Қазір жүз жасаған көзі тірі қариялар кемде-кем. Сондай жандардардың бірі - Көкпекті ауылының тұрғыны Бағила Данақызы. 6 қараша күні ғасыр жасаған әжені аудан әкімі Серікққазы Садуақасов арнайы құттықтап, барып қайтты. 

Ғасыр ғұмырды еңсерсе де, еңсесін түсірмей, ширақ қимылдайтын Бағила апа - 6 ұлынан тараған 13 немере мен 22 шөбере, 2 шөпшектің әжесі. Ұрпақтары - -еңбегімен елге абыройлы, ортасына сыйлы болып отырған үлгілі шаңырақ. Көкірегі қазына, жүрегі жылылыққа толы әженің ұзақ өмір жасауының құпиясы да осы шығар – ата-анасын жерге қаратпаған бала бар, ұлағатты ұрпақ бар. Ал қариясы бар үйдің қазынасы бар екені баршаға аян.


- Балаларыңыздың ортасында бақытты да баянды ғұмыр кешіп отырған сіздей аяулы жанды ең бақытты адам деп айтар едім, - деген аудан әкімі Серікқазы Құсайынұлы әжеге денсаулық тіледі, ықылас гүлін ұсынып, сый-сыяпат жасады. Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Насырбайұлы, ауылдық округ әкімінің орынбасары Серік Байсенгіров құттықтау хаттарын оқып, сыйлықтар табыстады.
Ақ дастархан басында жүз жасаған Бағила апа елге ризашылығын айтып, «Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бейбітшілік заман болсын» деп батасын берді.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз