Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық», «Құтты мекен» жобасы аясында Көкпекті адандық филиалында көптегенген игі шаралар мен ізгі істер жүзеге асырылуда. Байырғы партия мүшелері Гүлбаран Акшабаева, Клара Смаилова ханымдар аттан түспей аудандық қызметке араласса, Клара Нүрпейісова қоғамдық шаруаны тыңғылықты тындыруда. Біздің әңгімеміздің арқауы көпбалалы ана Самар ауылындай құтты мекенін тастап көшіп кетпеген, ардагерлерін ардақтап отырған зейнеткер Нурпеисова Клара Қабыләшімқызы туралы болмақ.
Клара Қабыләшімқызы Самар аудандық әкімшілігінің жалпы бөлімінде аудармашы, тілдер комитетінің бас маманы, аудандық мәслихаттың бас маманы, аудандық радиторабының бөлім басшысы, 24 жылдан артық аудандық газеттің редакциясында тілші, жауапты хатшы, аға тілші болып қызмет атқарған. Бүгінде Клара Қабыләшімқызының ұйымдастыруымен, аудан әкімінің қолдауымен 2010 жылы Самар ауылында «Асыл қазына» әжелер ансамблі құрылды. Осы әжелер ансамблі жұмысын клуб дәрежесіне жеткізді. Он жыл бойы ұлттық өнерді насихаттауға атсалысуда. Клубтың мақсаты өскелең ұрпақты тәрбиелеу, отансүйгіштікке, патриотизмге, өнерге баулу. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ұлтымыздың салт-дәстүрін ұрпақ бойына сіңіру. Өзі бес бала тәрбиелеп өсірген Клара, сүйікті жұбайы, асыл азаматы Әділқан Ақанұлы екеуі балаларын да өмірде өз жолдарын табуға үйретті. Олар еліміздің түкпір-түкпірінде, әр саласында табысты еңбек етіп жатқан азаматтар. Алты немересі бар –ерекше жақсы көретін екі немересі Алматы қаласындағы инновациялық мектептеріде білім алуда.


- Қазақтың қаймағы бұзылмаған, бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп өскен аға буын салып кеткен дара жолды абыроймен жалғастырып келе жатқан «Асыл қазына» ансамбілінің әжелері шығармашылыққа жақын, сөзге шешен екені бізге мәлім және оған қашанда бас иеміз. Ансамбілдегі әжелер тобы 13 адамнан тұрады. Музыкалық жетекшіміз, мәдениет саласының ардагері Нечаева Тамара Ивановнаға алғысымыз шексіз. «Әр әженің де өмірде өзіндік орындары бар ардақты да асыл аналар», - дейді, әңгімесін арыдан өрбіткен Клара Қабыләшімқызы. Ансамбль мүшелері - Мустафинова Әнипа Садыққызы - педагог, мұғалім, тәрбиеші, Манапова Марғума Дәуітқызы, Хасенова Айман денсаулық саласынан, Жұмақанова Шолпан Сибатқызы – үй шаруасында, Закирова Қарлығаш Базарбекқызы, Балажанова Мәншук Қамбарқызы – сауда саласы, Азанбаева Қапиза Сейтқамзақызы кітапхана саласының маманы алғаш құрылған сәттен бастап қатысқан және кейін қатарға қосылған әнші әжелер Сегізбаева Гулжайна Толықбайқызы - тұрмыстық қызмет көрсету саласынан, Әлімбаева Дәме Қайырбайқызы – байланыс саласынан, Айдынгул Жәлел, Коммуна Құрманғали – үй шаруасындағы апалар әсем дауыстарымен халық әндерін тамылжыта салады.
Дәстүр мен мәдениетті насихаттау арқылы, жастарға рухани азық беру, жаһандану кезеңінде ұлттық мұраларды ұмытпауға арналған іс-шара 10 жылдық мерейтой соның көрінісі болмақ.
Рухани қазынамыздың бастауына бұлақ болып құйылып, оның шалқыған дарияға айналуына өз үлестерін қосып, келер ұрпаққа ұлағатты үлгі, өшпес із қалдырып жүрген әжелерге сансыз мың алғыс айтамыз. Әжелердің жан саялары жарқырап, мерейлері үстем болсын!

Р.Наурызбаева,
«Nur Otan» партиясы Көкпекті аудандық
филиалының партиялық бақылау тобының
төраймы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз