Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...
Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...
Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...
10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...
Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...
Ауылдың сыртқы көрі-нісі, оның гүлденуі мен көркеюі жасалған еңбектің, тұрғындардың адами қасиеті мен эстетикасының айнасы болып табылады. «Сырт көз – сыншы» деген. Олай болса, Көкпекті ауылына келген адам оның сыртқы көрінісіне қандай баға берер еді? Дәл қазіргі уақытта бұл жауабы оңайлықпен беріле қоймайтын сауалға айналды.
Әрине, ауылдық округ әкімшілігі тарапынан бұл мәселе назарға алынып, жұмыстар жүргізіліп-ақ жатыр. Алдымен мұны әкімшілік ғимаратының ауласынан байқаймыз. Түрлі-түсті гүлдер отырғызылып, көгалдандырылған жер құлпырып, аулаға ерекше сән беріп тұр. Айналадағы арамшөптер қырқылып, темір қоршау боялған. Сондай-ақ, аудандық және ауылдық әкімшілік алдындағы жолдың шетіне гүлзарлар қойылған болатын. Қазір онда әрдайым суарылып тұратындықтан жайқалып, күн нұрына малшынған қанық түсті гүлдер өсіп тұр. Ауыл орталығындағы дүкендер маңындағыа көлік тоқтайтын орынға асфальт төсеу жұмыстары да қарқынды орындалып жатыр.
Облыс орталығы Өскемен қаласында аудандардың ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі жалғасуда. 10 маусым күні қалалықтарға Көкпекті және Зайсан аудандары бірлесіп мол өнім ұсынды. «Fresh market» сауда кешенінің аумағында орын тепкен жәрмеңке қалыптасқан дәстүр бойынша өте жоғары деңгейде өткізілді.
Толығырақ...Жылдағы қалыптасқан дәстүрге сай биылғы жылы да мамыр айының 25-і күні аудандағы барлық мектептерде соңғы қоңырау үні сыңғырлады. Көкпекті ауданындағы барлық білім беру ордаларында мектеп оқушылары сап түзеп, ұстаздар қауымы жыл қорытындысын жасап, ал түлектер алтын ұяларымен қоштасты. Бұл игілікті шара Көкпекті ауылындағы білім ордалары Ж.Шайжүнісов және Көкпекті орта мектептерінде де салтанатты түрде орын алды.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев.