Салық жүйесі – мемлекеттің қаржылық қуатының басты тірегі һәм негізгі кіріс көзі. Сол арқылы мемлекет өзінің көптеген қоғамдық-әлеуметтік, саяси-экономикалық мәселелерін шешіп, азаматтарына жағдай жасап, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сондықтан азаматтарынан салық алмайтын мемлекет жоқ. Оның ішінде әр аймақ, әр аудан салық базасын ұлғайту шараларын үздіксіз ұйымдастыруға күш салатыны анық. Ал біздің ауданда бұл бағыттағы ахуал қандай? Осы ретте Көкпекті ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Талғат Қабиұлы Қаймулдиновпен сұхбаттасқан едік.

- Өткен жылы салық түсімі туралы айтып беріңізші.
- 2019 жылдың 12 айында мемлекеттік бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдер түсімдерінің болжамдық көрсеткіштері 101,4% орындалды (болжам бойынша 1 959199,0 мың теңге, нақты түскені 1 986 665,0 мың теңге).
Өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 132,8% құрады (2018 ж. 12 айында - 1 496 277,2 мың теңге, 2019 ж. 12 айында -1 986 665,0 мың теңге). 2019 жылдың 12 айында республикалық бюджет болжамы - 563 231,0 мың теңге, нақты түсім 750 667,6 мың теңгені немесе 133,2% құрады.
Өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны-178,2% (2018 ж. 12 айы-421286,8 мың теңге, 2019 ж. 12 айы-750667,6 мың теңге).
2019 жылдың 12 айында құзыретіндегі жергілікті бюджет болжамы 1 213 756,0 мың теңгені құрайды, нақты түсімдер 1 235 997,9 мың теңгені немесе 101,8% құрады.
(2018 жылдың 12 айында – 1 074 991,2 мың теңге, 2019 жылдың 12 айында - 1 235 997,0 мың теңге түсті).
2019 жылдың 12 айында аудандық бюджет болжамы 1 164 503,7 мың теңге, нақты түсім 1 181 319,5 мың теңгені немесе 101,4% құрады. Аудандық бюджеттің өсу қарқыны – 115,5 % (2018 жылдың 12 айында түсті -1 022 383,2 мың теңге, 2019 жылдың 12 айында -1 181 319,5 мың теңге).
- Салық төлеушілер саны туралы не айтуға болады?

Толығырақ...

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға жәрдемақы көбейіп, табысы аз отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмек беру тәсілі өзгергені баршаңызға аян. Осы тұрғыда аудан көлемінде қандай жұмыстар жүргізіліп жатқандығы бойынша Жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы Н.Сүлейменов баяндап берді.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тәсілдері енгізілді. 2020 жылдан бастап 4 және одан көп бірге тұратын кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасыларға және 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу орындарында оқитын студенттерге отбасының жиынтық табысына қарамастан зейнетақы төлеу орталығы арқылы мемлекеттік жәрдемақы төленеді:
4 баласы барларға- 42500 теңге;
5 баласы барларға- 53125 теңге;
6 баласы барларға- 63750 теңге;
7 баласы және одан да көп баласы барларға- 73375 теңге.
2020 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларына кепілдендірілген мемлекеттік әлеуметтік пакет беріледі. Кепілдендірілген мемлекеттік әлеуметтік пакет алушы 697 балаға барлығы 44248,0 мың теңге қаржы бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен - 11,3 млн. теңге, аудандық бюджет қаржысынан – 32,9 млн. теңге, атаулы әлеуметтік көмекке - 17, 3 млн. теңге.
Яғни, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға ай сайын азық-түлік пакеттері, тоқсан сайын гигиеналық құралдары (тіс щеткасы, тіс пастасы, балалар сабыны, балалар сусабыны, тағы басқалары) беріледі.

Толығырақ...

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 56-бабы 1-тармағының 3) тармақшысына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 4-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің келесі санаттары үшін тегін тамақтандыру ұйымдастырылсын:
1) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
2) даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға, мүгедек балаларға;
3) көпбалалы отбасылардың балаларына;
4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға.
2. Тегін тамақтандыру мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиенушілеріне мынандай растайтын құжаттарды ұсынған кезде ұйымдастырылады:
1) ата-анасының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың еркін нысандағы жазбаша өтініші;
2) отбасыларда тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін қамқорлықты (қорғаншылықты), патронаттық тәрбиені бекіту туралы анықтаманың көшірмесі;

Толығырақ...

2019 жылдың 24 желтоқсанында Самар ауылдық округінің Қоғамдық Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жергілікті қоғамдастық мүшелері округтегі өзекті мәселелерді, алдағы іс-шаралардың бағдарын талқылады. Аудан басшысы өз жұмысында Қоғамдық кеңестің, ақсақалдар кеңесінің пікіріне сүйеніп, белгіленген мақсаттарды дұрыс үйлестіру, қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану үшін олардың пікірлері мен тілектерін ескереді.

Кездесу барысында ең өзекті тақырып болып отырған Самар ауылында су құбыры желісін салу мәселесі болды. Облыстық мәслихаттың депутаты А. Н. Нарожнев, Қоғамдық кеңестің басшысы Е. К. Дюсупов су құбырын қайта құруға бөлінген қаражаттың қомақты, бірақ нәтиже көңіл көншітпейтіні туралы айтып өтті. Самар ауылының барлық орталық көшелері қайта қазылып, мердігер осы жұмысты сапасыз жүргізгені туралы деректер кездесті. Жыл аяқталды, жұмыс тоқтатылды, қаражат жоқ. Осы мәселеге қатысты Асхат Сайдахметұлы түсінік алып, анықтай отыра, жағдайдың толық "бейнесін", жай-күйімен толық танысу үшін, осы және алдағы жоспарлар туралы анық-қанығын білу мақсатында аудан әкімі әлеуетті мердігермен телефон арқылы байланысты. Су құбыры желісін қайта салу нысанының жұмыс сапасы мен қарқынына жауапты азаматтармен кездесу аптаның соңында өтуі тиіс, сол кездесуде олар аудан әкімі мен жергілікті қоғамдастық алдында есеп береді.

Толығырақ...

Аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаиловтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте тиімді жұмысқа орналасу және жастар тәжірибесі мәселесі көтерілді. Аталған тақырып халыққа кеңінен түсіндіруді талап ететіндігі атап өтілді. Осы мақсатпен біз жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы Елдос Увалиевпен сұхбаттасқан едік. 

- «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы нені білдіреді және ол не үшін қажет?
- Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін бірден жұмысқа орналасу кез келген дипломды маманға мүмкін бола бермейді. Жұмыс беруші көбінесе жұмыс тәжірибесі бар қызметкерді жалдауға мүдделілік танытады. Бұл жағдайда бітіруші түлектерге мемлекет «Жастар тәжірибесі» бағдарламасын жүзеге асыра отырып, көмекке келеді. Жастар іс-тәжірибесі білім беру ұйымдарының түлектері өз мамандықтары бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін жинауына бағытталып ұйымдастырылады,
- Бұл бағдарлама кімдерге арналған?

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз