта дайындауға кірісеміз. Одан әрі мүйіздерді қайнату және кептіру арқылы консервілеу қажет. Пантаның бір килограмының орташа бағасы 250-270 доллар тұрады. Біз жылына 400-дей мүйіз кесіп, одан 700-900 кг дейін панта аламыз, - дейді 2009 жылдан бері осында жұмыс істейтін шаруашылық меңгерушісі Ержан Байзақов. – Біздің шаруашылықта 1500 бас ақ марал бар. Маралдарды ұстау үшін шаруашылық аумағы 8 саябаққа бөлінген. Маралдар сол жерлерде еркін жайылып, өсіп-өнеді. Саябақтардың алып жатқан алқабының периметрі 38 шақырым, биіктігі 2,5 метр болатын темір тормен қоршалған. Жалпы шабындық жерлердің аумағы 2000 гектарды құрайды. Биылғы қысқа 650 тонна шөп дайындадық, бұл өткен жылғыдан 100 тоннаға артық. Қыс мезгілінде жануарларды шағын саябақтарға енгізіп, сонда сәуірге дейін шөппен, құрамажеммен және пішендемемен қоректендіреміз.
Маралдар – жыл сайын көлемді, үлкен мүйіз өсіретін және оны түсіріп тастайтын бірден бір сүтқоректі жануар. Бұл маралдардың барлығында, олар емін-еркін жабайы жүрсе де, қамауда болса да басынан өткізетін жағдай. Марал пантасы немесе тау маралының қан толған жас мүйіздері бәрінен де бағалы саналады. Кесілген мүйіздер қайнату, кептіру және қуыру сияқты үш өңдеу процедурасынан өтеді.
Консервіленген пантадан дәрі-дәрмектер өндіріледі. Одан өзге маралдың еті мен қанының да емдік қасиеттері мол. Олардан құндылығы жо-ғары, адамның жүйке жүйесін қалпына келтіріп, иммунитетін белсендіретін және өмірлік күш-қуатын арттыратын – пантогематоген өнімі алынады. Пантамен емдеу-сауықтыру кешенінің демеалушылырды қабылдау маусымы маусым-тамыз айларына сәйкес келеді. Жайлы әрі ұқыпты ағаш үйлер, жаңа корпустар адамдардың ем қабылдап, демалуына аса қолайлы. Бұл жерде дәмхана, асхана жұмыс істейді. Демалушыларға 3 уақыт тамақ, басқа да түрлі қызметтер ұсынылады. Радикулит, гипертония, атеросклерозбен ауыратындар панта ваннасын қабылдап, денсаулығын қалпына келтіреді. Бұл жердегі ағаштан жасалған бөшкелердің ішінде отырып, марал пантасының сығындысымен қаныққан емдік шөптердің буымен булану адам денсаулығына кереметтей пайдалы емдеу тәсілі болып табылады. Фитобөшкенің адам ағзасына әсерінің бірнеше жағымды жақтары бар. Бөшке ішіндегі емдік шөптердің иісі аңқыған ыстық бу ағзаға оң әсерін тигізеді. Барлығымыз білетіндей, сауна мен монша ағзаға пайдалы әсер ете отырып денедегі улы заттарды тері арқылы шығарады. Алайда, көптеген адамдар үшін өзі ыстық, тымырсық жерде ұзақ отыру зиянды. Ал кедр фитобөшкесі тыныс алу жүйесіне салмақ түспейтіндей етіп, арнайы құрылған, яғни денеңіз толығымен ыстық бумен бусанып отырса, басыңыз бөшкенің сыртында еркін тыныстап отырасыз. Осындай емдік шаралардан соң, сізге нүктелік уқалау, ыстық шай ұсынады. Барлық шаралар медициналық қызметкерлер мен мамандардың кө-мегімен жүзеге асырылады.
Ержан Мержақыпұлының айтуынша, көктем мен күзде ауру жануарларды емдеу, ветеринарлық алдын алу екпелері жасалады. Маралдардың аурулары, мүйізді ірі қара малдыкіне ұқсас. Марал өсіруден басқа шаруашылықта МІҚ, МҰМ, шошқалар мен жылқылар да бар. Шаруа қожалығы жұмысшылары өз еті, өз сүті және кілегейімен қамтамасыз етіледі. Бір қызығы, маралдар жайылымдарда мүйізді ірі қара малға қарағанда жылқылармен бірге тату тіршілік ететіні.
Шаруашылықта жұмыс істейтін кадр-лар жайлы әңгіме бөлек. Бұл жерде еңбек істейтін тракторшы, малшы, марал бағушылар негізінен Пантелеймоновка ауылының тұрғындары. Жұмыс вахталық әдіспен ұйымдастырылғандықтан, адам-дардың өз отбасыларымен бірге болып, демалуына мүмкіндік бар. Жұмыс басында олар үшін қолайлы жағдай қарастырылған. Бөлек үйлер, әсем табиғат пен таудың кәусардай таза ауасы, жуынатын моншасы, асханасы толығымен мінсіз. Келгендерді құшақ жая қарсы алатын биязы мінезді Галина мен Жанар дәмді тағамдарды молынан алдыңызға қояды. Мәселен, біз келген күні Галина Дмитриевна иісі мүңкіген нан, бәліш пісіріп, қазақша ет асып қойыпты.
– Бүкіл өмір бойы аспаз болып жұмыс істеймін. Тамақ пісіруді ұнатамын. Бұл жұмыс маған күтпеген жерден бұйырды. Алайда, мен оған еш өкінбеймін, керісінше жақсы адамдарды кездестіргеніме аса қуаныштымын. Бұл жердегі азаматтардың барлығы да еңбексүйгіш, сыпайы. Ертең Риддерге балаларым мен немерелерім күтіп отырған үйіме барамын. 15 күннен соң қайтып келемін. Мені Пантелеймоновкада тұратын Жанар келіп ауыстырады, - дейді жымиып Галина Дмитриевна. – Вахтаға адамдарды әкеліп, алып қайтатын, азық-түліктерді таситын «Уазик» жүргізушісі Нұрлан Нұрсадықов өте сүйкімді және ашық-жарқын азамат.
Мұнда бір минут та бір орында отырмайтын оның бауыры Ерлан да жұмыс істейді. Шаруашылық меңгерушісі басқа жұмысшылар жайлы да оң пікірде. Мысалы, тракторшылар Юрий Михеев, Асқарбек Баяхметов, «КамАз» жүргізушілері Әлімқан Искаков, Максим Михеев, Григорий Артеменко, маралшылар Евгений Михеев, Александр Артеменко. «Барлығын кадрлар шешеді», дейді Ержан Мержақыпұлы. Иә, шындығында мұндай шаруашылықты өркендету үшін ерінбей еңбектенетін адамдар керек. Осында 22 адам жұмыс істеп жүр.
Шаруашылықта үш жыл бойы Зырян қаласынан келіп жұмыс істейтін маралшы Александр Артеменко бұл жердегі істің қыр-сырына әбден қанық. Ол бізге маралдың мүйізін қалай кесіп, кептіретінін және қалай сақтайтынына дейін бастан-аяқ түсіндіріп берді.
– Жыл сайын мүйіз кесу кезеңінде аталық маралдардың мүйіздерін арнайы жабдықталған станокпен кеседі. Бұрын қолмен істелінетін, қазіргі күні электропиламен кесеміз. Содан кейін панталар кептіретін орынға ілініп, желдеткіштің көмегімен құрғатылады. Барлық жұмыс-тар аяқталған соң панталар басқа жақтарға жібергенге шейін қоймаға сақтауғақойылады, - дейді Александр.
Бүгінгі таңда аталмыш пантамен емдеу-сауықтыру кешенін марал өсіру шаруашылығының мән-жайын жақсы білетін Оңтүстік Корея мемлекетінің азаматы Чо Ин Хо мырза басқарады.
- Чо Ин Хо мырза сонау 90 жылдардан-ақ панта сатып алу және өткізумен тек біздің елмен ғана емес, Ресейдің Бар-наул өлкесімен де жұмыс жүргізген. Бұрын «Ворсинка» деп аталған қазіргі «Мараленок» шаруашылығымен бұрыннан серіктестік жасаған. Бүгінгі таңда консервіленген панталардың басым бөлігі Оңтүстік Кореяның фармацевтикалық фабрикасына экспортталады, - дейді Ержан Мержақыпұлы.
Бүгінгі деңгеймен тұрып қалмай, келешекте шаруашылықты бұдан да кеңейте түсу жоспарда бар. Мәселен, табынды молықтыру, тұқымды асылдандыру үшін жаңадан аталық маралдар сатып алу. Бұлардың бәріне, әрине көлемді шығындар мен қаржы салу қажет деп есептейді шаруашылық басшылары.
Бүгінгі таңда, «Мараленок» демалу мен емдеу-сауықтыру шараларын қоса ұсынып, туристерді тарту арқылы өз дамуындағы жаңа айналымға күш алып келеді.

Қанат АПСАДЫҚОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз