Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ауданымызда газ құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін орындамау нәтижесінде 2 өрт оқиғасы орын алған.
Мысалы: 2020 жылдың 3 сәуірінде Подгорное ауылында 62 жастағы егде әйел адам, тұрғын үй иесі, газ баллонын орнату кезінде редукторды дұрыс орнатылуын тексеріп алмай, ашық отты пайдаланған. Соның нәтижесінде тұрғын үйдің ішінде өрт шығып, тұрмыстық техника мен жиһаз бүлініп, тұрғын үй иелеріне үлкен материалдық шығын келген. Осындай жағдай 2020 жылдың 15 маусымында Самар ауылының маңындағы Добролюбовка учаскесіндегі тұрғын үйлердің бірінде де орын алып, бір адам күйік жарақатын алған. 2019 жылы газ құрылғыларын пайдалану кезінде 2 өрт оқиғасы орын алған.


Сондықтан тұрғындарға газ құралдарын қауіпсіз пайдалану ережелерін еске саламыз.
Газ баллондарын тік күйінде, желдетілетін ғимараттарда сақтау қажет және оларды көмуге, жертөледе сақтауға болмайтынын біліңіз.
Газ баллоны мен газ құрылғыларының құбырларын жылыту көздерінен және тікелей күн сәулелерінен қорғауды қамтамасыз ету керек.
Газ баллонын айырбастау кезінде маңайда ашық оттың, шоқтардың және қосылып тұрған электр құрылғыларының болмауын қадалағаңыз. Айырбастау алдында жаңа салынатын және таусылған баллонның крандары жабық тұрғанына көз жеткізіңіз. Жаңа газ баллонын қойғаннан кейін сабынды судың ертіндісі көмегімен құрылғылардың қосылған жерлерінің беріктігін тексеріңіз.
Газ плитасы мен газ баллонын бір-біріне қосу үшін арнайы белгіленген ұзындығы 1 метрден аспайтын қауіпсіздік бекітпелерімен бекітілген жұмсақ резина шлангісін қолданыңыз және оның созылуы мен қысылып қалуына жол бермеңіз.
Газ құрылғыларын тексеру мен жөндеуді тек тәжірбиелі маманға тапсырыңыз.
Қолданылмайтын бос немесе толтырылған баллондарды ғимараттан тыс жерде сақтаңыздар.
Тағамды дайындау кезінде қайнаған сұйықтықтар жанып тұрған газды сөндіріп, газдың үйге таралып кетуіне жол бермеңіз. Жұмыс аяқталғаннан кейін газ баллонның кранын жабуды ұмытпаңыз.
Газ плиталарының жандыру құрылғыларын үнемі тазалап отырыңыз, олардың ластануы үлкен қайғыға әкелуі мүмкін.

Көкпекті ауданының ТЖБ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз