Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» атты Ұлт жоспарындағы басты тапсырмалардың бірі –бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған әрбір сотталған адамға қоғамда өз орнын табуға көмектесу болып табылады.
Бұл қамшының сабындай қысқа өмірде қателеспейтін адам болмайды. Ең бастысы сол істеген ісінен сабақ алып, қайталап қателікке бой алдырмау керек. Сондай-ақ, бізде есепте тұратын азаматтардың ішінде қателігінен сабақ алып өмірге деген құлшысы артқан азматтар жетерлік. Пробация қызметі қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға тартылған сотталғандарға қатысты өз қызметін жүзеге асырады.
ШҚО бойынша Көкпекті аудандық № 1пробация қызметі аудандық ішкі істер органдарымен қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға тартылған сотталғандарға профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
Қайта қылмыс жасауға бейім сотталғандарға қадағалау күшейтіліп, Көкпекті аудандық ІІБ ӘПБ учаскелік полиция қызметкерлерімен есепте тұрған сотталғандар жайында уақытылы ақпараттар алмасып, оларды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріп, профилактикалық әңгіме-сұхбат өткізеді. Қазақстанда пробация қызметі заңдылықты жетілдіру бағыты болып табылады.


«Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға және пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету» жобасын іске асыру аясында Көкпекті ауданына ШҚО «Антарес» қоғамдық қоры арнайы іс сапармен ауданымызда болды. Бұл жолғы кездесу ең алдымен Үлкенбөкен ауылындағы ерекше режимдегі мектеп-интернатында мектеп оқушылары және Көкпекті ауылындағы БЖСМ оқушылары арасында бірнеше спорттық шаралар өткізумен басталды. Кездесу Көкпекті ауданы бойынша пробация қызметімен бірлесіп ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Антарес А» қоғамдық қорының қызметкерлері пробация қызметінің есебінде тұрған адамдармен құқықтық және психологиялық кеңестер өткізіп 6 адамға әлеуметтік азық-түлік өнімдері салынған пакеттер берді .
Міне, Пробация қызметінің есебіндегілер осылайша қоғам өміріне бейімделіп келеді. Бүгінде олар жасаған қателіктерінен сабақ алып, кейбіреулері отыз күн ораза ұстап, ниеттерін түзеуде. Пробация қызметінің есебінде тұрған осы және өзге де азаматтардың түзеліп, қоғамдағы қалыпты жандардың біріне айналарына берік сенім білдіреміз.

Клара  ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз