«Тігіншілік - менің сүйікті кәсібім деп сыр шертеді өз ісінің нағыз шебері Алмагүл Абухан.
Менің бүгінгі кейіпкерім Алмагүл бала кезден тігіншілікке жақын болды. Өйткені, оның анасы да осы кәсіпті жетік меңгерген кісі. «Шеше көрген тон пішер» деп бекер айтылмаса керек. Сол кішкентайынан анасының жанында отырып, көп жайға қаныққан Алмагүл өсе келе, яғни болашақта тігінші болсам деп армандайтын.
Тұлымы желбіреген елгезек қыздың таудай талабына айналасындағылар таңданыстарын білдіретін. Өйткені, ол әлі мектеп оқушысы болса да он саусағынан өнері тамған ісмер еді.

Толығырақ...

Қазіргі кезде не көп далада қаңғырған ит көп. Ең қорқыныштысы олар айналасына қауіпті болуы мүмкін. Әр жер бұл мәселені өзінше шешуде. Біздің ауданымыздағы көше кезген қаңғыбас иттер мәселесі өзекті тақырыпқа айналғалы көп болды. Үлкен дауға айналған бұл мәселе біздің ауданда, әсіресе Көкпекті ауылында етек алуда.
Халқымыз жеті қазынаның бірі санаған ит атаулының бүгінде қадірі кетіп, құты қашты. Себебі қазір құмай тазы, жүйрік ит деген сөздерге қарағанда, қаңғыбас ит деген сөз тілімізге жатық болып кетті. Өйткені, иесіз жүрген ит көп. Көше-көшені кезіп, әр ауланы аралап жүрген иттер адам баласы үшін қауіпті тіршілік иесі атанып отыр. Олардың көзін жою үшін қандай шаралар қолға алынуда?
Осы мәселеге байланысты Көкпекті ветеринария бөлімінің басшысы Ербол Төлешов былай дейді:

Толығырақ...

Ұстаз деген сөз біз үшін қашанда қадірлі де қасиетті саналады. Небір данышпан да, қарапайым еңбек адамы да осы ұстаз алдынан өтеді. Ал ұстаз болу кез-келген адамның қолынан келе бермейтін іс. Сондықтан осы құрметті атаққа кір келтірмей, бар саналы ғұмырын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру жолында сарп еткен ұлағатты ұстаздар арамызда аз емес. Сондай жандардың бірі, қарапайым ұстаздықтан директорлыққа дейін көтеріліп, осы салада табаны күректей 30 жыл абыройлы еңбек етіп келе жатқан Әділбек Оразғалиұлы Каусовты аудан жұртшылығы тәжірибелі ұстаз, білікті басшы ретінде жақсы таниды.

Әділбек Каусов 1961 жылы 26 шілдеде Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылында дүниеге келген. Семей қаласының пединис-титутынан қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мамандығын алып шығады. Тынымсыз еңбегі мен жауапкершілігінің, білімі мен біліктілігінің арқасында ол қарапайым ұстаздықтан мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, мектептің директоры болып тағайындалады. Өзі алғаш еңбек жолын бастаған осы білім ошағында 30 жыл қызмет атқарса, соның 24 жылында мектеп директоры болды.

Толығырақ...

2019 жылғы 26-27 ақпан аралығында ауданымызда, сондай-ақ бүкіл республика бойын-ша көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау бойынша «Көктем-2019» командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізіледі.
Оқу-жаттығуға жергілікті азаматтық қорғау қызметтері, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары қатысты. Оқу-жаттығу шеңберінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылы және хабарландыру мәселелері пысықталды, практикалық су тасқынына қарсы іс-шаралар (қарды жинау және шығару, арықтарды тазалау, қаптар дайындау т.б.), азаматтық қорғау құрылымдары күштерінің және халықтың су тасқыны орын алы мүмкін кезеңдегі іс-әрекеттері бойынша арнайы-тактикалық жаттығулар өткізілді, сондай-ақ азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аумақтық және салалық кіші жүйелерінің жұмыс істеу режімін көктемгі кезеңдегі ТЖ қаупі мен туындауы кезінде міндеттерді орындауға Жоғары дайындық режіміне көшіру.

Толығырақ...

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай бірқатар жерлестерге «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағы берілгенін жазған болатынбыз. Мереке күндері Ұлы Отан соғысының ардагерлері Петр Цепков пен Семен Винниковқа «Құрметті азамат» төсбелгісі  мен куәлігі табыс етілді. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Насырбайұлы мен маслихат хатшысы Талғат Сарманов соғыс ардагерлерінің үйіне арнайы барып, аудан басшысының атынын құттықтады.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз