Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

24.10.2019 жылы Көкпекті аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды дұрыс және сапалы рәсімдеу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған шараға Көкпекті аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары және сот мамандары қатысты.
Дөңгелек үстел барысында сот төрағасының м.а. М.К.Букбаев әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің заңда көзделген мерзімде дұрыс қаралуы толтырылған хаттаманың сапасына тікелей байланысты екенін, алайда кейбір әкімшілік істер бойынша хаттамалардың дұрыс толтырылмайтыны, істердің дұрыс ресімделмейтін фактілері кездесіп жататынына назар аударды.


Сонымен қатар, әкімшілік хаттама толтыру мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қарау керектігін, сауатты және мұқият толтырып, ҚР ӘҚБтК-нің 803 бабына сәйкес құқықбұзушылық жасалған орны, уақыты және сипаттамасы туралы толық ақпаратты көрсетіп, ҚР ӘҚБтК-нің 806 бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау мерзiмдерiн сақтау қажеттілігін айтып өтті.
Дөңгелек үстелге қатысушылар өз пікірлерімен және ұсыныстарымен бөлісіп, аталған шараның ұйымдастырылуы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әкімшілік-құқықтық жүйесіндегі сауаттылығын арттыру бағытында өте маңызды екендігін атады.

Көкпекті аудандық сотының баспасөз қызметі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз