ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қыркүйек айы Көкпекті ауданында егін орағы науқанының қызған шағы. Диқан қауымы жаңа астықты жинап алу қамына кірісіп кетті. Аудан бұл науқанға бірсыпыра дайындықпен келді. Жаңа астықты жинауға көмек көрсетіліп, шаруаларға арзандатылған жанар-жағар май берілді. Ендігі міндет осы науқанды ұйымдастырушылардың іскер-лігінде. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің дерегі бойынша бірқатар дәнді дақылдар 100 пайыз жиналған.

- Көктемде 829 гектар алқапқа егілген көкнайза толық жиналды. Гектарына 12 центнерден айналған дақыл былтырғы жылмен салыстырғанда өнімділігін ұлғайтты. Бидай 44 мың гектер орылды. Бұл жалпы бидай алқабының 93 пайызын құрайды. Орташа өнімділік 13 центнерден. Сонымен бірге, қазірдің өзінде арпа, сұлы, тары, қарақұмық жинау 100 пайыз аяқталды. Барлығы дәнді дақылдардың 94 пайызы орылды. Астық түсімі жақсы деуге болады, - дейді ауданның бас агрономы.

 

Көкжайықтағы егіске қолайлы жерлер астық-тың қай түрін ексеңіз де құлпыртып жіберетін қуатқа ие. Сондай-ақ, бұл өңірде шаруаның ырысын шалқытатын тәжірибенің жинақталғанына ұзақ болған. Қысқасы, егіс алқабынан алынатын мол өнім тұрғысынан Көкжайық ауылының диқандары көш ілгері. Біз ат басын тіреген алқап Үлкенбөкен – Көкжайық тасжолының оң жақ қапталы. Алыстан көз тартқан «Елім-айдың» алтын астықты алқабында қатарынан төрт комбайнмен қызу жұмыс жүргізіліп жатыр екен. Дала төсін ұлы дүбірге айналдырған комбайндардың көзге көрінгені болмаса, бізге ең жақыны екі шақырым жерде екені бірден байқалды. Комбайнын өшірместен сұрағымызға жауап берген механизаторлар шынымен де биыл өнімнің мол екенін, жылдағыдан бидайдың ерте пісіп, жұмысқа ерте кіріскенін, биылғы мол өнімге риза екенін еш жасырмады. Арнайы сапар барысында шіліңгір ыстықты елең құрлы көрмей еңбектеніп жатқан шаруаларға таңдай қағысып, жалпы елді қуантатын бірталай шаруаның тыңғылықты атқарылып жатқанына куә болдық.

Округ әкімі Нұрбек Сүлейменов жиын-терім науқанының сәтті аяқталарына сенім білдірді. Оған толық негіз барлығын жеткізген Нұрбек Сыдықұлы іргелі шаруашылық «Рустам» қожалығының егін алқабына бастады. Қайрат Дүйсембаев басшылық ететін шаруашылық егін оруды аяқтап та қалған екен. Қосаба аумағындағы егістікте «Рустамның» агрономы Нұрлыбек Ташубаевты әңгімеге тартудың мүмкіндігі туды.

- Қособа алқабында 4 комбайн жұмыс істеуде. Алынғанына 2 жыл болған заманауи техника жұмыс тиімділігін арттырды. «Есіл» мен «Ниваның» қарқыны қарымды. Ішінде барлық жағдай жасалған жаңа комбайнмен бітік шыққан астықты орудың өзі бір рахат. Жұмысшылар жасалған жағдайға риза. Шаруашылық басшысы мехнизаторлардың еңбекқорлығына тәнті. Осылайша берекемен табиғат Ананың мол тартуын қамбаға құйып алмақпыз. Биыл 6 мыңнан астам алқапқа егістік салынды. Арпаны уақытында жинап, бастырып алдық. Бидай өнімділігі 10 центнерден кем емес, - дейді агроном.

Егін орағының басты кейіпкерлері диқандардың еңбегі осындай. Бұл өңірде орақ науқаны өз мәресіне жақын. Егін салып, Жер Ананың ырыздығына кенелемін деген шаруалардың еңбегі ақталуда. Бірақ, алда әлі де үлкен белестер бар.

 

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз