Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы жақындаған сайын ардагерлерге деген сый-құрмет легі арта түсуде. Жер-жерде Ұлы Отан соғысының ардагерлері құрметтеліп, түрлі мерекелік шаралар өткізілуде. Құттықтаулар мен жылы лебіздер, мерейтойлық сыйлықтар толастар емес. Алайда, Отан үшін от кешкен ерлерге қандай сый-құрмет көрсетсек те артық болмас!
Ауданымызда қастерлі де қасиетті мерейтойды лайықты қарсы алуға бағытталған жұмыстар осы негізде жүзеге асырылуда. Әз Наурыз мейрамында үш бірдей соғыс ардагері баспаналы болса, таяуда ғана тыл ардагерлері мерейтойлық медаль тағынды. Бейбіт күн үшін күрескен жеңімпаз жауынгерлер кезекті құрмет белгісін зор мақтаныш, үлкен толқыныспен қарсы алды.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.