Биылғы жылы талай ұл-қызды әкесіз, талай ата-ананы баласыз қалдырып, ер етігімен су кешкізген зұлмат соғыстың аяқталғанына 71 жыл. Бұл орайда, қаншама ержүрек батыр ата-әжелеріміз басын қатерге тігіп, ұрпақтарға бейбіт өмір сыйлады. Ал, ол ел үшін кеудесін оққа тосып, ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ізгілікті ісінің арқасы. Демек, Ұлы Отан соғысына қатысушы майдангерлер ерлігін бүгінгі және кейінгі ұрпаққа кеңінен насихаттап, оларды әркез өнеге тұту парыз. Осыған орай, аудан көлемінде ауқымды шаралар ұйым-дастырылып, майдангерлердің ерен ерліктерін ұлықтау мақсатында түрлі спорттық, мәдени шаралар өткізіліп жатқаны аян. Соның бірі ағымдағы жылдың, 14 мамырда өткізілген Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагері Қойсары Таныспаевты еске алуға арналған «Аралас жекпе-жек» спорт түрінен облыс деңгейінде турнир болды. Бұл шараның өтуіне мұрындық болған, ардагердің немересі Аслан Тыныспаев. Турнирге әр аумақтан 14 команда, 160 жуық спортсмендер қатысып, бақ сынас-ты. Аталмыш турнирға, Көкпекті ауданының намысын қорғаған Көкпекті ауылынан Р.Жүнісов, Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен Б.Сағынбаев және Сарыбел ауылдық округтің Новотимофеевка орта мектебінен Т.Қалиевтардың оқушылары болды. Олар барынша намысқа тырысып, командалық есеп бойынша І орынды қанжығалады. Сонымен қатар, облыс көлеміндегі турнирдің өтуіне көмек көрсетіп қол ұшын берген Көкпекті орта мектебінің ата-аналар комитетінің мүшелері Ш.Тө-лепбергенов, А.Гусейнова, Н.Жо-лымбетов, А.Мақсұтов, Н.Шапатов және мектептің дене шынықтыру бірлестігіне алғыстары шексіз.
Қазіргі таңда Қазақстанда спорттың ең бір дамыған түрі бокс десек, сірә қателеспейміз. Спорттың осы бір жарқын түрі елімізді дү-ниежүзіне танытып, әлемдік додаларда қан-жығамызды майлантып жүргені де рас.
Көкпекті орта мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Ауғанстан шекарасынан Кеңес әскерлерінің шығарылуының 27 жылдығына орай генерал-майор М.Д.Қалматаевтың жүлдесіне арналған «Болашақ-Сарбаз» аудандық әскери-спорттық ойындары өтті.
Өскелең ұрпақ біле жүрсін деген оймен жүлде иесі жайлы аздаған мәлімет бере кеткенді жөн көрдік. Кіндік қаны тамған жері Қалбатау өңірі болғанмен, өсіп-өнген, маңдай тері төгілген орны Көкпектінің, облыстың, республиканың тарихына енген биік тұлғалардың бірі, тіпті бірегейі
Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мәдени шаралардың бірі - республикалық «Шоқ жұлдыз» ән байқауы. Жас таланттарды қуаттау қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетте өткен өнер додасында еліміздің түкпір-түкпірінен келген дарынды жас өрендер бақ сынады. Дүниені дүбірлеткен тәуелсіз ел - Ұлы қазақтың жаңа ғасырының перзенттері өнерін ортаға салған балалар әлеміндегі ән мерекесінде бәйгеге түскен Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептің 6 «А» сынып оқушысы Бақдәулет Мұрат ауданымыздың мәртебесін асқақтатты.
Кез-келген мемлекеттің қуатты болуы, еңбекке қабілетті, ой еңбегі мен дене еңбегін қатар алып жүретін тәні мықты, рухы биік жандары көп елде ғана жүзеге асады. Халық даналығында: «Тәні мықтының, рухы мықты», «Дені саудың, жаны сау», «Денсаулық - басты байлық», «Спорт-денсаулық кепілі» деген сөздердің мәні тереңде жатыр.
«Мемлекетіміздің басты байлығы — ұрпақ саулығы» деп Елбасымыз айтқандай, халықтың денсаулығы басты қазынамыз екендігі рас. Қазіргі таңда денсаулық сақтау саласын жақсарту мақсатында көптеген жұмыстар қолға алынып, ауыз толтырып айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп келеміз. Ал, спортты денсаулық кепілі дейтін болсақ, ел намысы сыналатын салада да біршама өзгерістер орын алып келеді. Осыған байланысты еліміз аумағында түрлі үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, спорттық жарыстар, фес-тивальдер ұйымдастырылуда.
Біздің аудан да айтулы істерден қалыс қалып жатқан жоқ. Солардың бірі, Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орта-лығының ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, ағымдағы жылдың 27 сәуірі күні қызмет көрсетушілер арасында «Толағай» спорттық сайысы болып өтті. Сайыс сегіз кезеңнен тұрып, оған «Қыран», «Толағай», «Олимп» топтары қатысты. Әр кезеңде топ мүшелері ептіліктерімен, қырағылықтарымен көз-ге түсті. Олардың еңбектерін таразылаған сарапшылар, ойын соңында әділ бағаларын берді. Са-йыс қорытындысы бойынша І-орынды «Олимп», ІІ-орынды «Толағай» алса, ІІІ-орын «Қыран» тобының еншісіне тиді.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.