24 маусымда Түркістан облысының Арыс қаласында № 44856 әскери бөлімінің оқ-дәрі қоймасында күшті жарылыс болды. Нәтижесінде екі әскери қызметкер және жергілікті тұрғын қаза тапты. Сол күні 42 мыңнан астам адам қауіпсіз аудандарға көшіріліп, тұрғындардың бір бөлігі жергілікті билік жіберген автобустардан шығарылды. 80-нен астам адам ауруханаға жатқызылды. Бұдан басқа, тұрғын үйлерді қоса алғанда, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің көп бөлігі зардап шеккен. Олардың кейбіреулері толығымен жойылды. Қазіргі уақытта қаланы қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, қала халқының көп бөлігі өз үйлеріне оралды.

 

Арыстағы ағайынға тұрғын үй, азық-түлікпен қатар, құрылыс жұмыстарына көмек көрсету бүкіл Республикалық деңгейде жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Ал осы игі істен шет қалмаған. Көкпекті ауданы 8 шілде күні 3 млн. 265 мың қаржылай, 1 млн. 500 мың азық-түлік, 2 млн. теңге көлеміндегі киім-кешек жинақталған әлеуметтік көмек көлігін жөнелтті. Жеті ерікті жерлесіміз зардап шеккен қаладағы ғимаратты жөндеуге және қалпына келтіру жұмыстарына көмектесуге аттанды. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Талант Бақытбекұлының айтуынша, кейіннен қосымша көмек ретінде 3 адам аттанады. Сондай-ақ сол жерде осы бөлімнің бас маманы Н.Шалбаев жұмыс жасауда. Жұмыстың бірінші кезеңі тұрғын-үйді қалпына келтіру жұмыстарының көлемін бағалау және анықтау.
Қанат Құрманбеков, Самар ауылынан ерікті азамат:
- Біз бұл оқиға туралы естідік. Ол жақтағы отандастарымыздың жағдайы ешкімді бей-жай қалдырмады. Барлық зардап шеккендерге көмек қолы созылып жатыр. Міне, біз де шетте қалмауға бел будық. Адамдарға қалыпты өмірге оралуға көмектесіп, олардың қорқыныштарын ұмыттырғымыз келеді.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз