Аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаиловтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте тиімді жұмысқа орналасу және жастар тәжірибесі мәселесі көтерілді. Аталған тақырып халыққа кеңінен түсіндіруді талап ететіндігі атап өтілді. Осы мақсатпен біз жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы Елдос Увалиевпен сұхбаттасқан едік. 

- «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы нені білдіреді және ол не үшін қажет?
- Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін бірден жұмысқа орналасу кез келген дипломды маманға мүмкін бола бермейді. Жұмыс беруші көбінесе жұмыс тәжірибесі бар қызметкерді жалдауға мүдделілік танытады. Бұл жағдайда бітіруші түлектерге мемлекет «Жастар тәжірибесі» бағдарламасын жүзеге асыра отырып, көмекке келеді. Жастар іс-тәжірибесі білім беру ұйымдарының түлектері өз мамандықтары бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін жинауына бағытталып ұйымдастырылады,
- Бұл бағдарлама кімдерге арналған?


- «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңының 21-бабы, жастар практикасы жұмыссыздар қатарында болып есептелетін білім беру бағдарламаларын іске асыратын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алған кәсібі (мамандығы) бар білім беру ұйымдарының түлектеріне және жасы жиырма тоғыз жастан аспаған азаматтарға арналған.
- Жастар тәжірибесі қалай ұйымдастырылады және қандай ерекшеліктері бар?
- Жастар іс-тәжірибесі уақытша жұмыс орын-дарын құру жолымен ұйымдастырылады және мынадай ерекшеліктері бар: 1) жастар практикасы түлектердің білім алған кәсібі (мамандығы) бойынша оқу аяқталғаннан кейін 3 жыл ішінде бастапқы жұмыс тәжірибесін алу үшін - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылы 31 наурыздағы №162 қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының 65 тармағына сәйкес жүзеге асырылады; 2) жастар практикасына қатысушылардың еңбегіне ақы төлеу республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған табыс көздерінің есебінен жүргізіледі; 3) жұмыс орындарының саны шектелмеген, жұмыс уақытша сипатта болады, оны ұйымдастыру үшін тұрақты және бос жұмыс орындары пайдаланылмайды.
- Жастар тәжірибесіне қатысу үшін қайда жүгіну қажет?
- Ол үшін Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну және келесі құжаттарды ұсыну қажет:
– жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
– еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);
– техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуын растайтын құжаттың көшірмесі.
- Соңғы екі жылда біздің ауданда жастар тәжірибесін жүзеге асыру қорытындылары қандай?
- 2018 жылы білім беру ұйымдарының түлектері қатарынан оқуды аяқтағаннан кейін 2017-2021 жылдарға арналған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасына сәйкес жұмыс берушілерге жастар практикасынан өту үшін 24 қатысушы жіберілді. Оның 16-сы Көкпекті ауданында мамандығы бойынша жұмысқа орналасты, 2-і мерзімді әскери қызметке шақырылды, 5-і тұрғылықты жерінің ауысуына байланысты, 1-і декреттік демалысқа байланысты есептен шығарылды.
Ағымдағы жылғы жағдайға сәйкес түлектердің алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуы үшін жастар практика-сынан өтуге жұмыс берушілерге 20 адам жіберілді. Оның 3-і Көкпекті ауданында мамандығы бойынша жұмысқа орналасты, 1-і мерзімді әскери қызметке шақырылды, 3-і тұрғылықты жерінің ауысуына байланысты, 1-і декреттік демалысқа байланысты есептен шығарылды. Жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбекақысы 25 АЕК мөлшерінде Көкпекті ауданының «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ қаражаты есебінен жүргізіледі.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз