Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінде аудан әкімі С.Қ.Садуақасовтың Сарыбел ауылдық округіне барған жұмыс сапарында тұрғындар ауылдық округтің, ауылдың дамуына қатысты бірқатар мәселелерді ортаға салды. Бұл жағдайлардың барлығы газетте жарық көрген. Мән-жайды толық анықтау үшін Серікқазы Құсайынұлы аудандық қызмет мамандарынан арнайы комиссия жіберді, олар апта бойы өз құзыреті шегінде тексеріс жасап, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

16 қыркүйек күні аудан әкімі С.Қ. Садуақасов, орынбасары Ж.Т.Майкенев және аудан әкімі аппаратының мамандары Сарыбел ауылының тұрғындарымен кездесіп, атқарылған жұмыстардың қорытындысын жария етті.

Жер қатынастары бөлімінің басшысы Қуат Алкенов ауылдағы жер мәселелері туралы баяндады. Ибраев, Кирко, Стряпчев, Берік және басқа да тұрғындар шабындық жерлерді ресімдегісі келеді. Ол үшін мемлекеттік корпорацияда объектілерді ресімдеудің дұрыстығы мен заңдылығын анықтау талап етіледі. Дәлірек айтсақ, бір аптадан соң ауыл әкімі мен мамандарда осы мәселе бойынша толық ақпарат болады. Көпбалалы анаға ЖТҚ үшін жер телімін бөлу мәселесі құжаттардың дұрыс ресімделмеуіне байланысты қосымша қайта қарауды талап етеді. Сондай-ақ тұрғындар Бетқайың учаскесіндегі жердің кімге тиесілі екендігін біліп беруді сұрады.
Жайылымдар туралы. Индосекторда ауылдың 150 бас малы күн сайын өріске жіберіледі. Ауыл аумағында 5 мың гектарға жуық жайылымдық жер қоры бар, олар үйдегі ірілі-ұсақты мал үшін жеткілікті болуы тиіс.
Осыған байланысты Серікқазы Құсайынұлы ауылдық округ әкіміне осы аумақты мал жайылымы үшін пайдалануды ұсынды. Жалпы, бөлім маманы атап өткендей, даулы мәселелер шешілді, жеке қосалқы шаруашылыққа берілген жерлердің тізімі жасалды.
Мал бағуды ұйымдастыру мәселесі бойынша ауыл әкімі Аслан Тілеуұлы бір адамды таңдап алғанын, ол маусымның соңына дейін жұмыс істейді деп үміттенетінін айтты. ҚТҚ полигонын қалпына келтіру үшін мемлекеттік акт жасалып, орналасқан жері анықталды, қаражат бөлу қажет.
- Полигонды қалыпқа келтіру үшін ЖСҚ жасау қажет. Округтен қанша салық түсті? Мысалы, осы қаражаттың бір бөлігін қатты тұрмыстық қалдықтар орынын қалыпқа келтіруге жұмсауға болады, содан кейін еңбек биржасынан бір адамды жауапты ретінде қойып, ол полигонды тұрғындардың дұрыс пайдалануын бақылайды, - деп атап өтті аудан әкімі.
Мұқтаж жандарға атаулы және материалдық көмек көрсету бо-йынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары өтініш беруші Мария Догырмен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Округтің су құбыры жүйесі қайта жаңартуды талап етеді, ол 80%-ға ескірген, соның салдарынан үнемі судың жетіспеушілігі байқалады. Су тарту мен су құбырын қалпына келтіру үшін 150 млн теңге қажет,- деп мәлімдеді, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қ. Жылқышев.
Аудан әкімі орынбасары Ж. Майкеневке мамандарға су құбыры жүйесін қайта жаңартуға қаражат бөлу туралы жобалау сметалық құжаттар және облыс әкімінің атына хат дайындауды тапсырды.
Округ аумағында құқық бұзушылықтың алдын алу туралы Самар ПБ ЖПҚ басшысы Төлеубек Қалиев хабарлады. Жалпы округ бойынша рейдтік іс-шаралар кезінде жергілікті полиция қызметкерлерімен және облыстық ЖПҚ қызметкерлерімен жазғы кезеңде құқықтық тәртіп бұзушыларға 40 хаттама толтырған. Сондай-ақ, 25 хаттама ауыл тұрғындарына егістікті малға таптатқаны үшін және басқа да құқықбұзушылықтар үшін рәсімделді. Бұрынғы учаскелік инспектор отбасылық жағдайына байланысты Самар ауылына ауыстырылды, учаскелік инспектордың орны әлі бос және басшылықтың бақылауында. жаңа қызметкер келсе округте тұруға және жұмыс істеуге жағдай бар.
Кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы М.Смағұловтың ақпараты бойынша, ауыл аумағында 350 орынға арналған 12 демалыс базасы жұмыс істейді, олардың барлығы жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген. Ауыл тұрғындарының ішінен 100-ден астам адам тізім бойынша 2016 жылдан бастап ЖҚШ (жеке қосалқы шаруашылық) үшін жер алды.
- Ауыл ішінде туризм болмайды! Жер бөлуге мораторий жариялаймын - деп түйіндеді аудан әкімі. - Жеке қосалқы шаруашылық үшін бөлінген жерлерде демалыс базалары салынуы - заңсыз. Жерді алған адамдардың тізімдерін тексеріп, жерді пайдаланбайтын адамға нұсқау беріп, жерді қайтарып алу қажет. Барлық көтерілген мәселелер ауылдық округ әкімінің құзыретінде. Халықпен жұмыс істеп, олардың түйінді мәселелерін шешу қажет. Егер ол жұмыс істемесе, аудандық қызмет мамандарына хабарласу керек. Округте ақсақалдар, әйелдер және қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Барлығымен бірлесіп, ортақ жиындарда көкейкесті мәселелерді, мысалы, 2021 жылға арналған жоспарларды талқылау керек. Біз, мемлекеттік қызметкерлер, халыққа қызмет етеміз, сондықтан біз олардың мұң-мұқтажын тыңдауға тиіспіз.
Кездесу соңында ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Закиров ауыл тұрғындары атынан аудан әкімі С. Қ. Садуақасовқа апта бойы қаралып, қорытынды жасалған мәселелерге жіті назар аударғаны үшін алғыс білдірді. Ауыл тұрғындары елді мекен шегінде жер бөлуге және істің мән-жайын анықтауға мораторий болғанын қолдайды. Ал аудан басшысына жемісті еңбек етуіне тілектестік білдірді.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз