Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Президент Қ.К.Тоқаев еліміз тәуелсіздік алған 28 жыл ішінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен жеткен жетістіктердің бәріне баянды бірлігіміздің, тәуелсіздігімізді нығайтуды негізге алғанымыздың арқасында қол жеткізгенін атап өтіп, алдағы уақытта осы алға қойылған мақсаттарды үздіксіз жүзеге асыра беретінін айтты. Үкімет алдына бірнеше шараларды жүзеге асыру қажеттігін нақтылылап берді. Соның бір дәлелі жолдаудың екінші тармағы толығымен сот пен құқық қорғау саласына арналып азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету деп аталуы болып отыр. Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі факторы –бұл сот пен құқық қорғау жүйесіндегі күрделі реформалар болып табылады. Судьялардың Конституциямен бекітілген Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асыратынын, сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейтінін, нақты істер бойынша судьялар есеп бермейтінін және сот шешімін шығару кезінде заңды және ішкі сенімді басшылыққа алып шешім шығару құқығын ескере отырып, сот шешімдерінің сапасын арттыру, сот шешіміне мұқият талдау жүргізу жұмысын және бірыңғай сот тәжірибесін қалыптастыруды қолға алу қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар, осыдан бұлай соттарға дауларды шешкен кезде қосымша айғақтар жинау бастамасын көтеру құқығын беру, аталған дәлелдемелерді жинау міндеті жеке азаматтарға немесе бизнес өкіліне емес мемлекеттік органдарға жүктеу керектігі аталып өтті. Осы уақытқа дейін сот саласын «гуманизациялау» мақсатында шамадан тыс қудалау мен сот төрелігінің қатаң жазалау тәжірибесінен бас тартқан едік, алайда қазіргі кезде елімізде ауыр қылмыстар саны азаймай жекеленген адамдардың құқықтары бұзылуда. Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және де басқа ауыр қылмыстарға қатысты қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайтуды қолға алу қажеттілігі туып отыр. Кінәсіздік презумциясы қағидасын сақтау қажеттілігін үнемі ұмытпау қажет. Кінәсіз адамның жауапкершілікке тартылу фактілеріне жол бермеу қажеттілігі де тілге тиек болды.


Сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі де күн тәртібінен түспей тұрған мәселелердің бірі. Аталған қылмыс жасаған мекеменің бірінші басшысының жауапкершілігін заңнамалық және нормативтік тұрғыдан нақтылау қажетілігі атап өтілді. Құқық қорғау жүйесін де толық реформалау аса маңызды міндеттердің бірі екендігі, алдағы уақытта полицияның мемлекеттік күштік құрылымнан өзгертіп, қауіпсіздік қамтамасыз ету үшін азаматтарға қызмет көрсететін органға айналдыру кажеттілігі де аталды.
Біз де өз тарапымыздан Президенттің алға қойған міндеттерді толық іске асыруына үлесімізді қосайық.

Н.Жаныбекова,
Көкпекті аудандық соты төрағасының м.а.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз