«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

«МУСИАД ҚАЗАҚСТАН» – тәуелсіз тауар өндірушілер және кәсіпкерлер ассоциациясы» ҚҚ су тасқынынан...

Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

Мечеть Махмут-бей в деревне Касаба в Кастамону — последнее сооружение на маршруте анатолийских...

Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

Кастамонудағы Қасаба ауылындағы Махмут бей мешіті Анадолы ағаш мешіттерінің жолындағы соңғы...

  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10
  • ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

    ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

    08.04.2024 07:13
  • Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

    Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

    04.04.2024 05:04
  • Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

    Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

    04.04.2024 05:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауылында халықтың әл-ауқатын арттыру мен аудан экономикасын нығайту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып, экономикалық көрсеткіштер өскен. Ауылда сәулетті нысандар салынып, тұрғындар бұл күнде игілігін көруде. Дамудың даңғыл жолына түскен аудан орталығында бұдан басқа да ауыз толтырып айтарлық жетістік көп. Ауылдық округтің әкімі Қайрат Алғазыұлы сөзін ауылдың қазіргі тыныс-тіршілігінен бастады. Бұдан кейін әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, соңғы жылдары қолға алынған бірқатар маңызды шаруалар мен атқарылған жұмыстар жайлы айтып берді.

- Ауылдық округтегі көріктендіру, абаттандыру жұмыстары қалай жүргізілуде?
- Соңғы бір-екі жыл көлемінде аудан орталығы Көкпекті ауылы көзтартарлықтай өзгеріп келеді. Көкпекті ауылында саябақтар салынып, жолдар мен көшелер жөнделді. Сонымен қатар саябақты абаттандыру, жаяу жүргіншілер жолына брусчатка төсеу, субұрқақ, орындықтар, жарықтандыру шамдары, қоқыс жәшіктерін орнату, қоршауларды бояу, көгалдар мен жасыл желектерді отырғызу жұмыстары атқарылды.


Аудан орталығындағы көріктендіру, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары ауылдық округ әкімі мен округ әкімшілігі қызметкерлерінің тікелей қатысумен жүзеге асырылады.
Туған өлкемізді жасыл желекке бөлеп, тазалықты сақтау – баршамызға ортақ міндет. «Туған жерге туыңды тік» деген халық даналығын ескерсек, өскен ортамызды абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына атсалысу әрбір тұрғынның азаматтық ұстанымы болуы тиіс. Ауылдың көркін ашатын да, келбетін келісті етіп, әрін арттыратын да – оның тазалығы мен жайқалған жасыл желегі. Бұл екеуі болмай ауылға сән кірмейді, тамырына қан жүгірмейді. Жоспарға сәйкес, аудан орталығында тал көшеттері мен гүлзарлар отырғызылып, аймақ жас көшеттермен көмкерілді. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасын тауып, аудан орталығын жасыл желекке айналдыру үшін көптеген жұмыстар жасалатын болады. «Ұлы дала елі» алаңындағы, 36 пәтерлі үйдің маңындағы және "Заречка" аумағында орналасқан су бұрқақтардың құрылысы толығымен қалпына келтіріліп, іске қосылды. Қабанбай батыр көшесіндегі жаяу жүргіншілерге арналған жол мен тас жол арасына асфальт төсеу жұмыстары аяқталды. Қатты тұрмыстық қалдықтар төгетін орын тазаланып, қоқыс шығарылды.
Аудан орталығындағы сауда орындары мен қызмет көрсету нысандарының сыртқы келбетін талапқа сай келтіру бойынша жеке кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіледі. Алайда нәтиже болмай тұр. Осы орайда әрбір кәсіпкер өзінің меншігіндегі ғимараттың сыртқы келбетін күтіп ұстап, аумағын тазалап, салғырттық танытпауын сұраймын.

- Ауылдық округ аумағындағы тұрғындардың үй жануарларын ұстау ережесі сақтала ма?
- Тәртіп пен тазалықты сақтайтын тұрғындар болғанымен, бес саусақ бірдей емес дер едім. Ауыл тұрғындары ескертулерге қарамастан үй жануарларын қараусыз бос жіберіп, елді мекен аумағында мал ұстау ережесін сақтамайды.
Ауылдық округ әкімі ретінде тұрғындардан ауыл ішіндегі алаңдарға үй жануарларын бей-берекет, қараусыз жібермеулерін ескерте кетемін. Күн санап көркейіп келе жатқан аудан орталығының ажарын ашатын әрбір тұрғынның жауапкершілігі мен азаматтық берік ұстанымы.

- Осы орайда қоғамдық орындардағы азаматтық жауапкершілік қандай деңгейде?
-Қоғамдық орындардағы азаматтық жауапкершілікті сақтау - адамның рухани, мәдени жетілуінің деңгейі, тәрбиесінің маңызды көрсеткіші. Әр ауыл тұрғыны тазалық пен тәртіпті өзінен бастау қажет. Өйткені, көрікті аудан орталығының көше бойлары мен саябақтары, өзен сулары мен жасыл желектері аға буынның кейінгі ұрпаққа қалдыратын ең бағалы сыйлығы. Жоғарыда айтып өткенімдей кейбір тұрғындар аудан орталығында айналаға сән беріп тұрған сәулетті құрылыстарды, саябақтарды аяусыз қиратып, ескерткіш тақталарға жазу жазып, мәдениетсіздігін көрсетеді. Жеңіс саябағындағы Кеңес Одағы батырларына арналған ескерткіш бюсттерге, саябақ, скверлердегі орындықтарға кескілеп, сурет салып, жазба қалдыру жылдар бойы атқарылған жұмысты жоққа шығарады.

 

- Жолдар мен көшелерді жөндеу жұмыстары жалғасын таба ма?

- Көкпекті ауылына биылғы жылы жолдарды жөндеуге 97350,0 мың теңге бөлінді. Сол қаражатқа Қабанбай батыр көшесінің (АЭС, "заготзерно" бағыты), Төлебаев, Желтоқсан, Күшімбаев, Хамит Тоқтамысов көшелерінің жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Әбішев, Ырғызбай, Қабанбай батыр, Абылайхан, Абай көшелеріндегі шұңқырларды жабу жұмыстарына 12000,0 мың теңге жұмсалды. Ағымдағы жылы 36 пәтерлі үйдің ауласына және құрылысы жаңадан салынған 40 үйдің жанынан балалар ойын алаңын, воркаут салу жұмыстары басталады. Сонымен қатар заман талабына сай, ескі аялдамалардың орнына жаңасын орнату жұмыстары жүргізіледі.

- Вакцина алуға қатысты халықпен жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстары қаншалықты нәтижелі?
- Соңғы уақытта көпшілік арасында вакцина алу, яғни екпе алу туралы әңгіме жиі айтыла бастады. Бұл, әрине, бүкіл әлемді дүрбелеңге салған коронавирус инфекциясының адамзатқа ажал сеуіп, ауыр зардап шектіріп, айылын жимай отырғанына тікелей байланыс-ты туындап отыр. Вакцина алу көптеген инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында ертеден-ақ кең қолданылып келеді.
Көкпекті ауылдық округ әкімдігі қызметкерлері медицина қызметкерлерімен бірлесіп, тұрғындардың үйлерін аралап, вакцина алу маңыздылығын түсіндіруде. Біз округтің барлық тұрғындарына вакцина алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмысқа жауапты түрде және түсіністікпен қарауларын сұраймыз. Екпе алу туралы халық арасында насихаттау мен түсіндіру жұмысы бәрімізге ортақ іс. Әлеуметтік желілердегі вакцина жайлы жалған ақпарат пен хабарламаларға сенбей, екпе салдырып, өздеріңіз мен жақындарыңыздың өмірін сақтауға шақырамыз.

- Көкпекті ауылдық округі бойынша әлеуметтік нысандардың қысқы маусымға дайындығы қандай?
- Көкпекті ауылдық округіндегі әлеуметтік сала нысандарының 2021-2022 жылғы қысқы жылыту маусымына дайындық барысын зерделеу мақсатында жұмыс жүргізілді.
Қайрат Алғазыұлының мәлімдеуінше округтегі білім, мәдениет, денсаулық саласы қысқы жылыту маусымына дайын. Жұмыс барысы кезінде округ әкімі нысандарды аралап, мекеме басшыларына қыр астында қыс қылышын сүйретіп келетінін ескертіп, атқарылмай қалған жұмыстарды тез арада атқару керектігін ескерткен.
- Бүгінде әр қазақстандық өзінен «Туған ауылымның өркендеп, дамуы үшін қандай үлес қостым?» - деп сұрауы керек. Егер әр азамат осылай пайымдайтын болса, бүкіл еліміздің дамуына қарқын қосарына менің сенімім мол. Халық, аудан басшылығы сенім артып, жауапкершілік жүктеген соң, мен Көкпекті округі әкімі лауазымын адал атқарып, туған ауылымыздың көркейіп, дамуы жолында тынбай жұмыс істеуім қажет.
Көкпекті ауылдық округінің әкімі ретінде түпкі ойым да, мақсатым да ауыл халқының әл-ауқаты жақсарса, жастарымыз білім алып, еңбек етсе, ауылымыз көркейіп, дамыса алдағы күз, қыс айларында ауыл тұрғындары қыстан қиналмай шықса. Тұғырлы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойын өз дәрежесінде атап өту үшін, шын адал ой тілекпен жұмыс атқарып жатырмын, - деп ойын түйіндеді округ әкімі.

Сұхбаттасқан
Шолпан Асылбекқызы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз