28 қыркүйек күні И. К. Федосов атындағы Самар мәдениет үйінде жеңімпаз жауынгер, Ұлы Отан соғысына қатысушы Бабағұмар Ысқақовтың туыстарына, артында қалған ұрпақтарына «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі салтанатты түрде табыс етілді.
Бұл іс-шара Самар ауылының патриоты, белсенді жерлесіміз, белді кәсіпкер, әлеуетті демеуші, атақты меценат Александр Иванович Федосовтың мұрындық болуымен ұйымдастырылды. Естелік медальді табыстауға арналған шараға аудан әкімі С. Садуақасов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Мұқашев, басқа да қоғамдастық өкілдері қатысты. Кездесу барысында мәдениет үйінің әншілерінің орындауында патриоттық әндер шырқалды. Айымгүл Ыхай мен Лариса Гебель кешті әсерлі жүргізді.
Ардагер ұрпақтары Украина, Ресей, Қазақстанның іздестіру бірлестіктерінің қатысушыларына, А. И. Федосовқа ержүрек әкесі, қайсар атасының жауынгерлік наградасын іздеп, жеткізгені үшін ризашылықтарын білдірді.


Жоғалған медалдің тарихы
1909 жылы туған ержүрек жауынгер, сержант Ысқақов Бабағұмар соғыстың алғашқы күндерінен бастап майданда болды, ең сұрапыл шайқастарға қатысты. Ысқақов Бабағұмар да бауырластар бейітінде бірнеше рет қаза болған деп саналған. Мәскеу түбінде, Смоленскіде, Украин майдандарындағы шайқастарға қатысқан. Ол 396-шы атқыштар полкінің миномет есебінің командирі болған. Ұрыс даласындағы қарапайым жауынгердің ержүрек және батыл әрекеттерінің дәлелі бұл - басқарушы құрамның сенімді жазбалары. Ол «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалін 1943 жылы алды, 1944 жылы ұрыс жағдайында жоғалтты, ал 1946 жылы дубликатын алған.
2019 жылы Батыс Украинаның бір облысының аумағында іздестіру тобының мүшелері 1944 жылғы шайқастарда берілген «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалін тапты, содан кейін ол Ресейдегі әріптестеріне "Белгісіз солдат", "Тарихи-іздестіру бірлестігіне" берілді, онда олар медаль нөмірі бойынша жауынгердің жеке басын, оның жауынгерлік ерліктерін анықтады.
Жауынгерлік награда майдангердің қызы Бақытжамал Бабағұмарқызы Ысқақоваға берілді, ол көз жасын жасыра алмай, баға жетпес жәдігер үшін алғыс айтты.
Аудан әкімі Серікқазы Құсайынұлы Садуақасов айбынды майдангер, елжанды азаматтың ұрпақтарына арнап құттықтау сөз сөйледі:
- Бүгін бәріміз үшін бұл ерекше есте қаларлық күн. Ұлы Отан соғысы майдандарындағы шайқастардың бірінде жоғалған жеңімпаз сарбаздың, майдангер жауынгердің ұрпақтарына лайықты марапатты тапсыру - мен үшін үлкен құрмет. Бұл іс-шараны ұйымдастырған Александр Иванович Федосовқа көп рахмет. Ұрпағына батырдың атына лайықты болуды, денсаулық және барлық жақсылықты тілеймін!
Құттықтауларға Александр Иванович Федосов та қосылды: - Ота-нын қорғаған ұлы жауынгердің, сарбаздың құрметті ұрпақтары! Бабағұмар Ысқақовтың «Жауынгерлік еңбегі үшін» наградасы үш мемлекеттің шекарасынан өткен, енді ол сіздердің қолдарыңызда. Ол - ұлы адам, өз Отанының қорғаушысы болған! Біздің әкелеріміз бен аталарымыздың ерен ерліктері ешқашан ұмытылмайды, олардың қабірлері мен Даңқ мемориалдары мызғымас болады. Сіздерге мықты денсаулық тілеймін, әкеңіздің ерлігін ұмытпаңыздар, онымен мақтаныңыздар! - деді.
Құлынжон кенішінде еңбек еткен Ысқақов Бабағұмар жайлы естеліктерімен балалық шағы жайлы осы елді мекеннен алыс емес жердегі Қоншыбай ауылының тұрғыны, педагогикалық еңбек ардагері, ұлымен дос болған Қ.Н.Есенов те бөлісті.
Б.Ысқақовтың немересі Данияр Ысқақов салтанатты іс – шараны ұйымдастырғандары үшін алғыс білдіріп, атасының ерең ерліктері мен жарқын істерін лайықты құрметтеп, есте сақтайтынын айтты.
Бақытжамал Бабағұмарқызы Ысқақова, жеңімпаз сарбаз, Отан қорғаушының қызы:
- Әкемнің медалін тапқаны үшін іздестіру тобына зор алғыс айтамын. Александр Иванович Федосовқа әскери жәдігерді жеткізудегі тынымсыз еңбегі мен барлық туған-туыстарымыздың кездесуін ұйымдастырғаны үшін көп рахмет! Майдан даласында Отанымызды жаудан қорғаған, соғыстан аман оралып, қоғам игілігі үшін еңбек еткен әкеміз, атамыздың өмір жолы - біз үшін мақтаныш. Біз әкемізді, барлық майдангерлерді, бейбіт өмір үшін, өз өмірлерін аямағандары үшін құрметтейміз. Әрқашан жерімізде бейбітшілік болсын!

Пікір:

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз