28 қаңтарда аудандық әкімшілік ғимаратындағы «Ашық әкімдік» кеңсесінде Үлгілімалшы, Көкжайық ауылдық округтері әкімдерінің 2020 жылы атқарылған жұмыстары және ағымдағы жылға арналған жоспарлары туралы халыққа онлайн режимде есеп беру кездесуі өтті. Олардың басты тақырыптары - өткен жылғы жұмыстарды қорытындылау және тұрғындарды мазалаған мәселелерге жауап беру.
Кездесу барысын Instagram желісіндегі "Tolagainews" ақпараттық порталының ресми парақшасында және Zoom сервисі арқылы (арнайы құрылған конференцияның қатысушысы бола отырып) бақылауға болады. Әлеуметтік желілер арқылы тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Эфирге қосылуға мүмкіндігі жоқ тұрғындар арнайы қойылған жәшіктер арқылы жазбаша түрде сұрақтарын жолдады.

 

ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБАДЫ
Үлгілімалшы ауылдық округі әкімі Меруерт Малғаждарова өткізген тікелей эфирде тұрғындар тарапынан көптеген тақырыпта мәселелер қозғалды. Көшені жарықтандыру, жол мәселесі, футбол алаңын салу, биылғы жылы қандай инвестиция тартылды, Мамай, Нұра, Сүлеймен ауылдарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету, жас мамандарды жұмыспен қамту тақырыбында ауыл тұрғындары тарапынан сауалдар қойылды.
- Футбол алаңына 2020 жылы 50 мың теңгеге жобалау-сметалық құжаттама дайындалып, спорт бөліміне тапсырылды. Облыстан қаражат бөлінсе, футбол алаңын салатын боламын. Биылғы жылға жос-парлап отырмын. Жобалау-сметалық құжаттамасы да, салынатын орны да дайын.
Мамай, Нұра, Сүлеймен ауылдарында осы уақытқа дейін жарықтандыру бағандары болмаған. Көшені жарықтандыру мәселесі ауылдық округтің салықтық түсіміне де байланысты, себебі 1 млн. 300 мың теңгеге көп жұмыс жасау мүмкін емес. Биылғы жылы қолға алатын боламыз. Мұның бәрі күнделікті күн тәртібінде тұрған мәселе. 2021 жылы Мамай ауылының көшелеріне жарық орнатылады.
Ауыл тұрғынынан келген тағы бір сұрақ Мамай, Нұра, Сүлеймен ауылдарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету туралы болды. Мамай ауылында 2020 жылы 7 млн. 500 мың теңгеге ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жобалау-сметалық құжаттама да- йындалды. 2022 жылға жоспарға қойылып отыр.
- Ал Нұра, Сүлеймен ауылдарына блокты-модульдік станция қойылды. Тек іске қосылмай тұр. Себебі, жер актісі мен техникалық төлқұжаты жоқ. Биылғы жылы бұл мәселе бойынша өзіміздің бюджеттен қаражат бөліп отырмын. Техникалық құжаттарын жасағаннан кейін блокты- модульдік станция іске қосылатын болады.
2021 жылы Үлгілімалшы ауылдық округіне инвестиция тарту мәселесі бойынша асыл тұқымды мал әкелетін шаруа қожалықтары бар,техника сатып алатын қожалықтарымыз бар. Ауыл жастары өте белсенді. Биылғы жылы баз саламыз деген ұсыныстар түсіп жатыр. Ауылдың инвестициясы ауылдағы шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлеріне тікелей байланысты, - дейді округ басшысы
Жол мәселесі тұрғысынан ауылдық округ әкімі: - Ең бірінші, әсіресе, шалғайда жатқан ауыл тұрғындары үшін жол, су, ауылды жарықтандыру мәселелері алдыңғы шепте тұрған мәселе болып табылады. Бастысы жол мәселесі қатты толғандырады. 25 шақырымдық жолға жобалау-сметалық құжаттамасы ауданның тиісті бөлімдеріне тапсырылып отыр. Бұл 25 шақырымдық жолға асфальт төсеу үшін 600 млн. қаражатты қажет етеді. Бұл қаражат республикалық бюджетке жүгініп отырғандықтан, бұл сұраққа нақты жауап бере алмаймын. Бюджеттен қаражат қалай бөлінеді, солай дереу жолды жөндейтін боламын. Ауылдық округтің ішкі көшелерін жөндеу бойынша, былтырғы су тартқаннан кейін, көше жолдары жөндеуді қажет етеді. Жолдарды тегістеп жөндеу үшін тиісті мердігермен келіссөз жүргізілді. Сондықтан 2021 жылы осы жол мәселесі шешімін табады - деп жауап берді.
Көтерілген тағы бір мәселе - ауылдық округте лаборанттың жоқтығы. Ауылымыздың дәрігерлері өте білікті. Ауыл тұрғындарынан ешқандай шағымдар жоқ. Тек осы лаборанттың жоқтығы мәселе болып отыр. Себебі ауыл тұрғындары қан талдауын тапсыру үшін аудан орталығына баруға мәжбүр. Медицина университетін бітіріп келген студенттерді шақырып, ауылға тартудамыз. Ауданнан шалғайда орналасқандықтан, қазіргі уақытта жол мәселесі де өзекті болып отырғандықтан мамандар да алыс ауыл деп, жұмысқа келмейді.
Ауылдық округке болашақта нысан салу бағытында ауыл тұрғындары үшін саябақ орнату жоспарда бар. Демалыс саябағы ауылға қажет. Бұл мәселе алдағы уақыт еншісінде, сонымен қатар қаражатқа да байла-нысты.
Көпбалалы ананың тарапынан келген сауал: - Көпбалалы анамын, тұрғын үй кезегіне тұра аламын ба?
-Барлық құжаттарыңыз толық болуы қажет. Отбасы мүшелерінің атында 5 жылға дейінгі тіркелген үй болмауы керек. Аудандық ТҮКШ бөліміне үй алу үшін кезекке тұруға болады, - деді округ басшысы.
Мамай ауылындағы клуб үйіне жөндеу жұмысын жүргізу бағытында жұмыстар атқарылуда. Ауылдық клуб үйіне бюджеттен 500 мың теңге салынды. Шатырынан бастап жөндеу жұмыстарын жүргізуге, терезелерін ауыстыру үшін барлық есебі жүргізілді. Жаз мезгілінде жөндеу жұмыстары басталатын болады.
Қазпошта қызметі Мамай ауылында жоқ. Тек Үлгілімалшы ауылдық округінде бар. Бұл біздің құзырымыздағы мәселе емес. Ауыл тұрғындарының санына байланысты штат бірлігін Қазпошта акционерлік қоғамы ғана шешеді.
Сонымен қатар, ауылдық округтегі интернет желісі мәселесіне келетін болсақ, 2021 жылдың тамыз айына жоспарда тұр. Биылғы жылы интернет желісі орнатылады.
Ауылдық округ әкімі аталған мәселелер назардан тыс қалмайды деп уәдесін берді.

АУЫЛ КӨШЕЛЕРІНЕ ЖАРЫҚ ШАМДАРЫ
ОРНАТЫЛАДЫ
Бұдай кейін ауыл тұрғындарына есеп беру үшін тікелей эфирге Көкжайық ауылдық округінің әкімі Қайрат Ахметқалиев шықты. Бір сағат көлемінде есеп беру баяндамасын оқып, тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Әсіресе, әлеуметтік желі мәселесі, пандемияға байланысты кітапхана мен клуб үйі жұмыстары қалай жүргізіледі, жол мәселесі, мәдениет саласына көңіл бөлу, спорт зал қашан ашылады, ауылдағы қаңғыбас иттерге қандай шара қолданылады, көшелерге жарық шамдары қашан орнатылады деген сұрақтарға жауап қайтарды.
- 2020 жылы саулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімімен келіссөз жасалып, тұрғын үй мәселесі шешілген. Бізге 2 пәтерлі 10 үй салу тапсырма болып берілді. Бұл мәселе бойынша үй салатын кәсіпкер арнайы жер сызбасын салу керек. Келіссөзге отырған кәсіпкер соған байланыс-ты тұрғын үй салудан бас тартты. Дегенмен, осы мәселені шешіп, сол бағытта жұмыстар жасайтын боламын. Тұрғын үй салу биылғы жылдың жоспарында бар.
Пандемияға байланысты кітапхана, мәдениет үйі, фельшерлік амбулатория, полиция инспекторы - бәрі әкімшілік ғимаратының ішінде қамтылған. Кітапхана ашық болды, бірақ оқырмандар барлық сақтық шараларын сақтап келіп жүрді.
Жол мәселесіне келетін болсам, 13 шақырым жол үлкен мәселеге айналып отыр. 10 жыл болды, шешімін таппай тұр. Саулет қала құрылысы және құрылыс бөлімімен сөйлестім, жобалау - сметалық құжаттамасы дайын деді. Жол үшін бюджеттен қаражат бөлінсе, іске кірісеміз деп жауап берді. Барлығы қаражатқа байланысты болып тұр.
Мәдениет үйінде қазір 3 қызметкер бар. Мен әрқашан қызметкерлерге тапсырма беремін. Себебі мәдениет саласы, спорт, ауылды абаттандыру, көгалдандыру мәселесі алдыңғы орындағы шешімін табу керек мәселелер болып табылады. Мәдениет саласы бойынша карантин біткеннен кейін де, алдағы уақытта да жұмыстар жасалатын болады.
Жастарға арналған спорт залына көктем мезгілінен бастап жөндеу жұмыстары басталған. Аудан әкімі жөндеу жұмысына бюджеттен қаржылай 1 млн. теңге бөлді. Жөндеу жұмыстары аяқталып қалды. Мамыр айына дейін аяқтап, спорт залды ашатын боламын,-деді округ басшысы.
Тұрғындар тарапынан келген қаңғыбас иттер туралы мәселеге: - Ауыл тұрғындарына иттеріңізді бос жібермеңіздер деп ескерттім. Бос иттің иесіне байлау туралы айтсам, бұл менің итім емес деп ат тонын ала қашады. Мал дәрігеріне оқ дәрімен атылатын мылтық берілген. Бірақ бұл оқ дәрінің шамасы жетпейді. Ауылдағы бос жүрген 30 –ға жуық иттер атылды. Бұл мәселе өте маңызды болып тұр. Алдағы уақытта назарымда болады,- деді ауылдық округ әкімі.
Көкжайық ауылдық округінің көшелеріне жарық шамдарын орнату мәселесі бойынша ауыл әкімі: «Қазіргі уақытта 4 көшеде жарық шамдары орнатылған. Бюджеттен қаражат бөлінсе, ауыл көшелерінің барлығына жарық шамдары орнатылатын болады», - деді.
Көше шамдарының қосылып тұру уақытын ұзарту туралы жалпы бұл мәселе қаржы бөлімінің лимитіне қарай белгілі бір уақытта қосып, өшіріледі. Қыс мезгілінде 4 сағатқа лимит береді, егер бұл қолданылған жарық шамы лимиттен асып кетсе, төлем ақысын өтей алмаймыз. Өз шектеуі бар, соған қарай жұмыс жасалады.
Тікелей эфирде көше шамдарын іске қосуға байланысты сұрақтар көп қойылды. Есеп беруден кейін көше шамдарын орнату мәселесін басты назарда ұстаймын деп, өз сөзін қорытындылады.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз