1 мамыр – Қазақстан халқының ыңтымақ пен бірлік күні. Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.
Мейрам қарсаңында Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебінің ұжымына көпбалалы ана Салтанат Шарипова оқушы қызына киім-кешекпен көмек көрсету туралы өтініш білдірді.
Көкпекті ауданының полиция бөлімінің жеке құрамы бұл өтінішті аяқсыз қалдырмай, оқушы баласына өзі қалаған спорттық кос-тьюм мен аяқ киім, үйіне азық-түлік, балаларына ойыншық сатып алып табыстады. Көпбалалы ана аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне аналық алғысын білдірді.

ШҚО ПД Көкпекті аудандық ПБ баспасөз қызметі

Биыл Чернобыль атом электрстанциясындағы ядролық апаттың орын алғанына 35 жыл толып отыр. Осыған орай ауылдық округ әкімшілігі радияциялық апаттың зардабын жоюға қатысқан ардагерлерді марапаттады. Чернобыль апатына қатысқан жерлесіміз Габдулхай Загиевич Мулюковтың шаңырағына барып, құрмет көрсетті. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұқашев Слямбек Насырбайұлы мен Көкпекті ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Серік Байсеңгіров аудан басшысының атынан құттықтап, Чернобыль оқиғасына 35 жыл толуына орай, дайындалған төс белгісі мен естелік сыйлық табыс етті.

Ауылдық округ аппараты

28 қаңтарда аудандық әкімшілік ғимаратындағы «Ашық әкімдік» кеңсесінде Үлгілімалшы, Көкжайық ауылдық округтері әкімдерінің 2020 жылы атқарылған жұмыстары және ағымдағы жылға арналған жоспарлары туралы халыққа онлайн режимде есеп беру кездесуі өтті. Олардың басты тақырыптары - өткен жылғы жұмыстарды қорытындылау және тұрғындарды мазалаған мәселелерге жауап беру.
Кездесу барысын Instagram желісіндегі "Tolagainews" ақпараттық порталының ресми парақшасында және Zoom сервисі арқылы (арнайы құрылған конференцияның қатысушысы бола отырып) бақылауға болады. Әлеуметтік желілер арқылы тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Эфирге қосылуға мүмкіндігі жоқ тұрғындар арнайы қойылған жәшіктер арқылы жазбаша түрде сұрақтарын жолдады.

Толығырақ...

Қайырымды істер марафоны - көмек пен қолдауға негізделеді. Жомарттық, жақсылық пен қайырымдылық – бұл қоғамға өз үлесін қосуға және басқа адамдардың өміріне оң өзгерістер әкелуге мүмкіндік беретін негізгі құндылық. Аққала мектеп балабақша кешенінің еріктілер тобы «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында ауылдағы зейнеткерге көмектесті. Ауылымыздың қарт кейуанасы Валентина Алексеевнаның ауласының қарын тазалап, көктемгі судың алдын алу үшін арық ашып берді. Игілікті іске қолдау көп. Валентина Алексеевна еріктілерге ерекше алғысын білдірді.

Фархат Озанов,
8 «А» сынып жетекшісі

Қайырымдылық бағытындағы шараларды әртүрлі форматта жасау мақсатында ауылдық округі әкімдігі бірқатар игілікті шаралар атқаруда. Қайырымдылық айлығы аясында ауыл тұрғыны, жалғызбасты зейнеткер К. Оралхановаға, ауылдық әкімшілік атынан 1 тонна көмір берілді.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз