Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2013 жылғы 20 қарашада Судьялардың VI съезінде берген тапсырмаларын және Съездің қаулысын іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру және оны оңтайландыру мақсатында Жоғарғы Сотымен жергілікті соттардың интернет-ресурстарында «Сот құжаттарымен танысу», «Сот кабинеті» электронды сервистері іске асырылған.

Қазақстан Республикасының азаматтық іс-жүргізу кодексінің (бұдан әрі мәтін бойынша – АІЖК) 150 бабының 1 бөлігіне сәйкес, «талап арыз сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілу» мақсатында жүзеге асырылуда. Ал, АІЖК-нің 150 бабының 2 бөлігіне сәйкес «талап арыз сотқа электрондық құжат нысанында берілгенде оған азаматтық іс-жүргізу кодексінің 150 бабының 1 бөлігімен көзделгендей электронды түрдегі құжаттардың көшірмелері тіркеледі».

 «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесінде «Электрондық өтініш беру», «Талап арыз беру», «Хаттама көшірмесін беруге арыз», «Сот отырысының хаттамасына арыз-ескертпе», «Төлем чегін тексеру», «Сот істерін іздестіру», «Сот отырысының жазбаларын көру» және «Хабарламаларды, хабарлама қағаздарды, сотқа шақыру қағазын алу» электрондық сервистері жүзеге асырылды.

 «Сот кабинеті» сервисіне кіру үшін сізде электронды цифрлық қолтаңбаңыз болу керек. ЭЦҚ-ны халыққа қызмет орталығынан алуға болады. Үйде отырып алып «Сот кабинеті» арқылы мысалы талап арыз беру үшін интернеттегі  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Интернет-ресурсында www.sud.kz сайтқа кіріп, сайттың оң жақ шетінде «Сот кабинеті» қосымша бетіне кіріп, қарапайым ғана тиісті әрекеттерді жүзеге асырып арызыңызды тиісті сотқа жөнелте аласыз. Бұл талап арыз сотқа түсіп қабылданған уақытта сізге тіркелгені жөнінде хабарлама келеді. Бұл сервис әрі тиімді, әрі көп уақыт алмайды.

 М.Маутканова, Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының жетекші маманы 

Көкпекті ауданының ішкі істер бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесі ювеналдық полиция тобы тұрғылықты халыққа 2014 жылдың 14-16 қазан аралығында аудан аумағында «ТОП» жедел алдын алу өткізілетінін мәлімдейді.

Жедел алдын алу шарасының мақсаты жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалар мен жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үй-жайдан тыс жерлерде болуына жол бермеуі болып табылады.

Осы кең көлемдегі шара полиция қызметкерлерінің күшімен ғана өткізілмейді, оған мүдделі мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдар, жұртшылық қатысатынын хабарлаймыз.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері тарапынан заңдылықты бұзған жағдайда Көкпекті ауданының ішкі істер бөлімінде «сенім телефоны» қызмет етеді. Көкпекті ауылы бойынша 2-17-94, Самар ауылы бойынша 21-004.

Р.Ибраев,Көкпекті АІІБ ӘПБ КТІБ УПИ

полиция капитаны 

«Нұр Отан» партиясының 15 съезі барысында партия төрағасы Н.Назарбаев «Саяси көшбасшылықтың принципті мәселесі ретінде сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресудің стратегиясын әзірлеуді» тапсырған болатын. Осы мақсатта жемқорлыққа қарсы күресудің 2015-2025 жылдарға арналған Бағдарламасының жобасы жер-жерде талқылануда.

Таяуда бұл Бағдарламаның жобасы  құрамында 81 партия мүшесі бар Биғаш селолық округінің бастауыш партия ұйымында «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел - өркендеуші ел» атты идеологиялық сабақ аясында қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, жиын өткізіліп Бағдарлама жобасы  талқыланды.

2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл бағдарламасы – Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы  қызметтің барлық тәжірибесі мен осы саладағы жалпы әлемдік үрдістерді ескере отырып дайындалған. Бағдарлама мемлекеттің азаматтардың және қоғамдық ұйымдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қайратын барынша жұмылдаруға бағытталған.

Сондай-ақ «Қоғамдық  бақылау туралы» заңдарды қабылдау туралы бағдарламада нық жазылған. Әрбір азамат жемқорлыққа қарсы тұрып, тосқауыл қоймайынша нәтижеге жету мүмкін емес. Ел ертеңі үшін аса қауіпті кесел - жемқорлықпен күресу бәріміздің міндетіміз. Сондықтан да бұл істі заман талабына сай жұмыла жолға қоюымыз қажет

Р.Наурызбаева, «Нұр Отан» партиясы аудандық

филиалы  саяси кеңесінің мүшесі      

 Көкпекті   аудандық ішкі істер бөлімінің  әкімшілік полициясы бөлімшесі  2014 жылдың  07-09 қазан аралығында  аудан аумағында  «Қарсы қозғалыс жолағы» және «Тонировка» жедел алдын алу  іс-шаралары өткізілетінін хабарлайды.

 Бұл шаралар  көлік жолдарындағы  апаттардың болуына  байланысты  өткізіліп отыр. 3 күн бойы ішкі істер  бөлімі мен әкімшілік полициясы бөлімі  өз қызметін күшейтуді енгізеді. Аудан жолдарында  жол-көлік оқиғаларының алдын-алу және оның салдарының ауырлығын төмендету мақсатында, жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері жөнінде аудан халқына құқықтық түсіндіру және жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

 «Қарсы қозғалыс жолағы» және «Тонировка»  жедел-алдын алу іс-шарасының мақсаты: жол  апатын азайту, көлік құралдарын алкогольдік мас күйде басқару және аудан жолдарындағы апаттардың алдын алуда жедел түрде шаралар қолдану  болып табылады.  Кең көлемде өткізгелі отырылған шара тек  әкімшілік полиция қызметкерлері тарапынан ғана өткізілмейді, оған АІІБ жеке құрамы, мүдделі мемлекеттік органдар, мемлекеттік емес құрылымдар  және елді мекендердің қатысуымен өткізіледі.

АІІБ қызметкерлері тарапынан заң бұзушылық фактілері, сол сияқты жергілікті тұрғындардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты сұрақтарына Көкпекті ауданының ішкі істер бөлімінде «сенім телефоны» жұмыс істейді. Көкпекті ауылында  тел.2-17-94,  Самар ауылында тел. 2-10-04

 Қ.Алғазинов, Көкпекті АІІБ ӘПБ бастығының орынбасары

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.Жемқорлық деген не? Жемқорлық ұғымы заманауи құқықтық сөздік қолданысында кеңінен қолданылады және терең тарихи тамыры бар.  Жемқорлық  - мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері. Мемлекетте жемқорлықтың бел алуы көлеңкелі экономиканың пайда болып, экономикалық өсу қарқынының тежелуіне және әлеуметтік, саяси шиеленістердің асқынуына ұрындырады. Жемқорлық жасалу түрлеріне қарап екіге бөлінеді: жекелеген лауазымды қызметкерлер жасаған қылмыстық іс - әрекет және бірнеше лауазымды қызметкерлер бірігіп жасаған қылмыстық іс-әрекет. Сыбайлас жемқорлық түсінігі - өзінің пайдасы үшін пайдалануды білдіретін термин. Оның тарихи тамыры көздеген мақсатқа әуре-сарсаңға түспей жету үшін сыйлық жасау әдетінен шығады. Базалы сыйлық оның өтінішінің орындалуына көмек болады. Олар өз кірістерін жалақыдан анағұрлым көбейту үшін өздерінің қызмет өкілеттіктерін пайдалануға тырысады.  Біз өзгелер сыйлайтын ел боламыз десек сыбайластыққа қарсы бітпес күрес ашуымыз қажет. Осы орайда елбасымыз нақты тапсырма берген болатын. Өзінің туған елін, туған өлкесі ғасыр көшінен қалып қоймауын қаламайтын әрбір саналы азамат жемқорлықты ауыздықтау ісіне өзінің үлесін қосуы тиіс. Ол үшін әрқайсымызда осы мәселеде өз азаматтық ұстанымды айқындап, оны түбірімен жоюға атсалысуымыз қажет. Сыбайлас жемқорлық ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтыры мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Сондықтан да жемқорлықты арамыздан аластату, оны қоғамымызға жат қылық ретінде ашып көрсету, оған қарсы күресу баршамыз болып жұмылатын маңызды іс. Оны тек заң қызметкерлері ғана жүзеге асырады деп, қоғамға жат істі баршамыз болып бірлесе  күреспей, одан бойымызды аулақ ұстасақ, ол бұрынғының үстіне өрши түсетіні белгілі.  Осыған байланысты әрбір мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау бағытында іс-шаралар жоспарлары белгіленді. Аталған бағытта атқарылып жатқан шаралардың басты мақсаты-мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғам институттары қызметін үйлестірудің тиімділігін арттыру жолымен қоғам өмірінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету. Сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге бағытталған заңнамаларға қарамастан еліміздің барлық саласында да сыбайлас жемқорлықтың қаупі бар. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендететіні, қоғамда демократиялық оң өзгерістерді жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіретіні белгілі. Ең бастысы-адамдардың қоғамның демократиялық бастауларына, заң мен шындыққа, сайып келгенде билікке деген сенімін әлсіретеді. Сонымен қатар. сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстан-2050» Стратегиясы- қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында, сыбайлас жемқорлықтың ауқымы мен салдарын нақты бағалап, осы қауіпті құбылыспен қатаң және шешуші түрде ымырасыз әрі жан-жақты жоспарлы күрес жүргізуді басты мақсат екенің  ерекше атап өткен болатын. Бұл сыбайлас жемқорлықпен күресудің маңызды қыры. Елбасының бүгінгі  таңда алға қойып отырған міндеті мен талабы да осы. Олай болса қоғам, оның әр мүшесі болып жемқорлықпен ашық күрес жүргізгеніміз дұрыс болар. Сыбайлас жемқорлықпен күрес көптің белсене атсалысатын ісі!

 М.Маутқанова, Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының жетекші маманы

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз