Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотында 2019 жылғы 27 және 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген өзгерістерді талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге соттың судьялары және жергілікті Самар полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты. Өзгерістер туралы айта келе, сот төрағасы Б.Қаджиақпаров 63 құқық бұзушылық құрамы мемлекеттік органдарға соттың қарауынан берілгенін, бұл соттың жүктемесін төмендететінін атап өтіп. Ұсақ бұзақылық және жалпы аумақтарды ластау құрамы сараланған, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс 434-2-баппен толықтырылып, жауапкершілікті көздейтін ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау оның ішінде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау Ішкі істер органына берілетіндігіне тоқталды. Өзгерістердің маңызды бағыттарының бірі - бұл әкімшілік істерді жылдам қарау, тараптарға істі дереу қарау туралы өтініш беру құқығын ұсыну,сақтандыру төлемдерін алу мерзімдерін қысқару мақсатында сот қаулысының заңды күшіне ену екендігіне де басты назар аударды.


Сонымен қатар, миграциялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке, мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін жауапкершілік күшейтілгеніне, құқық бұзушылықтың кейбір құрамдары бойынша әкімшілік жазаның баламалы түрлері енгізілгені жөнінде өзгерістер туралы айтылды.
Судья А.Амреева үйде зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек пен көмек көрсетудің құқықтық тетіктерін белгілейтінін, соттың бастамасы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 54-бабына сәйкес құқық бұзушының мінез-құлқына заңмен ерекше талаптар қоюға болатындығын түсіндірді, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар үшін санкциялардың өзгергенін, сондай-ақ соттың юрисдикциясынан белгілі бір құқық бұзушылықтардың мемлекеттік органдарынаөткендігін айтып өтті.Іс-шара соңында қатысушылар тақырыпқа қатысты мәселелерді талқылап, пікір алмасты.

Көкпекті ауданының
№ 2 аудандық сотының баспасөз қызметі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз