Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті әкімі аппаратының мәжіліс залында 6 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің тергеу басқармасының қылмыстық құқық бұзушылықтарды және басқа да заң бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен жағдайларды жою жөніндегі шараларды қолдану бойынша ұсынысы қаралған аудан активінің жиналысы болып өтті.
Аталған ұсынысты қарауға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Ұлттық бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары - Танабаев Рустем Ерсімбекұлы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Тергеу басқармасы басшысы Қаратай Дәурен Ералыұлы арнайы келді. Көкпекті ауданы активінің жиналысына аудан әкімдігінің басшылары, маслихат хатшысы, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары, ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері мен есепшілері, аудандық құқық қорғау органдарының басшылары (прокуратура, ішкі істер бөлімдері, жергілікті полиция қызметі), әділет, статистика, кірістер және қазынашылық басқармаларының басшылары, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері қатысты.


Күн тәртібіне келесі мәселелер енгізіледі: «Көкпекті ауданының арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» және «Көкпекті ауданының № 1 балалар – жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналды мемлекеттік мекемелерінің бас бухгалтерлеріне қатысты бюджеттік ақша қаражатын ұрлау фактілері бойынша болды.
Алғашқы сөз кезегін алған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Ұлттық бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары - Танабаев Рустем Ерсімбекұлы алды. Ол сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жою әдістерінің бірі ретінде орталықтандырылған бухгалтерия құру идеясын айтты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Тергеу басқармасы басшысы Қаратай Дәурен Ералыұлына берілді. Жиналыс соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауап алынды.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз