«KÓKPEKTI» қоғамдық танымдық журналының тұсаукесері «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалының мәжіліс залында өтті. Әдебиет, тарих пен мәдениет әлемінен хабардар етер тағы бір басылым жарыққа шықты.
Аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаиловтың қолдауымен «KÓKPEKTI» журналы қатарға қосылды. Бастапқыда 683 данамен жарыққа шыққан журналдың тұсаукесеріне ішкі саясат бөлімі басшысы Бек Нұғыбаев, кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалы директоры Әлия Мұқашева, «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Гүлбаран Ақшабаева, тарихи-өлкену мұражай қорын сақтаушы Клара Смаилова, жазушы Ратбек Арын, аудандық орталық аурухана басшысы Әсем Рахымбаева, ардагерлер мен жазылушы оқырмандар келді. Сонымен қатар, Мұрат Ұлтарақов, жастардың көшбасшысы Азамат Қалықов сынды айтулы азаматтар да журналдың оқырманға берері жөнінен сөз қозғады.


Журналдың ақылдастар алқасының төрағасы - Асхат Сайдахметұлы Смаилов, мүшелері - Мұхамедолла Сағидолаұлы Ағзамов – Көкпекті ауданының Құрметті азаматы, Ратбек Смағұлұлы Арын – жазушы, аудан тарихының білгірі, шежіреші, Мұхтарбек Кәрімов – тарих ғылымының кандидаты, Шәкәрім Университеті профессоры, Дәурен Бақытжанұлы Қойгелдин - аудан әкімінің орынбасары, Нұржан Қуантайұлы - Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің аға оқытушысы, ақын-жазушы, Бек Назарбекұлы Нұғыбаев – ішкі саясат бөлімі басшысы, Әлібек Түсіпбекұлы Саржанов – мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы, Сләмбек Насырбайұлы Мұқашев – аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы, Айдархан Фазылғаламұлы Садықов - Самар ауылдық ардагерлер кеңесі төрағасы, Ерден Оралбай - Ә.Марғұлан атындағы археология ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, Елена Павловна Сихварт – Самар ауылдық орталық кітапхана директоры.
24 беттен тұратын, түрлі-түсті, сапалы қағазда басылатын журналдың бас редакторы – ақын Дархан Бердібек. - Ұлттық рухтың Көкпекті өзеніндей жігерлі, қарқынды жаршысы болсын деп басылымды «KÓKPEKTI» деп атадық. Жалпақ жұртқа, әсіресе, жас, есті кісілерге арнадық. Халықтың, аудан тұрғындарының журналына тек үздік, сапалы шығармаларды жариялауды мақсат еттік – дейді, Дархан Бердібек тұсаукесерден бұрын айтқан тілегінде. Шын мәнінде журнал әшекей, қызылды-жасылды беттерімен де, ішіндегі мәнді де мазмұнды жазбасымен баурағаны жөн.
Журналдың тусауын кескен «Жұлдыз» газетінің ардагерлері Дәметкен Захарова мен Күләш Жабаева аудандағы басылымдар туралы естеліктерін айтып, «KÓKPEKTI» журналына ақ жол тіледі. «KÓKPEKTI» журналы өзінің Қараш тауларындағы аңшыларға, Қайыңдыдағы орманшылар мен маралшыларға, Зайсандағы балықшыларға, Байбура мен Үміштегі жолшыларға, Қойтастағы кеншілерге, Жұмбадағы омарташылар мен Егінбұлақтағы малшылар арасындағы талғамы зор оқырмандарына жол тартты. Сәт сапар саған, баспасөз әлеміне аттанған жаңа басылым.

Қайрат БЕСБАЙЫС

Пікір:

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз