Қазақстанда ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландырудың мемлекеттік бағдарламасының бекітілгеніне осымен үшінші жыл, ол 2004-2009 жылдары қарыз алған күрделі ипотекалық кредит алушылардың жалғыз тұрғын үйін сақтап қалуға бағытталған. Бағдарлама бойынша сыйақы мөлшерлемесі бұрын-соңды болмаған 3% құрады. Бағдарламаның мақсатты тобының шарттылығы сонда, 2008-2009 қаржылық дағдарыс жылдары қазақстандықтар жұмыстарынан айырылды, бизнес кіріс әкелуді қойды және қарыздарды өтеу мәселесі алда тұрды.
Ипотекалық нарыққа қосымша жүргізілген мониторинг, ағымдағы экономикалық ахуалдың осал жері валюталық ипотекалық қарыз алушылар болып табылатынын көрсетті, себебі валюталық бағамдардың ауытқуы олардың қарыз мөлшеріне әсер етті.

Толығырақ...

Дәстүр бойынша қазан айы бүкіл әлемдік халықаралық қарттар күнін атап өтеді. Қарияларға қамқор болу – барша қоғамның және біздің міндеттеріміз. Бұл күндері біз әріптестерімізге, ата-аналарымызға және зейнеткерлік жастағы барлық адамдарға құрмет білдіреміз. Қарттарымыздың ағарған шаштары халқымыздың даналығы мен тәжірибесін сақтауда. Олар еліміздің гүлденуіне көп күш-жігерлерін жұмсады. Тәуелсіз еліміздің нығаюына үлес қосты. 12 қазан күні қарияларға арналып Үлкенбөкен ауылы әкімшілігінің бастамасымен үлкен мереке өткізілді. Мерекелік дастархан басына жиналған қарттарымыз ән айтып, би билеп көтеріңкі көңіл-күйде отырды. Қарияларымызға зор денсаулық, ұзақ өмір тілей отыра, зейнеткерлеріміздің мемлекет назарынан еш уақытта тыс қалмайтынына кәміл сенеміз. Ауыл орталығындағы Жеңіс саябағында орналасқан субұрқақтың ашылу салтанатына қатысқан қарттарымыз ауыл тұрғындары үшін жасалып жатқан игі бастамаларға ришалықтарын білдірді. Мерекелік дастарханды ұйымдастыруға демеушілік жасаған шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлерімізге алғысымызды білдіреміз. Қарияларымызға ұзақ өмір, қадірлі қарттық тілейміз.

Қ.Баймолдина, клуб меңгерушісі

Көкпекті ауданы әкімінің аппараты ғимаратында аудан әкімі А.Смаилов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға жазылған тұрғындар аудан әкіміне өтiнiш-тiлектерiн жеке-жеке жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады.

Қабылдауға келген азаматтар негізінен жұмысқа орналасу, материалдық көмек көрсету, несиелендіру, жалақы өндіру туралы және жер мәселесі бойынша жүгінді.
Алғашқы болып Самар ауылынан Алтынай Сабирова денсаулығына байланысты қаржылай көмек беруін сұрады. Өтініш иесінің мәселесін тыңдай келе, аудан басшысы Асхат Сайдахметұлы арнайы комиссияның шешімімен бір реттік материалдық көмек берілетінін жеткізді.

Толығырақ...

Ағымдағы жылдың 29-30 қыркүйек күндері Астана қаласында өткен Шығыс Қазақстан облысы күніне орай Көкпекті ауданы ауылшаруашылық өнімдерінің кезекті жәрмеңкесіне қатысып қайтты. Көкпекті ауданының молшылық сыйын үлкен ықыласпен қабылдаған астаналықтар Шығыс өлкесінің ұсынған өнімдерін қуанышпен сатып алысты.

Бас қаламыз Астанада өткен жәрмеңкеге аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин, Тассай, Құлынжон, Самар және Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округтер әкімдері, аудандық ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Бауыржан Абылғазыұлы, Көкпекті мал дәрігері бөлімінің маманы Жандос Әзікенов қатысты. Аудандық ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің ақпараты бойынша облыстық ауылшаруашылық басқармасының жүктемесіне сәйкес бұл жолғы жәрмеңкеге ауданның ауыл шаруашылығы саласының ұжымдары 2 тонна картоп, 1 тонна бал және 2 тонна балық өнімдерін апарыпты.

Толығырақ...

Халықаралық қарттар күнін мерекелеу қарсаңында Көкпекті ауданының №2 сотының төрағасы Н.Нұралинов Самар ауылының тұрғыны Лидия Дмитриевна Клейнді құттықтады. Лидия Дмитриевна Клейннің жұбайы Владимир Фридрихович Клейн сот саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен болатын.
Зейнеткермен әңгіме барысында Лидия Дмитриевна жолдасының заң саласындағы еңбегі жайлы әңгімеледі.
Клейн Владимир Фридриховичтың 1990-1996 жылдары Самар аудандық сотының төрағасы болып қызмет атқарған. Қазір Лидия Дмитриевна жалғыз тұрады, бірақ 78 жасында ол болашаққа үмітпен қарайды және поэзия жазады. Туындысының бірі - «Ты не жалей что пожилой» деп аталады. Лидия Дмитриеваға адал еңбегі үшін алғыс айтып, оған гүл шоғымен сыйлық табыс етілді.

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз