IQanat білім беру бағдарламасы - бұл Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен қазақстандық кәсіпкерлердің ауыл оқушыларының Қазақстанда және шетелде жоғары білім алуға тең дәрежеде мүмкіндік алуына және аймақтардағы олимпиаданың іріктеу кезеңдерінен өтуге бағытталған жобасы. Жобаның бастамашысы және тең құрылтайшысы - Айдын Жұмаділұлы Рақымбаев.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: оқушының жоғары академиялық нәтижеге жетуіне мұғалімнің, ата-ананың және оқушының күш-жігерін біріктіру. IQanat - бұл ауыл мектептеріндегі оқушыларға көптеген пәндер бойынша өз ойын білдіруге және қабілеттерін бағалауға мүмкіндік беретін байқау. Көкпекті ауданының оқушылары жыл сайын мұғалімдердің жетекшілігімен осы сайысқа қатысады. Осы жылы Көкпекті ауданынан IQanat білім беру қорының олимпиадаларының 1-турына 9 сыныптың 700-ден астам оқушысы қатысты. Оның ішінде 210 бала 2-ші айналымға түсті. Қордың негізін қалаушы Айдын Жұмаділұлының арқасында мұғалімдерге және ата-аналарға IQanatUstaz байқауына қатысу мүмкіндігі берілді, оның басты мақсаты - оқушылардың жоғары академиялық жетістіктерге жетудегі мұғалімдердің, ата-аналардың күш-жігерін біріктіру.
Толығырақ...
6 сәуірден бастап Қазақстандағы мектептер қашықтан сабақ беру форматын іске қосты. Осы орайда төртінші тоқсан аясында мектеп оқушыларына телесабақтар қалай өткізіліп жатқаны туралы арнайы Көкпекті ауданы білім бөлімінен білген болатынбыз. Олардың ақпараты бойынша 2020 жылдың 6 сәуірінен бастап 37 жалпы білім беретін мектепте қашықтықтан оқыту ұйымдастырылып, онда 4077 оқушыны 850 мұғалім қашықтықтан оқытады.
Аудандағы мектептерде қашықтықтан оқыту жүйесі мынандай форматта:
1) аудандағы 33 мектепте онлайн режимінде қашықтықтан оқыту ұйымдастырылған, оларда 3978 оқушы оқиды.
2) «Балапан» және «Еларна» телеарналары арқылы оқыту 4 мектепте өтеді, 99 оқушы кері байланысты қағаз түрінде жүргізеді. (Қарақол негізгі мектебі - 17 оқушы, Палацы негізгі мектебі - 26 оқушы, Бигаш негізгі мектебі - 50 оқушы, Воздвиженка бастауыш мектебі - 6 оқушы)
3) ауданда 4077 оқушы республикалық «Отау» телеарналары арқылы оқиды (1226 оқушы «Еларна», ал 2851 оқушы «Балапан» телеарнасынан)
4) Оқытушылар мен оқушыларға уақытша пайдалануға 300 компьютер берілді, оның ішінде мұғалімдер - 65, оқушылар - 235 (көп бала-лы отбасылардың балалары -125, аз қамтылған отбасы - 90, мәртебесі жоқ оқушылар - 20). 2020 жылғы 9 сәуірдегі жағдай бойынша 128 отбасынан 194 оқушыға маршрутизаторлармен және желіге қашықтықтан жұмыс істеу үшін тұрақты интернет байланысы орнатылды.
6 сәуірден бастап елімізде мектеп оқушыларын қашықтықтан оқыту бастау алды. Оқушылар мен ата-аналарды сансыз сұрақ мазалап жүргені анық. Бірақ уайымдаудың қажеті жоқ. Педагогтар онлайн жұмысқа қажетті порталдар мен бағдарламаларды меңгеруде. Ал интернетке шығу мүмкіндігі жоқ ұл-қыздар үшін сабақ теледидар арқылы өткізіледі. Әдетте тақта алдында тұрып сабақ түсіндіретін ұстаздар экранның алдына жайғасты.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың таралуын пандемия ретінде бағалау туралы шешім шығарғалы, әлемді жайлаған COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуы-на жол бермеу шаралары жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев 2020 жылдың 16 наурызында Қазақстан халқына телевизиялық үндеуін жолдап, Президент жарлығымен Қазақстанның аумағында да төтенше жағдай енгізілді. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 12 наурыздағы №20, 2020 жылғы 1 сәуірдегі №30-ПГВр қаулылары негізінде ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету мемлекеттік комиссиясының 2020 жылғы 16 наурыздағы №1, 20 наурыздағы №2 және 26 наурыздағы № 6 хаттамаларын орындау мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылдың 14 наурызындағы № 108 және 2020 жылдың 1 сәуірінде № 123 Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы бұйрығы шығарылды.
Толығырақ...
Ұрпағымыз білімді, болашағымыз жарқын болуы үшін жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру – бүгінгі күннің басты талабы. Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағының иегері, ХХІ ғасырда Қазақстанның туын аспандатып, тұтқасын ұстар тірегі жан-жақты білімді, жоғары мәдениетті ұрпақ. Оқушы жетістігі әрқашан ұстазын қуанышқа, шаттыққа бөлейді. Өнерде де, білімде де, спортта да биік белестерден көрініп жүрген оқушылар жетерлік. Солардың бірі, Үлгілімалшы ауылындағы Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінің 6 сынып оқушысы - Еркежан Айдарханова.
Еркежан Айдарханова 2008 жылы 10 тамызда Үлгілімалшы ауылында дүниеге келген. Отбасындағы үш баланың кенжесі болғандықтан есімін ата-анасы Еркежан деп қойыпты.
Еркежан – өте талантты, өнер мен білімді ұштастырып жүрген алғыр да жан-жақты оқушы. Еркежанның тағы бір қыры өзі білім алып отырған Абай атындағы мектеп-балабақша кешенде үкілі домбыра үйірмесіне қатысады, сондай-ақ осы үйірме негізінде құрылған «Балдаурен» домбырашылар оркестрінің мүшесі болып, 2019 жылы 1 қарашада Семей қаласында өткен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына ар-налған «Ұлттық ұлы мұрасы» атты Халықаралық өнер және білім фестивалінде «Аспапта ойнау» бөлімі бойынша Дипломант атанған.
Көкпекті ауданының білім беру бөлімімен қашықтықтан оқытуды жүзеге асыру бойынша жұмыс тобын құру туралы бұйрық шығарылып, онда оқушыларға көмек көрсету, әрбір оқу пәні бойынша ағымдағы және қорытынды бақылау тәртібі белгіленді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 01.04.2020 №123 "Білім беру ұйымдарында, пандемия кезінде COVID-19 коронавирустық жұқпасының таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы" бұйрығы негізінде, 2020 жылдың 6 сәуірінде аудан мектептері қашықтықтан оқытуға көшеді.
Көкпекті ауданында 37 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 4077 оқушы оқиды, оның ішінде 2851 оқушы қазақ тілінде , 1226 оқушы орыс тілінде оқиды. Ауданда 3637 оқушы онлайн режимде, оның ішінде интернет арқылы 1720 оқушы, 1917 оқушы мобильді интернет арқылы оқиды. 440 бала қағаз тасығышта оқитын болады.
Білім беру ұйымдарымен қашықтықтан оқыту үшін 286 компьютерлік техника берілді. Оның ішінде 115 көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, 82 аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға, 20 компьютер - басқа санаттағы балаларға, 69 компьютер - педагогтарға берілді.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.