Елімізде 2009 жылдан бері ауылға жас мамандарды тартуға арналған «Дипломмен ауылға» жобасы жұмыс істейді. Аталған бағдарламаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендердегі денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешені салаларында мамандарының кадрлық тапшылығын жоюға бағытталғаны белгілі. Бастапқы жобада тек әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау ғана көзделген болатын. 2012 жылдан бастап жоба ветеринария мамандарымен (ветеринария дәрігері, ветеринария фельдшері, ветеринария технигі) толықтырылды. 2015 жылы агроөнеркәсіп кешені мамандарының қажеттігіне байланысты жобаға агроном, зоотехник, балық өсіру маманы, технолог, инженер-технолог және фермер мамандықтары енгізілді.

«Дипломмен – ауылға» жобасында түлектерге жүктелер үміт үлкен, сенім мол және де үмітті іркілтпей, сенімді сапалы ақтауы парыз. Бұл жастар қауымының еліміз еркіндік алғалы бергі елді дамытуды көздеген алғашқы қарқынды қадамы болмақ. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихында жастардың ойып тұрып орын алуға тамаша мүмкіндігі туды. Ауыл қайнаған тіршіліктің ортасы, сезіне, түсіне білген адамға үлкен мектеп.

Толығырақ...

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, 1-тармағына, 20) тармақшасына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына, «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының келесі санаттағы тәрбиеленушілерді тегін тамақтандыру қамтамасыз етілсін:
1) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
2) даму мүмкіндігі шектеулі балаларға, мүгедек балаларға;
3) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен көп балалы отбасылардан шыққан балаларға заңды өкілдерінің шығындарын (ата-аналардың тамақтануға ақы төлеуі) өтеу ұйымдастырылсын.
2. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбие-ленушілеріне шығындарды (ата-аналардың тамақтануға ақы төлеуі) өтеу мынадай растайтын құжаттар ұсынылған кезде ұйымдастырылады:
1) ата-анасының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың еркін нысандағы жазбаша өтініші;
2) отбасыларында тәрбиеленетін жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқоршылық (қорғаншылық), патронаттық тәрбиені бекіту туралы анықтама көшірмесі;
3) мүгедектер және бала кезінен мүгедектер үшін мүгедектігі туралы анықтама немесе даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін психологиялық – медициналық - педагогикалық консультацияның медициналық қорытындысының көшірмесі;

Толығырақ...

Президенттік жастар кадр резервіне өтінімдерді қабылдау басталды. Құжаттарды қабылдау үшін автоматтандырылған онлайн-платформа іске қосылды. Онлайн-платформаны қолдану жеңіл әрі өте ыңғайлы. Үміткер сайттың басты бетінде Президенттік жастар кадр резервінің іріктеуіне қатысты мағлұматты инфографика арқылы біле алады. Онда іріктеуге кімдер қатыса алатындығы, уақыты мен іріктеу кезеңдері жазылған. Тіркеу тәртібі барынша жеңілдетілген.

Толығырақ...

Төлқұжатында – Шәкен Оразбекова. Былайғы жұрт Шәкен десе танымай қалар ма еді? Кім білсін?! Ауылдастары арасында «Шура тәтей» болып сыйласқан. Бір басына бірнеше есім тоғысқан Шәкен – Жар, Шәкен - Ана, Шәкен - Әже! Жолдыбай ауылында кіндігі кесіліп, өмірі Шегелекте өткен кейіпкеріміз жетпістің желкенін керді десе кім сенеді?!
Халқымыз қашанда дария көңіл, кең кеуде қарттарымен мақтана білген. Ақсақалы мен ақ шашты ананы қадірлегені соншалық, ақ киізге орап, көтерген екен. Бүгінде біздің аталарымыз бен аналарымыз да сондай құрметтен кенде емес. Солардың бірі Шегелек ауылының тұрғыны 1941 жылы 17 тамызда Жолдыбай ауылында әкесі Рысбек пен мен анасы Жансарының бәтуәлі шаңырағында дүниеге келген. Шәкен апа отбасында 5 ағайынды, солардың ішінде қыздардың кенжесі болды. Әрмен қарай Шәкен апаның өмірі Шегелек ауылында жалғасып сала берген.

Толығырақ...

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына, 69 бабының 4 тармағының 7-1) тармақшасына, 71-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Совместное предприятие «Джумба» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 05-244-044 есеп кварталының (бұрынғы «Мариногорский» кеңшары) босалқы жерінен жалпы көлемі 1176,0 гектар жерде пайдалы қазбаларға барлау жүргізу үшін 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін жария сервитут белгіленсін.
2. «Совместное предприятие «Джумба» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі пайдалы қазбаларға барлауды аяқтағаннан кейін бұзылған жерлерді қалпына келтіруді жүргізсін.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз