Қазір жүз жасаған көзі тірі қариялар кемде-кем. Сондай жандардардың бірі - Көкпекті ауылының тұрғыны Бағила Данақызы. 6 қараша күні ғасыр жасаған әжені аудан әкімі Серікққазы Садуақасов арнайы құттықтап, барып қайтты. 

Ғасыр ғұмырды еңсерсе де, еңсесін түсірмей, ширақ қимылдайтын Бағила апа - 6 ұлынан тараған 13 немере мен 22 шөбере, 2 шөпшектің әжесі. Ұрпақтары - -еңбегімен елге абыройлы, ортасына сыйлы болып отырған үлгілі шаңырақ. Көкірегі қазына, жүрегі жылылыққа толы әженің ұзақ өмір жасауының құпиясы да осы шығар – ата-анасын жерге қаратпаған бала бар, ұлағатты ұрпақ бар. Ал қариясы бар үйдің қазынасы бар екені баршаға аян.

Толығырақ...

Айлары асығыс, күндері қауырт өтіп жатқан қоғамның мейірім мен қайырымға, аялы алақанға мұқтаж екені жиі байқалады. Тағдыр жазуымен егде жаста жалғыз өмір сүруге мәжбүр қарттар мен дерттері жас талғамайтын мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де ыңғайлы, біртұтас ағзадай жүйелі жағдай жасау – біздің қоғам алдында тұрған маңызды міндет. Олар әрқашан жалғызілікті қарттарымыздың жанынан табылады. Мүгедектердің мұңын бөліседі. Мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетеді. Мейірімге толы жүрегі мен жылы пейілін ұсынады.

Толығырақ...

«Nur Otan» фракциясының мүшелері аудандық маслихат депутатарының бастамасымен, Самар ауылындағы жеке кәсіпкерлер: Л.Китапбаева, Ж.Токтасынова, А.Бикатова, «Еңбек Агро» ЖСШ-ның басшысы - Құмаров Марат Құсайынұлы , «Тұлпар» шаруа қожалығының басшысы - Сембинов Жәнібек, «Дәншік» бала бақшасының қызметкерлері және №2 аудандық аурухананың кәсіподақ ұйымы ауырып жатқан жандармен дәрігерлерге қолдау көрсетіп, қымыз, азық – түлік, құнарлы тағамдар, көкеністер мен жемістер , қой еті, тағы да сол сияқты тағамдар беріп, көмек көрсетуде. Облыстық «Senim» денсаулық сақтау жұмыскерлерінің салалық кәсіп одағы», облыс бірлестігі дәрігерлерге арналған қорғаныш костюмдерді тігуге арналған бұлдар және 50 дана респиратор, бетперделер жіберген екен.

28 қыркүйек күні И. К. Федосов атындағы Самар мәдениет үйінде жеңімпаз жауынгер, Ұлы Отан соғысына қатысушы Бабағұмар Ысқақовтың туыстарына, артында қалған ұрпақтарына «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі салтанатты түрде табыс етілді.
Бұл іс-шара Самар ауылының патриоты, белсенді жерлесіміз, белді кәсіпкер, әлеуетті демеуші, атақты меценат Александр Иванович Федосовтың мұрындық болуымен ұйымдастырылды. Естелік медальді табыстауға арналған шараға аудан әкімі С. Садуақасов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Мұқашев, басқа да қоғамдастық өкілдері қатысты. Кездесу барысында мәдениет үйінің әншілерінің орындауында патриоттық әндер шырқалды. Айымгүл Ыхай мен Лариса Гебель кешті әсерлі жүргізді.
Ардагер ұрпақтары Украина, Ресей, Қазақстанның іздестіру бірлестіктерінің қатысушыларына, А. И. Федосовқа ержүрек әкесі, қайсар атасының жауынгерлік наградасын іздеп, жеткізгені үшін ризашылықтарын білдірді.

Толығырақ...

Жеңістің 75 жылдық мерейтойын мерекелеу аясындағы ең маңызды жаңалықтың бірі - соғыс жылдарында 15 шығысқазақстандық азаматтың неміс басқыншыларына қарсы майдандағы ерен ерлігі үшін сол замандағы ең жо-ғары марапат – «Кеңес Одағының Батыры» атағына ресми түрде ұсынылып, белгісіз себептермен тапсырылмай қалғандығы, бүгінде олардың есімі анықталып, тәуелсіз Қазақстанның ең жоғары марапаты - «Халық Қаһарманы» атағына ұсынылып отырғаны болды. Бұл жағымды жаңалықты облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Шерубаев хабарлады. Облыс әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасына сәйкес аталған батырлары-мыздың есімдері өңірдегі өздері туған қалалары мен мен аудандарындағы білім ордаларына берілмек. Сондықтан да қазіргі уақытта батырлардың есімін беру, олардың туыстарын іздеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.
- Жеңістің 75 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында Қазақстан бойынша 133 адам соғыс кезінде Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылғаны, олардың бәріне де көзі тірісінде бұл атақ тапсырылмағаны белгілі болды. Алайда, тиісті құжаттары, көрсеткен ерліктері марапат қағаздарында толық көрсетілген. Бұл жағымды жаңалық Қорғаныс министрлігінің табанды жұмысының нәтижесінде анықталды. Осы 133 батырдың 15-і – біздің шығысқазақстандық жерлестеріміз. Облыс әкімі Д.Ахметовтың бекітуімен барлығына «Халық Қаһарманы» атағын беру үшін облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментпен бірлесе, тиісті құжаттары әзірленіп, Президент аппаратына жіберілді. Қорғаныс министрлігі де қолдау танытып отыр,- деді Айтқазы Шерубаев.
Оқырмандарымызға ерекше айтарымыз, сол 15 адамның ішіндегі алты жерлесіміздің бүгінде ешқандай туыстары табылмай отырған жайы бар. Сондықтан төменде олардың есімдері мен жеке мәліметтерін көрсете отырып жа-риялауды жөн көрдік. Олар жайында қандай да бір мәліметтер білетіндер болса, аудандық, облыстық ардагерлер кеңесіне хабарласуды сұраймыз.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз