Жеңістің 75 жылдық мерейтойын мерекелеу аясындағы ең маңызды жаңалықтың бірі - соғыс жылдарында 15 шығысқазақстандық азаматтың неміс басқыншыларына қарсы майдандағы ерен ерлігі үшін сол замандағы ең жо-ғары марапат – «Кеңес Одағының Батыры» атағына ресми түрде ұсынылып, белгісіз себептермен тапсырылмай қалғандығы, бүгінде олардың есімі анықталып, тәуелсіз Қазақстанның ең жоғары марапаты - «Халық Қаһарманы» атағына ұсынылып отырғаны болды. Бұл жағымды жаңалықты облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Шерубаев хабарлады. Облыс әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасына сәйкес аталған батырлары-мыздың есімдері өңірдегі өздері туған қалалары мен мен аудандарындағы білім ордаларына берілмек. Сондықтан да қазіргі уақытта батырлардың есімін беру, олардың туыстарын іздеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.
- Жеңістің 75 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында Қазақстан бойынша 133 адам соғыс кезінде Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылғаны, олардың бәріне де көзі тірісінде бұл атақ тапсырылмағаны белгілі болды. Алайда, тиісті құжаттары, көрсеткен ерліктері марапат қағаздарында толық көрсетілген. Бұл жағымды жаңалық Қорғаныс министрлігінің табанды жұмысының нәтижесінде анықталды. Осы 133 батырдың 15-і – біздің шығысқазақстандық жерлестеріміз. Облыс әкімі Д.Ахметовтың бекітуімен барлығына «Халық Қаһарманы» атағын беру үшін облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментпен бірлесе, тиісті құжаттары әзірленіп, Президент аппаратына жіберілді. Қорғаныс министрлігі де қолдау танытып отыр,- деді Айтқазы Шерубаев.
Оқырмандарымызға ерекше айтарымыз, сол 15 адамның ішіндегі алты жерлесіміздің бүгінде ешқандай туыстары табылмай отырған жайы бар. Сондықтан төменде олардың есімдері мен жеке мәліметтерін көрсете отырып жа-риялауды жөн көрдік. Олар жайында қандай да бір мәліметтер білетіндер болса, аудандық, облыстық ардагерлер кеңесіне хабарласуды сұраймыз.


Аға лейтенант Сейтказинов Қанапия, 1912 жылы туған, Қазақ ССР, Семей облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылында туған. 1-ші Украин фронтының 3 гвардиялық армия, 414-атқыштар полкінің, 3-атқыштар батальоны командирінің орынбасары болған, 1945 жылы майданда қаза тапқан.
Капитан Гутов Виктор Александрович, 1920 жылы Қазақ ССР, Горно-Ульбинка ауылында туған.186 атқыштар дивизиясының 238 атқыштар полкінің 2-атқыштар батальоны командирінің орынбасары болған. Қаза болған уақыты көрсетілмеген.
Аға лейтенант Қозыбаев Бейсембек 1920 жылы Қазақ ССР, Шығыс Қазақстан облысында туған. 52- атқыштар дивизиясының 100-атқыштар полкінің, 1-атқыштар ротасының командирі болған. 1944 жылы шайқаста қаза тапқан.
Қызыл әскер Трусов Амаргазы Көкпекті ауданынан шақырылған. ПТР артиллерия ба-тальонының 108-бөлімшесінің бронебойщигі. 1943 жылы 21 қарашада Отан үшін Радомольный ауданы, Ленино селосы маңындағы ұрыста батырлық пен ерліктің үлгісін көрсетті.
Капитан Несмиянов Александр Александрович 2-ші Гвардия әскері, 126-Горлов Қызылту дивизиясы, 690-атқыштар полкінің 1-ші атқыштар батальонының командирі. 1944 жылы 8 сәуірде Армиян қаласындағы Полсед ауданында жаудың қатты соққысында жолдас А.Несмиянов ерлік пен батырлық көрсетті. 1944 жылы 11 қа-занда Огельнтов ауданын барлау бойынша жауынгерлік тапсырма алды. Өз батальонымен аталған ауданға шығып, қарсыласқа соққы жасап, жауға үлкен шығын келтірді.
Гвардия лейтенанты Гутовский Виктор Иванович 1-гвардиялық инженерлік батальоны, 14-инженерлік ротасы, 1-взводының командирі. Взвод командирі гвардия лейтенанты В.И.Гутовский 1944 жылдың 14 тамызынан 24 тамызы аралығында взводпен бірге алғы шепте соғыса отырып, 177 жаудың көзін жойды. 82-сін тұтқынға алды. 1945 жылдың 24 қаңтарында взводымен бірге Ови ауданындағы Варта өзенін басып алды.
Осы аталған жерлестеріміздің бәрі қан майданда ұмытылмас ерлік көрсетіп жаумен бетпе-бет ұрыста көрсеткен ерліктері үшін кезінде «Кеңес Одағының Батыры» атағына ұсынылған. Тіпті олардың арасында Зайсан әскери комиссариатынан шақырылған гвардия лейтенанты Виктор Гутовский мен Өскемен қаласынан соғысқа аттанған капитан Виктор Гутов екі мәрте, қазіргі Алтай ауданынан аттанған Несмиянов Александр бұл атаққа үш мәрте ұсынылған. Өкінішке орай, бұл жоғары марапат оларға белгісіз себептермен берілмей кеткен. Енді, міне, Жеңістің 75 жылдығына әзірлік және оны өткізуге дайындық кезеңінде шығысқазақстандық жерлестерімізге жоғарғы атақты беруге ұсынылған құжаттар мұрағаттан табылып олардың ұрпақтары мен туған-туыстары іздестіріліп жатыр.
Құрметті оқырман, отты жылдардан қан-ша алыстасақ та ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды. Бүкіл еліміз бойынша жүріп жатқан «Біз - жеңімпаздардың ұрпақтарымыз» акциясына қатыса отырып, жоғарыда есімдері аталған майдангерлердің ұрпақтары мен туған-туыстарын білсеңіздер Көкпекті аудандық ардагерлер кеңесіне 8 777 9900870 телефоны арқылы немесе аудандық «Жұлдыз-Новая жизнь» газетінің редакциясына хабарласуды сұраймыз.


Аудандық ардагерлер кеңесі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз