Өздеріңіз білетіндей, құрметті оқырмандар, біз газеттің алдыңғы санында «Көкпекті ауданының Құрметті азаматы» атағымен марапатталған жерлестеріміздің тізімін жариялаған болатынбыз. Ауданның құрметті азаматтар арасында кейінгі ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған біздің айбынды майдангерлер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар да бар.

Толығырақ...

Аудан тұрғындарының туған жерге сіңірген еңбегін дәріптеп көтермелеудің бірі «Құрметті азамат» атағын беру. Бұл мәртебеге қоғамдық өмірдің салаларын дамытуға ерекше еңбек сіңірген тұлғалалар ие бола алады. 

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында, Көкпекті ауданының «Құрметті азаматы» атағы Ұлы Отан соғысының ардагері жасы 92 қараған Ықыласов Мүтәләпқа берілді.
Ықыласов Мүтәләп ақсақал 1926 жылы 20 қазанда Күршім ау-данының, Қаражыра ауылында дүниеге келді. 1944 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылып, соғысқа аттанды. Әскери қызметті 1944 жылы армия генералы И.С.Коневтің басшылығындағы №101 атқыштар полкінде бас-тады. Жауынгерлік жолы Воронеж бағытынан басталып, Кеңес Арктикасын, Балтық Республикалары: Литва, Латвия, Эстония, сосын Чехословакияны босатумен жалғасты. Әскери қызметі үшін «II дәрежелі Отан соғысы» ордені мен «Германияны жеңгені үшін» медалі, сондай-ақ барлық мерейтойлық медальдармен марапаттаған.
Кешегі елдің азаттығы мен жұрттың тыныштығы үшін болған ұлы майдан, қанды жорықтың куәгеріне берілген бұл атақ Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне деген зор құрметіміз бен алғысымызды көрсеткендей.

Толығырақ...

Қазақстанда ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландырудың мемлекеттік бағдарламасының бекітілгеніне осымен үшінші жыл, ол 2004-2009 жылдары қарыз алған күрделі ипотекалық кредит алушылардың жалғыз тұрғын үйін сақтап қалуға бағытталған. Бағдарлама бойынша сыйақы мөлшерлемесі бұрын-соңды болмаған 3% құрады. Бағдарламаның мақсатты тобының шарттылығы сонда, 2008-2009 қаржылық дағдарыс жылдары қазақстандықтар жұмыстарынан айырылды, бизнес кіріс әкелуді қойды және қарыздарды өтеу мәселесі алда тұрды.
Ипотекалық нарыққа қосымша жүргізілген мониторинг, ағымдағы экономикалық ахуалдың осал жері валюталық ипотекалық қарыз алушылар болып табылатынын көрсетті, себебі валюталық бағамдардың ауытқуы олардың қарыз мөлшеріне әсер етті.

Толығырақ...

9 қараша күні Преображенка орта мектебінде профилактикалық әңгімелесу өтті, оған 42 ата-ана, 19 мектеп мұғалімі және Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округінің участкелік инспекторы А. Қасымов қатысты. Күн тәртібінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу және балалардың жол-көлік оқиға-ларының жарақаттарының алдын алу мәселелері талқыланды. Жиын мектеп директоры Г.Қарым-сақованың кіріспе сөзімен ашылды.

Толығырақ...

Дәстүр бойынша қазан айы бүкіл әлемдік халықаралық қарттар күнін атап өтеді. Қарияларға қамқор болу – барша қоғамның және біздің міндеттеріміз. Бұл күндері біз әріптестерімізге, ата-аналарымызға және зейнеткерлік жастағы барлық адамдарға құрмет білдіреміз. Қарттарымыздың ағарған шаштары халқымыздың даналығы мен тәжірибесін сақтауда. Олар еліміздің гүлденуіне көп күш-жігерлерін жұмсады. Тәуелсіз еліміздің нығаюына үлес қосты. 12 қазан күні қарияларға арналып Үлкенбөкен ауылы әкімшілігінің бастамасымен үлкен мереке өткізілді. Мерекелік дастархан басына жиналған қарттарымыз ән айтып, би билеп көтеріңкі көңіл-күйде отырды. Қарияларымызға зор денсаулық, ұзақ өмір тілей отыра, зейнеткерлеріміздің мемлекет назарынан еш уақытта тыс қалмайтынына кәміл сенеміз. Ауыл орталығындағы Жеңіс саябағында орналасқан субұрқақтың ашылу салтанатына қатысқан қарттарымыз ауыл тұрғындары үшін жасалып жатқан игі бастамаларға ришалықтарын білдірді. Мерекелік дастарханды ұйымдастыруға демеушілік жасаған шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлерімізге алғысымызды білдіреміз. Қарияларымызға ұзақ өмір, қадірлі қарттық тілейміз.

Қ.Баймолдина, клуб меңгерушісі

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз