2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға жәрдемақы көбейіп, табысы аз отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмек беру тәсілі өзгергені баршаңызға аян. Осы тұрғыда аудан көлемінде қандай жұмыстар жүргізіліп жатқандығы бойынша Жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы Н.Сүлейменов баяндап берді.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тәсілдері енгізілді. 2020 жылдан бастап 4 және одан көп бірге тұратын кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасыларға және 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу орындарында оқитын студенттерге отбасының жиынтық табысына қарамастан зейнетақы төлеу орталығы арқылы мемлекеттік жәрдемақы төленеді:
4 баласы барларға- 42500 теңге;
5 баласы барларға- 53125 теңге;
6 баласы барларға- 63750 теңге;
7 баласы және одан да көп баласы барларға- 73375 теңге.
2020 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларына кепілдендірілген мемлекеттік әлеуметтік пакет беріледі. Кепілдендірілген мемлекеттік әлеуметтік пакет алушы 697 балаға барлығы 44248,0 мың теңге қаржы бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен - 11,3 млн. теңге, аудандық бюджет қаржысынан – 32,9 млн. теңге, атаулы әлеуметтік көмекке - 17, 3 млн. теңге.
Яғни, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға ай сайын азық-түлік пакеттері, тоқсан сайын гигиеналық құралдары (тіс щеткасы, тіс пастасы, балалар сабыны, балалар сусабыны, тағы басқалары) беріледі.


Сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмекке барлығы 207,1 млн. теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен - 189,8 млн. теңге, аудандық бюджеттен - 17,3 млн. теңге. Көпбалалы отбасыларға мемлекет тарапынан келесідей қолдау көрсетіледі:
- көпбалалы аналарға өз ісін ашу үшін жеңілдікпен микрокредит және қайтарымсыз гранттар беріледі;
- микрокредит мерзімі 7 жылға дейін ұзартылады;
Атаулы әлеуметтік көмек табысы аз отбасыларға және көпбалалы отбасыларға төленеді. Яғни, жан басына шаққандағы орташа табыс пен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы арасындағы айырма ретінде төленеді (2020 жылға күнкөріс деңгейі - 30428 х 70%= 21300 теңге - кедейшілік шегі). Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы тағайындаудың критерийі болып қала береді. Егер, еңбекке қабілетті отбасы мүшесі ұсынылған жұмыспен қамтудың белсенді шараларынан бас тартса, онда атаулы әлеуметтік көмек тек оған ғана емес, бүкіл отбасына да тоқтатылады. Сондай-ақ, бала күтімімен айналысатын аналарға балалары 3 жасқа толғаннан кейін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу құқығы беріледі (бұрын 7 жастан кейін берілетін).
Мысалы, бір отбасында 6 адам, әке-шешесі және кәмелетке толмаған 4 баласы бар. Әкесі 60000 теңге еңбекақы алады, балалар жәрдемақысы 42500 теңге, шешесі 3 жасқа дейін бала күтімінде отыр. Орташа табысы: 102500 теңге, жан басына шаққандағы табыстары- 17083 теңгені құрайды (102500/6 адамға=17083, кедейшілік шегі - 21300 теңге, 21300 - 17083= 4217 теңге. 4217х 6 адамға=25302 теңге). Отбасына 25302 теңгеден ай сайын атаулы әлеуметтік көмек төленеді.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында Жұмыспен қамту орталығына атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін 88 адам жүгінді, оның ішінде 82 отбасының құжаттары қабылданып, жергілікті учаскелік комиссияларға жіберілді. Атаулы әлеуметтік көмек төлеу үшін 46 отбасының құжаттарына қол қойылды, оның ішінде, шартты ақшалай көмек 34 отбасына, шартсыз ақшалай көмек 12 отбасына тағайындалды. Бұл бағдарлама бойынша жұмыс әрі қарай жалғасын табады.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз