Самар ауылының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Н.И.Чумаков үшін биылғы жыл мерейтойлы болды. Қаңтар айында  қарт жауынгер өзі майдан жолын бастап, ең алғаш рет сұм фашистке аяусыз соққы беріп, бетін қайтарған Курск доғасындағы шайқастың 70 жылдығына орай мерейтойлық медальмен марапатталған еді. Енді, міне, Николай Иванович сәуір айының 19-ы күні өзінің 90 жасқа толған мерейлі күнін атап отыр.  Бұл күні Чумаковтардың үйіндегі телефонға таң атқалы бері тыным жоқ. Николай Ивановичті алыс-жақын шет елден туыстары, жан-жақтағы немерелері мен шөберелері, ауылдастары құттықтап жатыр. Ал, ең басты құттықтауды Николай Иванович облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевтың және аудан әкімі Дүйсенғазы Мусиннің атынан алды. Облыс және аудан басшыларының атынан құттықтау мен сыйлықты Көкпекті аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Оразғалиева, ардагерлердің аудандық кеңесі төрағасының орынбасары Н.Шалова тапсырды. Сонымен бірге, Самар ауылдық округінің әкімшілігі де ардагерді мерейтойымен құттықтады. «Сіздің Ұлы Отан соғысындағы ерлік істеріңіз жоғары марапаттарға ие болды, тарих шежіресіне жазылып қалды. Жауынгерлік және еңбек жолыңыз зор құрметке лайық, өскелең ұрпаққа үлгі. Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін», - деп жазылған облыс әкімінің құттықтау хатында. Николай Иванович соғыс ардагері болса, жұбайы Полина Наумовна тылдағы ерен еңбегі үшін марапаттарға ие болған. Ол ер-азаматтарды жоқтатпай, тіпті, соғыс аяқталған соң да ұзақ жыл тракторшы болған. «Уақытпен санаспай еңбек еттік, егін егіп, бидай ордық, шөп шауып, жер жырттық», - дейді ол. Оның да кеудесінде түрлі медальдар жарқырайды. Бүгінгі күні қос қария бір-біріне сүйеніш болып, қадірлі қарттықты бастан өткеруде. Үй іргесінде тұратын қыздары Л.Архангельская дастархан жайып, келетін қонақтардың қамын жасауда.

«Бейбіт өмірге тәубе. Енді соғыс болмасын, қан төгілмесін. Ал, ондайды тілейтіндерді Құдай жазаласын. Тек жақсылықтар бола берсін», - дейді Н.Чумаков.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

 

Жұбандық Болғанбаев атындағы орта мектепте тимуршылар командалары жүйелі түрде жұмыс істейді. Әр сынып бөлмесінде: «Құрметті сынып жетекшілері, оқушылар! Ардагерлерді ұмытпаңыздар, олар сіздердің көмектеріңізге зәру» деген ескертпе ілініп тұрады. Әр сыныпта құрылған командалар ауылдағы соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері, мектептің зейнеткер мұғалімдерін шефтік көмек көрсету үшін бөліп алған.  Берілген кесте бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен Ұстаз ардагерлерге жыл көлемінде әрбір сынып көмек көрсетеді. Олар қыста қар күресе, көктемде үй маңын тазалап, бақшаларын қазып береді. Жалғызілікті қарттарға үйлерін тазалауға да көмек беріп отырады.

Сонымен бірге, оларды мерекелерімен құттықтап, шағын сыйлық беріп, концерттік нөмірлерін арнайды. «Қарты бардың – қазынасы бар» деген, олар да өздерінің бастарына өткені туралы әңгімелеп, өнеге боларлықтай істерін айтады. Жыл соңында командалар атқарылған істері бойынша есеп беріп, фотосуреттер, слайдтар арқылы жұмыстарын қорғайды. Содан кейін қорытынды шығарылып, ең үздік деген команда мектеп әкімшілігі атынан алғыс алады.

Бұл шара мектеп оқушыларының үлкенді сыйлап, ұлттық тәрбие, патриоттық рухта тәрбиеленуінде маңызды орын алады. Қазіргі көктем айында тимуршылардың жұмысы қызып тұр. Олар өздерінің көмегіне зәру апалары мен аталарына сабақтан кейін көмектесу үшін асыға басып бара жатады.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

 

 

 

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз