Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Автобус» Республикалық жедел алдын-алу іс-шарасын өткізу аясында 10 қазан күні Көкпекті ПБ бастығы, полиция полковнигі Р.К.Камзиннің басшылығымен тақырыптық дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына «Nur Otan» партиясының өкілі Аида Тоғусова, аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Гаухар Каребаева, Ж.Шайжүнісов атындағы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Саягүл Тлебал-дина, Көкпекті орта мектебінің директоры Нұргүл Сарманова қатысты.
- Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарында қоғамдық көліктің қатысуымен болған апаттылықтың жай-күйін талдау жол қозғалысын қадағалаудың әлсіреуін куәландырады. Респу-блика бойынша ағымдағы жылдың басынан бері автобус жүргізушілерінің кінәсінен 316 ЖКО тіркелген, онда 51 адам қаза тауып, 553 адам жарақат алған. Осыған байланысты ішкі істер министрлігі 10-17 қазан аралығында Көлік комитеті мен жергілікті атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу туралы шешім қабылдады. Аталған іс-шараның мақсаты автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүкті тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру және өз қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты желіде (ауданаралық, қалааралық, облысаралық және халықаралық қатынастарда) бақылауды жетілдіру болыптабылады, - деді Көкпекті ЖПБ басшысы кіріспе сөзінде.


Жедел-профилактикалық іс-шаралар кезінде учаскелік полиция инспекторлары тартылды, жолаушылардың заңсыз тасымалдаушыларын анықтау бойынша мобильді топтар құрылды. Бұл ретте жүргізушілерінде тиісті құжаттардың болуына ерекше көңіл бөлінеді, олардың еңбек және демалыс режимін сақтауға, жүргізушілерді рейс алдындағы медициналық тексеруден өткізу және т. б.
Руслан Қабдықалықұлы балаларды оқу орындарына тасымалдайтын автобустардың техникалық жағдайына да ерекше назар аударылатынын атап өтті. Қазіргі уақытта біздің аудан бойынша 17 автобус күн сайын балаларды тасымалдауды жүзеге асырады. Тұрақты және тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыратын автобус парктері жоқ.
Іс-шара барысында дөңгелек үстел қатысу-шылары аудан аумағында жолаушылардың, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша пікір алмасып, ұсыныстар енгізді.

Виктория ГАРМАШОВА 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз