Бүгінгі айлары асығыс, күндері қауырт өтіп жатқан қоғамда барлығымыздың мейірім мен қайырымға, аялы алақанға мұқтаж екеніміз жиі байқалады. Ал тағдыр жазуымен егде жаста жалғыз басты өмір сүруге мәжбүр қарттар мен дерттері жас талғамайтын мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де ыңғайлы, біртұтас ағзадай жүйелі жағдай жасау біздің қоғам алдында тұрған маңызды міндет болатын. Жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісінде әлеуметтік қызметкерлер күні аталып өтеді. Олар әрқашан жалғызілікті қарттарымыздың жанынан табылады. Олардың мұңын бөліседі. Мүмкіндігі шектеулі балаларға, жүйке жүйесіне шалдыққан жандарға көмек көрсетеді. Мейірімге толы жүрегі мен жылы пейілін ұсынады.

Биыл әлеуметтік қызмет көрсету орталығы құрылғанына 10 жыл толып отыр. Осы мерекеге орай Көкпекті аудандық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының басшысы Райхангүл Қапезқызы Баймолдинамен тілдесіп қайттық.

- Райхангүл Қапезқызы, жалпы мекеме қандай бөлімшелерден тұрады?
- Көкпекті аудандық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының барлық жұмысы ҚР «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңына және Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес жүргізіледі. Орталықтың мамандары мен әлеуметтік қызметкерлер қызмет алушылармен жұмысты орталықтың басшылығы бекіткен жұмыс жоспары мен кестеге сәйкес жүргізеді. Мекеменің үш бөлімшесі бар: жалғызбасты қарттарға және мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі мен мүмкіншіліктері шектеулі балаларға және 18 жастан асқан тұлғаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері және мүмкіншіліктері шектеулі балаларға арналған күндізгі келу бөлімшесі.

 

- Ем алушылардың жалпы санын айтып өтсеңіз?
- Қазіргі уақытта мекемеде 218 қызмет алушыға үйде әлеуметтік көмек көрсетіледі, оның ішінде жалғызбасты қарттарға және мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесімен 147 жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге, оның ішінде 1 - ҰОС ардагері, 3 - І топ мүгедектері; мүмкіншіліктері шектеулі балаларға және 18 жастан асқан тұлғаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесімен 57 қызмет алушыға үйде әлеуметтік көмек көрсетіледі. Күндізге келу бөлімшесінде мүмкіншіліктері шектеулі 15 бала бар, оның ішінде 2-7 жас аралығындағылар саны – 4 бала, 8-18 жас аралығындағылар саны – 8 бала, 18 жастан асқандар саны – 3 қызмет алушы. Оңалту шаралары бекітілген кестеге сәйкес сағат 09.00-дан 17.00 дейін жүргізіледі. Қызмет алушылар екі уақыт (түскі ас, бесін ас) тамақтандырылады. Қызмет алушыларды Орталыққа және үйлеріне жеткізу мейіргер және тәрбиешінің қарауында «Газель» автокөлігімен жүзеге асырылады.

- Мүмкіндігі шектеулі баларға көрсетілетін қызметтер жөнінде айтып берсеңіз және қандай мамандар жұмыс істейді?
- Мекемедегі медициналық, оқыту-үйрету, әлеуметтік-тұрмыстық дағдыларын дамыту, психологиялық әсер ету кабинеті, акт залы, массаж жасау кабинеттері, демалыс бөлмелері, ұйықтайтын бөлме, қысқы бақ, емдік дене шынықтырумен айналысу кабинеттері жұмыс жасауда. Кабинеттерде жүргізілетін жұмыстардың барлығы бекітілген жоспар және кесте бойынша мамандармен жүргізіліп отырады. Мекеме қызметкерлері қызмет алушыларға қолөнер бұйымдарын жасауды үйретіп, еңбекке баулиды. Қазіргі уақытта мекемеде 60 қызметкер жұмыс жасауда, олардың ішінде оңалту іс-шараларын психолог, дефектолог, еңбекке оқыту мұғалімі, музыка мұғалімі, ЕДШ нұсқаушысы, массаж жасау жөніндегі мейірбике, педиатр, невропатолог, тәрбиеші, әлеуметтік қызметкерлер сияқты мамандар жүргізеді. Сонымен қатар, біздің орталыққа әрқашан көмек қолын көрсететін демеушілерімізге алғысымыз шексіз.
«Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ қызметкерлерімен және қызмет алушыларымен бірлесе отырып, мерекелік іс-шаралар, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып отырады. «Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ өз жұмысын жалғастыруда, жұмысының нәтижесі қызмет алушылардың бойындағы, дамуындағы оңды өзгерістерден байқауға болады. Алдағы уақытта мекеме өз жұмысын тек жақсы жағынан көрсетіп, биік жетістіктерге ғана ұмтылмақ.
- Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Сұхбатыңызға рахмет!

Әлеуметтік қызметкерлер таңның атысы, кештің батысы бір тыным таппайды. Қамқорлығындағы әр адамға аптасына екі рет соғады. Бір күнде төрт адамның үйіне барып үлгеруі тиіс. Әр үйде 1, 5-2 сағаттай болып, әлеуметтік қызмет көрсетеді. Орталықта жұмыс істейтін маманда да әр баланың көңілін тауып оларға қамқор болады. 

Біздің кейіпкеріміз Дәмелі Ғинаятқызы Сүлейменова. Ол Шұғылбай ауылдық округінде әлеуметтік қызметкер. Бұл қызметпен 15 жыл бұрын танысқан. Содан бері Шұғылбай ауылындағы тыл еңбеккерлері мен жалғызілікті зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық жасайды. Оның күнделікті көмегін олар қажет етеді. Бүгінде Дәмелі 4 ата-әженің көзі мен қолына, 2 баланың досына айналған. Дәмелі Ғинаятқызы тек үй тіршілігіне ғана емес, сондай-ақ ол өзінің қамқорлығындағы үлкен кісілерге моральдық-психологиялық жағынан да көмек көрсетуге тырысады екен. Дәмелі қамқорлығындағы ата-әжелердің әңгімелерін тыңдап, қажет тұста қолдап, пікірлесіп отыратынын да жасырмайды.
Ал орталықтың әдіскері Айнұр Сейттанқызы Раева, Семей қаласындағы Қазақ гуманитарлық-заң университетіндегі «педагогика жане психология» мамандығын аяқтаған. Еңбек жолын 2010 жылы аталмыш орталықта әлеуметтік қызметкер болып бастады. 2013 жылы тарбиеші қызметіне ауысып, 2019 жылдан бастап әдіскер болып еңбек етеді.
Сонымен қатар, Бастаушы ауылдық округіндегі әлеуметтік қызметкер Лаура Талғатқызы Жеңісова. Лаураның жалпы еңбек өтілі 9 жыл, әлеуметтік салада еңбек еткеніне 5 жыл болған. С.Аманжолов атындагы ШҚМУ «Филология» факультетiнде оқыған, жоғары білімді маман. Қазіргі таңда жас маман 3 баланың анасы.
Көкжота ауылында осы салада 2012 жылдан бастап еңбек етіп жүрген Айзада Атарқызы Тлебалдинова өз мамандығын жақсы көретінін айтты. Айзада Атарқызы Көкжыра ауылындағы мүмкіндігі шектеулі 3 баланың екінші анасына айналған. Олармен көптеген жұмыстар атқарып, түрлі байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болған. Атап айсақ, 2018 жылы 10 қазанда Семей қаласындағы «Екі жұлдыз» ән байқауына Бекзат Бұйырған екеуі қатысып жүлделі орынға ие болды. Сондай-ақ, 2014 жылы Омар Бекнұр екеуінің аудан орталығында өткен үлкен іс-шарадан шаңсорғышты қанжығаларына байлаған.
Әлеуметтік қызметкерлермен өткізген бір күнде біз көпшіліктің назарына іліне бермейтін, ерекше кәсіп иелерінің жұмысымен жете таныстық. Олардың жұмысының ауыр да жауапты екенін аңғардық.Иә, жалғызілікті қарттардың жүрегін сыздатқан мұңды сейілту, оны жұбату, көмекке мұқтаж жандардың көңілінен шығу шексіз мейірімді, кең жүректі, темірдей төзімді, үлкен жауапкершілікті қажет етеді.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз