Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тәу етер тәуелсіздікке қол жеткен соң, ұлттық мәдениет пен ұлан-байтақ дәстүрді тануға ұмтылыс басталды. Ұлттық дамудың семіп қалған тамырына қайта нәр құйылып, өркениеттің тәжі тұғырға қонды. Өткенді мұқият зерделемей, келешектің кемелденбесін ұқтық. Мемлекетіміздің тарихи бастауларына сапар шегіп, құс қанаты талатын Ұлы даланы қорғап қалған бағзы бабаларымызға тағзым жасадық. Сол тиекті тағылымға «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы мұрындық болды. Бұл тәуекел ел мүддесін көздеген ең ұлы оқиғалар шеруіне ұласты.
Тасқа қашалған тарих та, көнекөздерден жеткен дәйекті дерек те ерте заманның өзінде қазақ жерінде іргелі мемлекет болғандығын әйгілеп қана қоймай, оның өз уақытына лайық шаруашылығы, терең мәдениеті бар екенін көрсетті. Ешкімге дес бермеген, еш нәрсеге мойымаған халқымыз бертінде тап болған бодандықтың бұғауынан босап, еркіндік туын қайта қолға алды. Ендеше бұл бағытта аңсап жеткен азаттықтан ешқашан ажырай алмасымыз анық. Бірлігі бар елдің іргесі берік болатынын ілгері заман әйдіктеді. Біз жаңа дәуірдің табалдырығын еңсемізді көтеріп аттадық.

Толығырақ...

Тәуелсіздікті әркім әртүрлі түсінеді. Бірі оны – ар мен ождан айқасы десе, бірі Тәңірден келген тәтті сыйға балайды. Әрине, алғашқы теңеудің артық-кемі жоқ. Ал екіншісі көңілдің желімен айтылған лала лебіздей көрінеді кейде.
Неге десеңіз, бабаның мөрдей қанымен, ананың көлдей жасымен келген азаттықтың ақ таңын кәдесыйдай көру – тарихы ықылым дәуірлермен шектесіп жатқан жас мемлекетіміздің байтақ мәнін бәсеңдететіндей.
Ұлы Отанымыз бүгінге дейін небір қиындықтарды еңсерді. Алда ұлы мұрат жолында әлі талай асулар жатыр. Біздіңше, тәуелсіз буын түсінігіндегі «Тәуелсіздік» басқаша болуы тиіс.

Толығырақ...

Бағдар мен белес
Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл –қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз де осындай жолдан өтіп келеміз.
Азаттығымыздың айшықты белесіне шыққанда әрбір саналы азаматты «Отыз жылда біз қандай жетістіктерге жеттік?», «Келер ұрпаққа қандай елді аманаттаймыз?», «Мемлекеттігімізді нығайта түсу үшін тағы не істейміз?» деген сауалдар толғандырары анық. Осы тұрғыдан алғанда, бұл – арман-мақсаттарымызды тоғыстырып, болашаққа тың серпінмен қадам басу үшін өткенге тағы бір мәрте оралатын, жетістіктеріміз бен кемшіліктерімізді ой елегінен өткізетін маңызды мезет.

Толығырақ...

Халықтың әлеуметтік әл-ауқаты алдымен баспана мәселесіне байланысты екендігі белгілі. Осы орайда былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындарының зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана алу сияқты шұғыл қажеттіліктерге пайдалануына мүмкіндік беретін арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырған болатын. Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында да бұл мәселе айтылады. Президенттің бұл тапсырмасы жан-жақты пысықталып, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген жаңа бағдарлама бойынша алдағы жылдан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 721 мың салымшысы өз жинағының бір бөлігін баспана алуға, емделуге жұмсай алады немесе басқарушы компаниялардың иелігіне бере алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Үкіметтің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте түсініктеме берді. Сала министрінің айтуынша, Бірыңғай зейнетақы қорынан жинақтардың бір бөлігін жоғарыда айтылған қажеттіліктерге алу құқығын келесі азаматтар пайдалана алады:
1.Зейнетақы жинақтары бар еңбекке жарамды жастағы азаматтар -жеткілікті шектен асатын соманың бір бөлігі; (шамамен 529,7 мың адам)
Негізгі қағидат - зейнетақы жинақтары азаматтардың жинақтаушы зейнетақы жүйесінен болашақ зейнетақымен қамтылуы үшін қажет. Сондықтан белгілі бір сома зейнетақы шотында қалуы тиіс. Осы соманың артығын азаматтар өз қалауы бойынша жоғарыда көрсетілген қажеттіліктеріне пайдалана алады.

Толығырақ...

Құрметті отандастар!
Құрметті Парламент палаталарының төрағалары, депутаттар, Үкімет мүшелері!

Құрметті Парламент палаталарының төрағалары, депутаттар, Үкімет мүшелері!
Парламенттің кезекті сессиясының жұмысы күрделі кезеңде басталып отыр.
Елімізде жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда.Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік.Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды.
Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттердің арқасында жүзеге асты. Өзгеге қол ұшын созып, тілеулес болу, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды екені анық байқалды.
Дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, еріктілерге, кәсіпкерлерге және осындай шақта бей-жай қалмаған барша азаматтарға шын жүректен алғыс айтамын. Сіздер айрықша табандылықтың және зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсеттіңіздер.
Бұл Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің көрінісі деп санаймын.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз