Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Көкпекті ауданының Бастаушы, Биғаш, Миролюбовка, Самар, Үлгілімалшы ауылдық округтеріне әкімдікке кандидаттардың тіркелгендігі туралы хабарлайды:
Бастаушы ауылдық округі:
1) Нурпейсова Гульсара Ануарбековна, 1969 жылы туған, Құлынжон ауылдық округі әкім аппаратының бас маманы, Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Самар ауылының тұрғыны;
2) Отаршина Айнур Баянгалиевна, 1972 жылы туған, Бастаушы ауылдық округі әкім аппаратының бас маманы, Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Бастаушы ауылының тұрғыны.
Биғаш ауылдық округі:
1) Бауедимов Жаркын Айтказинович, 1961 жылы туған, Биғаш ауылдық округі әкім аппаратының бас маманы, Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Көкпекті ауылының тұрғыны;
2) Макенов Азамат Каримович, 1988 жылы туған, Көкпекті ауданының экономика және бюджет жоспарлау бөлімінің басшысы, Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Көкпекті ауылының тұрғыны.
Миролюбовка ауылдық округі:

Толығырақ...

Үкімет халықтың әл-ауқатын арттырып, білім беру мен денсаулық сақтау саласын жақсартуға бағытталған бірқатар мақсатты бағдарламаларды қабылдап, жүзеге асырып келеді. Соның бірі – елді сапалы ауыз сумен қамту мәселесі. Жұртшылық үшін аса маңызды болып отырған ауыз су мәселесін шешу мемлекеттік бағдарламалар аясында қарастырылып жатыр. 

Қай кезде болмасын ауыз судың сапалы болуы маңызды. Су – тіршілік көзі. Халық денсаулығының мықты болуы да таза ауыз судың сапасына байланысты. Жұртшылықтың талап-тілегі біреу. Ол ауыз судың сапалы әрі қолжетімді болуы. Осы жайттар мемлекет тарапынан ескеріліп, мемлекеттік қазынадан қаражат бөлінді. Әр өңір, әр аудан аумақтарынды бағдарлы жұмыстар жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағытта біздің ауданда да айтарлықтай істер атқарылуда.
Осы мақсатта біз ауданда таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы атқарылған және алдағы уақытта жүргізілетін жұмыстар туралы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Т.Бақытбекұлымен сұхбаттасқан едік.
- Ауданда су құбыры желілерінің құрылысы және қайта жаңғырту бойынша қандай жұмыстар атқарылуда?
- «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының «Ақ бұлақ» бағыты бойынша 2018 жылы Теректі, Бастаушы және Көкпекті ауылдарына су құбырларының құрылысы және Көкпекті, Самар су құбыры жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда.
Ауданның ауыз сумен барынша жақсы қамтылған ауылдық округтің бірі – Теректі ауылы. Бүгінгі таңда аталмыш ауыл тұрғындарының 100%-ы сапалы су ішіп отыр. Теректіліктердің мұндай жағдайға жетуіне «Ақ бұлақ» бағдарламасының көп септігі тиді. Теректі, Бас-таушы ауылында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Үкіметі бастаған игі істің жалғасы ретінде қала мен ауылдық елді мекендер тұрғындарын сапалы, таза ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған 2011-2020 жылдар аралығына арналған «Ақбұлақ» бағдарламасы жүзеге асырылып, «Жарма-Құрылыс Газ» ЖШС-ның тиянақты жұмыстарының арқасында 171 үйге таза ауыз су кіргізілді. Бастаушы ауылдарында су құбыры жүйесінің құрылысы биылғы жылы аяқталды.
- Бүгінгі таңда ауыз су мәселесін толықтай шешу мақсатында атқарылып жатқан істерге тоқталып өтсеңіз?
- Аудан халқын қауіпсіз таза ауыз сумен қамту мақсатында (Үлкенбөкен, Кұлынжон, Көкжайық, Көкжыра, Аққала, Үлгілімалшы, Мариногорка, Миролюбовка, Көкжота, Ажа, Преображенка) су құбыры желілері құрылысының және Самар, Көкпекті, Раздольное, Қарақол, Қарамойыл, Ақой ауылдарының су жинау құрылғылары қайта жаңғырту жұмыстарының жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары жүргізілді.

Толығырақ...

Кредиттік тарих – бұл Сіздің қарыз алушының досьесі, онда сіздің барлық кредиттеріңіз және бөліп төленетін сатып алу туралы жазбалар бар. Сіз кредитті қашан және қандай сомаға ресімдедіңіз? Ақы төлеу уақтылы болды ма әлде кешіктірілді ме? Басқа банктерге кредит туралы өтініш жасадыңыз ба? Осының бәрі кредиттік тарих базасына енгізіледі.
Қарызды ресімдеген кезде банк Кредиттік бюродан әлеуетті клиент туралы деректерді сұратады. Кез келген банк клиенттің төлем жасау қабілетіне сенімді болғысы келеді.
Кредит беруден бас тартудың ең көп таралған себебі – кредиттер бойынша мерзімін кешіктіріп төлеу, ол кредиттік тарихта көрсетіледі. Сонымен қоса сізде төленбеген айыппұлдар, алименттер бойынша берешек және т.б. болса, сізге кредит беруден бас тартады.

Толығырақ...

Қазақстанда 2020 жылдың наурыз айында жарияланған төтенше жағдай режимі кәсіпкерлер үшін оңай болмағаны рас. Кейбіреулер өз ісін жабуға тура келді, ал кейбіреулері уақыттың жаңа сын-қатерлеріне бейімделді. Мемлекет түрлі қолдау нұсқаларын ұсына отырып, кәсіпкерлерге қолдау білдіруде. Бұл туралы Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Мерей Смағұлов айтып берді.
- Кәсіпкерлер үшін мемлекеттік қолдаудың бір түрі "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі" Басқармасының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 39 қаулысымен бекітілген "Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікті кредит беру бағдарламасы" болды.
- Осы бағдарламаның мақсаты қандай? Ол өзін-өзі ұсына ма?
- Бағдарлама мақсаты – төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты зардап шеккен айналым қаражатын толықтыру үшін, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру(бұдан әрі ШОБ).
ШОБ өкілдері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер (бұдан әрі - ЖК) банктерге өнеркәсіптік шектеусіз 12 айға дейін жылдық 8% -дан аспайтын айналым қаражатын толтыру үшін, несие алуға жүгіне алады. Жеке кәсіпкерлер үшін белгіленген лимит 50 млн. теңгеге дейін, ШОБ үшін - 3 млрд. теңгеге дейін. Несиелік желілер арқылы кәсіпкерлер жаңа несие немесе жаңа қаржыландыру ала алады.
- Қарыз қаражаты неге бағытталуы мүмкін? Қандай жайттар осыған қатысты?

Толығырақ...

Шығыс Қазақстан облысының жедел штабының шешімі бойынша еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қонақтардың қатысуымен діни іс-шараларды (ауызашар және т.б.) және отбасылық мерекелерді (туған күн, той) өткізуге тиым салынған. Сол себепті сіздерден еліміздегі жағдай қалыпты күйге келмегенше діни іс-шараларды және отбасылық мерекелерді өткізбеу керектігін ескертеміз.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз