Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан әкімі С.Сәдуақасовтың тапсырмасы бойынша күз мезгілінде өтетін дәстүрлі санитарлық тазалықтың айлығы басталды. Тазалық маусымы аудан орталығы және ауылдық округтер аумағында ағымдағы жылдың 2 қыркүйегі мен 2 қазаны аралығында өтеді. 

Ауылдардың аумақтары мен көшелерінде тәртіп орнату бәріне лайықты эстетикалық пішін беруді білдіреді: бұл ғимараттардың келбетін өзгерту, дизайнға жаңа көзқарас, сәулет формаларын жасау, аумақты тазарту және көгалдандыру, үй-жайларды күтіп ұстаудың заманауи принциптерін енгізу, қоршауларды жөндеу және т. б.
Бірақ, өкінішке орай, кейбіреулер үшін тәртіп — бұл тек іспен ерекшеленетін сөздер. Елді мекендерді абаттандыру және санитарлық жағдайы ауданның бақылау қызметтері мен ведомстволарының жіті назарында.


Жергілікті әкімдік ұйымдарды, аумақты тазалау бойынша жұмыстарды жүргізудің бекітілген жоспарымен таныстырды. Оған сәйкес мекемелер өз аумақтарында және оларға бөлінген көшелерде тазалық сақтауы, сондай-ақ атқарған жұмыстары туралы округ әкімшілігіне фотоесеп жіберуі тиіс.
Жарияланған тазалық айлығы аясында алғашқы сенбілік 2 қыркүйекте Көкпекті ауылдық округінде өтті. Ауылдық округ әкімдігі мамандарының ақпараты бойынша, аумақты тазалауға мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, аудандық кітапхананың, ауыл шаруашылығы бөлімінің, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының, аудандық "Жұлдыз-Новая жизнь" газетінің редакциясы, Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің, «Шуақты Шұғыла», «Көкпекті Толағайы» балабақшасының ұжымдары және жергілікті әкімдік қызметкерлерінің өздері шықты. Аталған ұйымдар аудан басшысының тапсырмасын орындағанын растайтын тиісті фотосуреттер жіберді. Қалғандары тапсырманы елемеді, немесе фотоесеп бермеді.
Сенбіліктер тұрақты түрде жалғасатын болады. Айлық соңында арнайы комиссия атқарылған жұмыстың қорытындысын шығарады.
Ауданның барлық тұрғындарының құлағына алтын сырға - туған ауылымыздың түрленіп, көркеюі үшін тазалықты ұмытпайық! Қажет уақытында сенбілікке шығып, өз үйіміздің маңайын жинап, тазалыққа, ұқыптылыққа бо- йымызды үйретейік. Таза және әдемі көшелермен жүрудің өзі бір ғанибет!

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз