Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарында 2019 жылы 25 қазанда «Отбасы - тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» атты бірыңғай сынып сағатын өткізу тұжырымдасы аясында Көкжайық орта мектебінде де атап өтілді. 10 сынып оқушылары «Менің отбасым - менің жүрегім» тақырыбында ата-аналардың қатысуымен тәрбие сағатын өткізді.

Отбасы - болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы. Тәрбие отбасынан басталады. Отбасының тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға, үлкенге қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу – біздің борышымыз. Ата-ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана - отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы. «Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя» деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Отбасы - жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы мекен. Сондықтан да отбасы - барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады. Адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап отбасының тәрбиесін алады. Ата-ана – өмірдегі ең қымбат адамдар екенін оқушылар түсіне алды. «Отбасылық махаббат үйі» жаттығуы арқылы оқушылар отбасынан алған жылулықтары мен мйірділікті өте жақсы көрсете білді. Сынып сағатын «Үш жұртым, үш бәйтерегім» жаттығуымен аяқтадық. Бұл жатығуды жасатудағы негізгі мақсат оқушыларға тұлға болып қалыптасуына қай жұрттың ықпалы мол екенін жеткізу болды. Жаттығуға ата-аналар да, оқушылар да белсенді қатысты. Оқушыларымызды әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелей алдық деп ойлаймын. «Түп қазығың - Отаның, ар-намысың - тілің, кәусар бұлағың - ұстазың, қамқоршың - әкең, ақылшың – анаң» деген сөздерді қөңілдеріне түйді деп сенемін.

Бутабаева А.Т. Мектеп психологы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз