Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты медициналық маскаға сұраныс күшейді. Көкпекті ауданында бетперде тапшылығын жою үшін шағын кәсіпкерлік иелері іске кірісті. Аудан әкімі жедел штаб отырысында әрбір ауылда қажеттілікті ескере отырып, маска тігуді қолға алуды тапсырған болатын.

Аудан орталығындағы жеке кәсіпкерлердің тұрғындарға қажетті өнімді өздері шығара бастағанын біз бұған дейін де айтқанбыз. Сондай-ақ әрбір ауылдағы тігіншілер жуып, үтіктеп бірнеше мəрте пайдалануға жарайтын бетперде шығара бастады. Кәсіпкерлердің айтуынша, эпидемияға байланысты бетперде тігетін шикізаттың құны еселеп өсіп кеткен. Оның өзі аудан аумағынан таптыра бермейді. Сонда да бұлар өнім бағасын бірқалыпты ұстап отыр. Көбісінің бұдан пайда тауып отырғаны шамалы. Олар қолда барды ұқсатып, қазіргі жағдайға қатысты хал-қадірінше қолдау һәм көмек көрсетпек. Әсіресе, ауылдарда тұрғындарды маскамен қамтамасыз ету жақсы жолға қойылған.

Толығырақ...

Енді, азаматтар «электрондық үкімет» порталы арқылы төтенше жағдай кезеңіне міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына әлеуметтік төлемақы алуға, сондай-ақ жұмыссыз азаматты тіркеуге өтініш бере алады.
Бұған қоса, жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен сервистерді іске асыру кезінде оларды алудың кейбір процестерін де оңайлаттық.
Осылайша, республика тұрғындарының әлеуметтік желілердегі көптеген хаттары мен өтініштеріне байланысты біз әлеуметтік төлемақы (42 500 теңге) алуға электрондық өтініш беру процесін оңайлаттық, атап айтқанда, енді «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы» деген орынды толтыру міндетті емес, өйткені бұл орынды толтыру қиындық туғызатын және, көбінесе, дұрыс толтырылмайтын.
Ашып айтқанда, енді пайдаланушыға «Мазмұны» деген орында «Төтенше жағдай кезеңіне міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына әлеуметтік төлемақы беру» деп көрсету/таңдау жеткілікті, кейін қажетті өңірді көрсету және ең бастысы, қызмет алушыларда еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалардың тиісті бөлімін (орталық аппарат немесе өңіріңіздегі бөлім) дұрыс және нақты таңдау қажет.

Толығырақ...

«Көп жасаған қария – ақылы теңіз дария» демеуші ме еді? Сондай ақылы дария аналардың бірі – Шұғылбай ауылының тұрғыны Гүлбану Бүрлібаева.
Гүлбану Бүрлібаева 1928 жылы 9 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылында дүниеге келген. Балалық шағы сол кездегі азамат соғысымен сәйкес келсе, жастық дәурені Ұлы Отан соғысы кезінде өтті. Асыл жары Қалиасқар Тоқашев 1916 жылы туған, сауатты, арабша жетік меңгерген адам болыпты. Арғы ата-бабалары қуғын-сүргін кезінде Қытай асып кетіп, 1960 жылы елге оралған. Туған жерінде еңбек етіп, он баласының аяғынан тік тұруы үшін ауылда қара жұмыстың барлығын атқарып өгізбен балшық басып, кірпіш құйған.

Толығырақ...

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1406 байланыс орталығының жұмысы 24/7/365 тәртібіне көшті. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жиі қойылатын 10 сұраққа Қордың басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов жауап берді.

1. Мен сақтандырылғанымды қалай және қайдан біле аламын?
- Мұндай ақпаратты электрондық үкімет порталынан (https://egov.kz/), ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің (http://dsm.gov.kz/) және Қордың сайтынан (https://fms.kz/), Telegram-бот (https://t.me/SaqtandyryBot) және WhatsApp-тағы чат-бот (+7 700 103 1406) арқылы алуға болады.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін барлық азаматтар МӘМС жүйесінде сақтандырылған болып, медициналық қызметтерді толық көлемде ала алатындығын еске салғым келеді. Азаматтардың қажетті медициналық қызметтерді алуына ешқандай кедергі болмауы керек. Бірақ осы жеңілдік кезеңінде олар сақтандырылып, МӘМС жүйесінің қатысушысы болуы керек.
Еске сала кетейін, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап сақтандырылмаған пациенттерге медициналық көмек көрсетіле береді, бірақ тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында ғана, қалған қызметтер - ақылы түрде болады. Сондықтан, 31 наурызға дейін сақтандырылған мәртебесін алу маңызды.
2. Менің жеке кәсібім бар. МӘМС бойынша жарнаны қалай және қашан төлеуім керек?
- Егер сіз жеке кәсіпкер болсаңыз, МӘМС жарнасын келесі айдың 25-нен кешіктірмей төлеуіңіз қажет. Егер сіз патентпен жұмыс істесеңіз, төлем патент құнын төлеу кезінде жасалуы керек.

Толығырақ...

25 ақпан күні аудан әкімінің орынбасары Ж. Майкеневтің төрағалығымен ауданда көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңейтілген отырыс өтті. Кеңеске бөлім мамандары, ауылдық округ әкімдері, жауапты салалар қызметкерлері қатысты. Қыс жылы және қар көп болды. Бұл көктемгі су тасқыны қаупі аса өткір болады дегенді білдіреді.

Көкпекті ауданы бойынша 2020 жылға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы аудан әкімінің орынбасары Ж.Майкенев баяндама жасады. Ол ауданда алдағы күннің жылынуына және ауылдық елді мекендерді су басу ықтималдығына байланысты төтен-ше жағдайлардың туындауын бол-дырмауға бағытталған бірқатар іс-шаралар жоспарланғанын атап өтті. Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия құрылды, тұрғындарды көшіру жағдайына жоспар әзірленді, оларды орналастыру орындары анықталды, материалдық-техникалық база толы-ғымен қалыптастырылды және жасақталды. Әр округте кезекшілік ұйымдастырылып, тұрғындармен тү-сіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бөгеттерді, көпір-лерді және өзен арналарын нығайтуға дайындық жүргізілуде. Әрбір елді мекенде арықтар мен су бұрғыштарды тазарту бойынша іс-шаралар жүргізіледі.
Көкпекті ауданының ТЖБ бастығының міндетін атқарушы Р.Т.Ахметзаки ауданның авариялық-құтқару қызметтерінің міндеттерді орындау дайындығы туралы баяндады.
- Көкпекті ауданының аумағында ҚР ІІМ ТЖК 2 бөлімшесі бар:Көкпекті ауылындағы № 33 ӨСБ және Самар ауылындағы № 51 өрт сөндіру бекеті. № 33 өрт сөндіру бөлімінің қарамағында 4 мотопомпа бар (1 жылжымалы, 3 жылжымалы емес). № 51 өрт сөндіру постында 3 жылжымалы мотопомпа, 1 моторлы қайық, 1 резеңке қайық бар. Жылжымалы техника да бар: 2 КУНГа, 1 шынжыр табанды тартқыш, 9 өрт сөндіру автоцистерналары.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз