Елімізде 2009 жылдан бері ауылға жас мамандарды тартуға арналған «Дипломмен ауылға» жобасы жұмыс істейді. Аталған бағдарламаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендердегі денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешені салаларында мамандарының кадрлық тапшылығын жоюға бағытталғаны белгілі. Бастапқы жобада тек әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау ғана көзделген болатын. 2012 жылдан бастап жоба ветеринария мамандарымен (ветеринария дәрігері, ветеринария фельдшері, ветеринария технигі) толықтырылды. 2015 жылы агроөнеркәсіп кешені мамандарының қажеттігіне байланысты жобаға агроном, зоотехник, балық өсіру маманы, технолог, инженер-технолог және фермер мамандықтары енгізілді.

«Дипломмен – ауылға» жобасында түлектерге жүктелер үміт үлкен, сенім мол және де үмітті іркілтпей, сенімді сапалы ақтауы парыз. Бұл жастар қауымының еліміз еркіндік алғалы бергі елді дамытуды көздеген алғашқы қарқынды қадамы болмақ. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихында жастардың ойып тұрып орын алуға тамаша мүмкіндігі туды. Ауыл қайнаған тіршіліктің ортасы, сезіне, түсіне білген адамға үлкен мектеп.


Елбасы Н.Назарбаев өз сөзінде: «Қазір жұмысты қаладан емес, ауылдан іздеу керек, қазір дағдарыс жағдайында бізді асырайтын - ауыл, ауылда жұмыс болу үшін, қаланы асырай алуы үшін жеке шаруаларды, ауыл тұрғындарын, шағын шаруа қожалықтарын қайта қауымдастырып, біріктіру қажет», - деп ашық та анық айтқан болатын.
Қажетті білімді меңгерген, ауылдың абыройын көтеретін, өмірін өзгертетін жігерлі жас болу тиіс.
Аталмыш бағдарламаның ауданымызда қалай іске асып жатқаны туралы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының м.а. Серік Дүйсенбайұлы Байсеңгіров баяндап берді:
- Көкпекті ауданы бойынша «Дипломмен ауылға» жобасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген жас мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну 2009 жылдан бері іске асырылып келеді.

Ауыл өркендесе, еліміз көркейеді. Бұл мемлекеттің жастарға беріп отырған үлкен мүмкіндігі, ертең жоба өз нәтижесін берген уақытта аға буынның жастарға деген көзқарасының өзгеретіні, құрметпен қарайтыны анық. Қорыта айтқанда, жастардың ауылдың тіршілігімен, ондағы халықтың өмірімен таныс болғаны дұрыс. Бүгінгі ауылда қызмет етіп жүрген жас, ертең билік басында отыратын басшы. Ол қабылданған шешімнің қалалық жерде қалай, ауылдық жерде қалай жүзеге асатынын білуі керек. «Көзімен көріп, қолымен ұстап білген» маманды ғана тәжірибелі маман деп атауға болады. Ендеше «Дипломмен ауылға» жобасы кадр біліктілігіне қатысты көзге көріне бермейтін, бірақ маңызы зор мәселелердің шешімін табуға ықпал ететіні сөзсіз.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз